Сөздік ақпараттық топқа лекция, әңгіме, әңгімелеу, өнеге, түсіндіру, дәлелдеу, насихаттау бекерге шығару әдістері жатады.
Бұл әдістердің тиімділігін нақты материалды оқушыларға түсінікті тілде мазмұндай білуге байланысты.
Ұқтыру, машықтандыру тобына кіретін әдістер: үйрету, тапсырма, жаттықтыру, талап.
Бұл әдістер тобына оқушылардың іс - әрекеттері мотивтерінің қалыптасуына мүмкіншілік туғызады.
Ынталандыру және тежелеу әдістер тобына: ынталандыру әдістері (сенім, жағымды баға, мақтау, мадақтаудың түрлері; алғыс айту, әр түрлі сиылықтар, шарапаттар т.б.; тежелеу әдістері (жазалаудың бірнеше түрлері: ұялту, сөгіс,ескерту).
Сонымен топтарда көрсетілген әдістерді құқықтық және құқық тәрбиесіне ортақ десек артық болмайды, өйткені, олардың бірлігі жалпы тәрбие жүйесінде болымды нәтиже береді.
3.Құқықтық тәрбиенің отбасында алатын орны. Үкімет заңдары, олардың тұға тәжірбиесіндегі ролі. Құқықтық тәрбие негізі отбасынан баталады. Адам табиғатындағы жақсының бәрі ең алдымен жанұя ауқымына жұмсалады. Туысқандарымызға, жақындарымызқа қатынасымыз неғұрлым адамгершілікті болса, соғұрлым еңбек және қоғамдық өміріміздегі қылықтарымыз берік және жоғары болады. Өте түсінікті сияқты. Бірақ, тәжірибеде бұлай бола бермейді.
Кішінің үлкенге, шлкеннің кішіге қамқорлығы бұзылса да құқықтық қатынастар басталады. Қарт ата – аналарға қамқорлықтан қашып жүрген азғындар аз ба?
Қоғамдағы тәртіпсіздік пен қылмыстың көзі - маскүнемдік. Азғындықтың құзына итермелейтін жағдайлардың алғы – шарты осыдан басталады.
Педагогикалық тұрғыдан қарағанда жастар арасындағы орын алатын маскүнемдік құбылыстыұң көзі негізінен жанұяда жатыр. Арақ ішіп иегі қалтырап отырған атаны, тарамыс қолымен рюмка көтеріп отырған әжені, қайдан келіп, қайдан тұрғанын білмей сұлап жатқан әкені, арақ ішіп шашы бұрқырап, еліріп, отырған шешені көріп оырған ұл – қыздан не үміт, не қайыр.
Маскүнемдікпен қатар қазір жастар арасында нашақорлық та кездесіп жүр. Маскүнемдікке қарағанда бұл жас ұрпақ өміріне өре қауіпті. Тұлғаның сапалық қасиеттерін тез ыдыратып, адамды хайуандық күйге дейін келтіреді.
Заңды білмеу – құқықтық мәдинеттің елеулі кемшілігі. Әрине, қоғам өмірінде қабылданған заңдылықтардың хабардар болу құқықтық ұғынудың жоғары денгейі, соған сәйкес мінез–құлық пен тәртіпті қамтамасыз ете бермейді. Заң білмеу, оны бұзу жауапкершілігінен құтқармайды. Бұл жерде оқушы заң және құқықтық мәдинет ұғымын шатастырмауы керек. Заң оны оқушы біле ме, білмей ме, оған тәуелсіз қызметін атқара береді. Ал құқықтық мәдинет оқушыдан жан-жақты құқықтық білімдерді талап етеді.
Адамның құқықтық мәдинеті – күрделі психологиялық құбылыс. Бұл құбылыс қоғамның, мемлекеттің көптеген мағызды жағын бейнелейді.
Нақты пайымдауға келмейтін құбылыстарды ұғыну үшін
біз салыстыруды көп пайдаланамыз.
<< Барлығы да салыстыру арқылы танылады >> деген халық даналығы тегін емес. Ұлы орыс педагогі К. Д. Ушинский кез-келген түсіну мен кез-келген ойлаудың негізі салыстыру деген болатын.
Тұлғаны құқықтық мәдинеттінің негізгі тәртіппен мінез – құлық көз қарастары, сенімдер. Бұлар арнайы құқықтық білім мен байытылуы қажет, одан тұлғаның құқықтық қатынасы қалыптасып, түрлі құқықтық жағдайларда тәртібі мен іс - әрекеті реттеледі.
Саналы тәртіппен мінез құлықтарды құқықтық мәдинеттің ірге тасы деп қарасақ, ал көркем өнер мәдинеті онымен қатынастар, сезімдер денгейінде тікелей байланысады. Сезімдер әлемге эстетикалық қатынасарда негізгі роль ойнайды. Әдибетпен өнер ізге өз көркем бейнелері мен әсер етеді, оларды сезім арқылы қабылдаймыз. Өнердің көмегімен, әсіресе, әдебиет арқылы әлемді, қоғамдық қатыныстарды танимыз.. Құқықтық қатынастарды бейнелейтін әдеби көріністерден алатын көркемдік ойлар құқықтық мәдениетті жетілдіруге елеулі дәрежеде ықпал етеді.
Құқықты құрметтеу әділдікті, борышты, жауапкершілікті, заңдылықты, сезіну – адам тұлғасынның жоғарыдан көрінуі. Осыдан келіп заңдылықты сезіну құқықтық мәдениеттің құрамы екендігін түсіну қиын емес. Заңдылықты сезіну құқықтық межелер негізінде, ар-ұжданына сай шешім қабылдауға көмектеседі. Заңдылықты сезіну – ұяттылық. Заңдылықты сезіну мен ұяттылық мораль мен құқықтың мызғымас бірлігінен туындайды.
Мораль адамдарды орынсыз қылықтардан бойын аулақ салуға және қайырымдылық жасауға шақырады. Бұл жеткіліксіз болған жағдайда моральға заң көмекке келеді.