Арнаулы қолданылатын керамикалық бұйымдар
Арнаулы орындарда пайдаланылатын бұйымдар тобына:
жабынды (черепица), керамикалық құбырлар, жолдық кірпіш
(клинкер), сантехника бұйымдары мен қышқылға, отқа төзімді
бұйымдар кіреді.
1. Жабындық бұйымдарға жататын балшық черепицасы – үй
төбелерін жабуға қолданылады. Черепица иленгіштігі жоғары оңай
балқитын балшықты қалыптап, 950-1000оС-та күйдіру арқылы
алынады. Черепицалар керітпелі штампталған, кертпелі ленталы,
жайпақ (кертпесіз) ленталы, науалы, т.б. түрлі болады. Жайпақ
ленталы черепицаның астыңғы бетіндегі ұстайтын құлағының
тесігінен сым өткізіп, черепицаны үй шатырының торына байлап
бекітеді. Ал кертпелі штампталған жəне кертпелі ленталы черепицалар
шатырдың торы үстіне кертпесі арқылы бір-біріне жалғастыра
бекітіледі. Шатыр құламаларының қиылысқан жеріне науалы түрлі
черепицалар (міндіріледі) орнатылады. Черепицаның ию күшіне
беріктілігі бір шаршы м-ге 70 кг, ол аязға да төзімді.
2. Керамикалық канализациялық құбырлар, металл жəне
темірбетон құбырларымен салыстырғанда, агрессиялы ортаның,
əсіресе өнеркəсіптердің қалдық суларының зардабына төзімді келеді.
Ұзындығы 800-1200 мм, диаметрі 150-600 мм, қабырғаларының
қалыңдығы 20-40 мм; 0,2 МПа-дан кем емес гидростатикалық кернеуге
(қысымға) шыдауы керек; су сіңіргіштігі 1-сорт үшін – 9%, ал 2-сорт –
11%-тен артпауы тиіс. Құбыр – иленгіштігі жоғары, қиын балқитын
балшықтардан тік вакуум-престе қалыпталынады. Құбырларды кейін
құрылыс орындарында өзара жалғастыру үшін, құбырдың ұзындығы
бойынша 60-70 мм-ге тең, ал бір шетінің диеметрі сəл кең жасалады.
Қалыпталынған құбырлардың кең шеті жоғарыға қаратылып, қолмен
вагонеткаға тиелінеді: 16-48 сағатқа дейін табиғи жағдайда, одан кейін
150оС-та кептіргіште құрғатылады. Кептірілген құбыр іші-сыртына
глазурь массасы жағылғаннан соң 1250-1300оС-та, піскенше
күйдіріледі. Қазақстанда керамикалық құбырлар өндірілетін зауыт
Ленгер қаласында.
Достарыңызбен бөлісу: |