2.Эстетикалық тәрбиенің негізгі құралдары , олардың эстетикаллық дүниетанымын қалыптастырудағы рөлі. Эстетикалық көзқарасты тәрбиелеудің негізгі құралы-өнер. Ол шындықты көркем, сезімді қабылданылатын бейнелер арқылы бере отырып және осылар арқылы адам сезімі мен санасына әсер етіп, оның көз қарасын қалыптастыруға жәрдем етеді. Педагогикада эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу тәрбиенің басқа салаларымен тығыз байланысы қаралады. Балалардың ақыл – ой тәрбиесін, зерттелген құбылыстар әсемдігін ашпай жүзеге асыру мүмкін емес. Еңбекке тәрбиелеу – адамдардағы әсемдікті, еңбек мазмұны мен процесін танымай саналы тәртіп пен мінез – құлықты тәрбиелеу мүмкін емес.
Эстетикалық тәрбиенің негізгі құралдары - әдебиет және өнер. Олар зор идеялық тәрбиелік рөл атқарады. Әдебиет пен өнер адамдарды қуанышқа бөлейді, жігерлендіреді, олардың идеялық жағынан баюына игі әсер етеді. Өнер және әдебиет адам санасына белгілі бір көзқарастарды әр түрлі құралдар арқылы (әдебиетте - проза, поэзия; кескіндемеде – жанр, пейзаж; мүсінде – бюст, т.б; музыкада – симфония, ән енгізіледі). Белгілі орыс суретшілері П. А. Федотовтың, В.Г. Перовтың, И.Е Репиннің, И.И. Шишкиннің, И.Н. Левинтанның және қазақ суретшілері Ә.Қастеевтің, М.Кенбаевтың, Қ.Шаяхметовтың т.б. шығармашылығымен байланысты бейнелеу өнері адамдардың тәрбиесіне күшті ықпал етеді.
М. Горький, Н.А. Островский, А.А Фадеев, М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов, С. Мұханов, т.б. еңбектеріндегі адам баласының бақұыты және бостандығы үшін күрескерлердің бейнелері жастарды ұлы ерлікке рухтандырады. Өнер мен әдебиет адам дамуының және рухани өсуінің басты шартарының бірі болып табылады.
Мектеп оқушыларының эстетикалық түсініктері, олардың еңбекке әсемдік тұрғысынан қатынасы, өзіндік белсенді іс - әрекетімен байланысты екенін көрсетеді. Оқушылардың эстетикалық санасының және шындыққа қатынасының ерекшеліктерін білу оқушылар өмірін эстетикалық көзқарас тұрғысында дұрыс ұйымдастыруға көмектеседі.
3. Мектептегі эстетикалық тәрбиенің негізгі бағыттары және олардың