8. Лекция сабақтарының жоспары, мазмұны


Құқықтық тәрбиенің формалары мен әдістері



бет47/126
Дата09.12.2023
өлшемі467,89 Kb.
#196062
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   126
Байланысты:
8. Ëåêöèÿ ñàáà?òàðûíû? æîñïàðû, ìàçì?íû

2.Құқықтық тәрбиенің формалары мен әдістері.
Қазіргі кезеңде қоғамның бірте – бірте демократиялық дамуы жалпы білім беретін мектептерде құқықтық тәрбиені зор шеберлікпен, шығармашылықпен ісе асыруды мектеп басшыларынан, мұғалімдерді талап етеді. Сондықтан олар үкімет заңдарының барлық салаларымен жете танысып тәлім – тәрбие жұмыстарында тиімді пайдаланудың үдемелі жолдарын іздестіреді.
Құқықтық тәрбиені замане талаптарына сай жүргізу үшін ең алдымен сынып жетекшілерінің және мектептің озат тәжірибесін терең зерттеп, нәтижесін оқу және тәрбие жұмыстарында ұтымды, жинақты етіп пайдаланудың үдемелі формаларын, әдістері мен тәсілдерін ізестіру қажет.
Республика мектептерінде құқықтық тәрбиенің, кейбір формаларын атауға болады. Олар: құқықтық лекториялар, кинолекториялар, жасөспірімдердің заң тану мектебі, құқықтық білім клубтары т.б.
Құқтық лекториялыр. Мектептерде жоғары сынып оқушылары үшін ұйымдастырылады. Лекториялардың мақсаты – жеткіншектер мен жасөспірімдердің еліміздің заңдарына және халқына құрметсезімін білдіруге тәрбиелеу, құқықтық біліммен қаруландыру, оны насихаттау.
Лекториялардың жоспары бір жылға жасалып, онда лекциялар тақырыптары көрсетіледі. Мысалы:

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы – халқымыздың Негізгі

заңы.

  1. Демократиялық және құқықтық мемлекет.

  2. Жеткіншектік шақ және заң.

  3. Еңбек, азаматтық және қымыстық заңдары.

  4. Жастардың құқығы және міндекттері т.б.



Кинолекториялыр. Әр түрлі жастағы балар үшін ұйымдастырылады. Оқушыларға жас ерекшеліктеріне байланысты түрлі кино филмьдерді көрсетуге болады. Кинолекториялар оқушылардың құқықтық білімін, адамгершілік тәжірибесін байытады.
Жасөспірімдердің заң тану мектептері. Мұндай мектептерді жастар сарайы, жалпы білім беретін орта мектептердің жанынан ұйымдастыруға болады. Негізгі мақсаты – жас түлектерді құқықтық және еңбек, азаматтық және қылмыс заңдары жайлы біліммен қаруландыру. Заң тану мектептерінің оқушылары мұғалімдердің басшылығымен жүргізілетін семинарларға және практикалық сабақтарға қатысады, мектеп оқушыларының арасында құқықтық тәрбие жөнінде “Оқушы”, “табиғат және заң”, “Конституция мемелекеттің негізгі заңы” сияқты тақырыптар бойынша үгіт – насихат жұмыстарын жүргізеді.
Мектептерде құқықтық тәрбиенің басқа да формалары кезеседі. Мысалы: “Құқықтық білім факультативтері”, құқықтық тәрбиенің бір рет жүргізілетін фомалары: лекйия, баяндама, әңгіме, пікірталас, олимпиада, кештер, сайыстар т.б. Осы формаларға сәйкес тақырыптарды құқықтық және адамгершілік тәрбиесі негізінде іріктеп алу және пайдалану керек. Мысалы, лекция тақырыбы: “Қазақстан Республикасы азаматтары міндеттерінің, еріктерінің және құқытарының бірлігі”, пікірталас тақырыбы: “Немқұрайлылық және арамзалық қылық” т.б.
Мектеп жұмысының жүйесінде әр түрлі тәрбие әдістерінің қоладанылатыны әркімге мәлім. Сол әдістердің біразын құқықтық тәрбиеде де пайдалануға да болады. Тәрбиенің жалпы әдістері негізінде құқытық тәрбие әдістері үш топқа бөлінеді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет