4 тақырып Дене шынықтыру сабағы үрдісінде оқушылардың құқықтық тәрбиесін қалыптастыру
Қарастырылатын мәселелер:
Құқықтық тәрбиенің мәні, мазмұны, міндеттері.
Құқықтық тәрбиенің формалары мен әдістері.
Құқықтық тәрбиенің отбасында алатын орны.Үкімет заңдары, олардың тұға тәжірбиесіндегі ролі.
Пайдланатын әдебиеттер: Ж.Б. Қоянбаев, Р.М. Қоянбаев. Педагогика. Астана-1998ж.
Ж. Әбиев, С. Бабаев, А. Құдиярова . Педагогика. Алматы-2004ж.
Е. Сағындықұлы. Педагогика. Алматы-1999ж.
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті. Педагогика. Алматы-2003ж.
Ж.Әбенбаев Тәрбие теориясы мен әдістемесі Алматы 2004
1.Құқықтық тәрбиенің мәні, мазмұны, міндеттері. Оқушының мектептегі өмірі тұлғаның азаматтық қалыптасуының шешуші кезеңі болып табылады. Осы жылдары адамгершіліктің дүниетанымы, сенімдері, ұжымшылығы, тәртіптілігі, өзіне және басқаға талап қоюы, адалдығы мен шыншылдығы, қайрымдылығы мен ұстамдылығы, жігерлігі мен батылдығы қалыптасады.
Бұлардың мазмұнына мемлекет заңдары және қоғамда өмір сүру ерекшеліктерін құрметтеу, қоғам заңдылықтарын бұзуға төзімсіздік, қоғамдық тәртіпті сақтауда енеді.
Құқықтық мәдениет екі тұрғыдан қаралады. Біріншісі кен мәнінде. Бұл құқықтық межелер, құқықтық қатынастар, құқықтық мекемелер әрекетінің ауқымын қамтиды. Екіншісі, тұлғалық педагогикалық және психологиялық мәніне қарау.
Құқықтық мәдениеттіңтұлғалық мәнінде – бұл тұлғаның күрделі, кешенді қасиеттері. Негізіннен тұлғаның құқықтық мазмұны бар әрекеттер мен қылықтарының орындыбағытын анықтайды.
Адамның құқықтық мәдениеті – күрделі. Әңгіме адам, оның санасы, мінез-құлқы, жүріс-тұрысы туралы болғанда көптеген сұрақтар туындайды. Шындығына келсек бұл сұрақтарға педагогика, психология, медетцина, заң т.б. ғылымдар әлі толық жауап бере алмай отыр.
Құқықтық қоғам демакратиялық принциптерге сүйене отырып, әр адамның шығармашылық күштерін, ниетін, ойын, сезімін, ұмтылысын толық және еркін жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Демократияны жетілдіру мемлекетің және қоғамдық өмірдің құқықтық негізін бекітуге тікелей тәуелді. Мемлекет және қоғам өмірінің құқықтық негізін бекіту працесі төмендегідей маңызды шараларды жүзеге асыруды қажет етеді:
заңдылықтарды үздіксіз жетілдіру:
заңның орындалуын бекіту;
қоғамдық тәртіп орнатуға әрбір азамат, бүкіл халық қатынасуы
қажет;
жеке адамамның, бүкіл жұртшылықтың мәдинетін көтеру:
заң қызметкерінің сөз бен ісінің бірлігі, толғасының кіршіксіз таза болуы.
Талантты педагог В. А. Сухомлинскийдің “ қоғамды мазасындандырып отырған құбылыстардың басты себебі мектептегі оқу жылдарындағы зиялылық мұраттарының бирашалығы және қуыс кеуделілігінің негізінде дамып отырған жас өспірімдермен жастар арасындағы маскүнемдік, бұзақылық, уақыттық мағынасыз өткізу деген тұжырымен толық келісуге болады.
Адамның жалпы мәдениеті мен оның құқықтық мәдинетінің арасында тығыз байланыс бар. Құқықтық мәдинет мазмұны жалпы адамзаттық рухани мәдинет мазмұнына енеді, бірақ өзіндік ерекшеліктерін сақтайды.
Қоғамдық орындарда кейбір жастардың тіпті мектеп жасындағылардың былапыт, балағат сөздер айтылуы, адам тұлғасын қорлап, тіл тигізуін куәсі болып жүреміз.
Бірақ көп жағдайда мұндай мінез-құлық және жүріс-тұрыс тәртібі әкімшілік немесе тіпті қылмысты іс – ретінде жазалануы керек екендігін ойланбайды. Дөрекіліктің түрі көп. Мінез-құлық тәрбиесіндегі көп жағдайда сырт көзге бүркемеленіп тұрады, ал оның негізінде заңдылық пен құқықтық тәртіпті терең түсінбеушілік жатады.