8. Лекция сабақтарының жоспары, мазмұны


-тақырып Дене шынықтыру сабағы үрдісінде оқушылардың эстетикалық тәрбиесін қалыптастыру



бет49/126
Дата09.12.2023
өлшемі467,89 Kb.
#196062
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   126
Байланысты:
8. Ëåêöèÿ ñàáà?òàðûíû? æîñïàðû, ìàçì?íû

5-тақырып
Дене шынықтыру сабағы үрдісінде оқушылардың эстетикалық тәрбиесін қалыптастыру

Қарастырылатын мәселелер:



  1. Эстетикалық тәрбиенің мәні, міндеттері

  2. Эстетикалық тәрбиенің негізгі құралдары, олардың эстетикаллық дүниетанымын қалыптастырудағы рөлі.

  3. Мектептегі эстетикалық тәрбиенің негізгі бағыттары және олардың ұлттық ерекшеліктері.

  4. Тұлғаның жеке басы эстетикасының тәрбиелік мәні.



Пайдаланатын әдебиеттер:

          1. С. А. Ұзақбаева. Балаларға эстетикалық тәрбие берудегі халық дәстүрі. Алматы-1990ж.

          2. Ж.Б. Қоянбаев, Р.М. Қоянбаев. Педагогика. Астана-1998ж.

          3. Ж. Әбиев, С. Бабаев, А. Құдиярова . Педагогика. Алматы-2004ж.

          4. Е. Сағындықұлы. Педагогика. Алматы-1999ж.

          5. Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті. Педагогика. Алматы-2003ж.

1.Эстетикалық тәрбиенің мәні , міндеттері.
Адамдардың эстетикалық сезімдері олардың өмірінде зор рөл атқарады. Оқушыларды әсемдікті көре, түсіне, жасай білуге тәрбиелеу, олардың рухани өмірін байытады, оған ең жоғары рухани ләззатануға мүмкіндік береді. Оқушының әсемдікті және жексұрындықты, сәулеттілік және ұждансыздықты, қуаныш пен ренішті т.б. түсінуіне байланысты, оның саналы тәртібі мен мінез – құлқы айқындалады.
Қазіргі кезде эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу-тәрбие барысының зеиін салуды, күн санап өсіруді талап ететін мәселесі. Біздің қоғам адамына тек қана өнердің емес, еңбек, қоғамдық қатынастар, қоршаған орта, тәртіп, тұрмыс, табиғаттың да әсемдік жағы ықпал етеді.
Оқушыларға еңбек әсемдігін қабылдауды үиретіп, қоғамдық іс - әрекет әсемділігіне сезімталдығын тәрбиелеп, мұғалім балалардың еңбек белсенділігін кеңеитуге дем береді.
Кең ой-өрістілік сөйлеу іс-әрекетінің мазмұнынан сөз өнерін, ақыл-ой еңбегін , шындықтың объективтік жақтарын, көркем сөз сұлулығын, бөліп қарайды. Еңбек іс -әрекетінде еңбек мақсаттары және процесі, оның нәтижесі, сұлулығы ерекше көрсетіледі. Құқықтық іс - әрекетінде қоғамдық мұраттардағы, дамудағы оның ынтасы мен тәртібіндегі сұлулыққа баса назар аударылады. Бейнелеу іс -әрекеті барысында оқушыларға көзге көрінетін әлем, музыкада адам жасаған дыбыс үйлесімділігінің сұлулықтары ашылады. Дене тәрбиесі мәдениеті және гигиена негіздері арқылы бала адам денесінің тән және жан сұлулығын таниды.
Педагогикада эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу тәрбиенің басқа салаларымен тығыз байланысты.
Эстетикалық тәрбиенің өзіне тән міндеттері бар. Олардың бірі – эстетикалық сезімді және эстетикалық қабылдауды тәрбиелеу.
Эстетикалық ұғымды, байымдауды, баға беруді қалыптастыру – эстетикалық тәрбиенің тағы да бір міндеті.
Көркемдікке және сұлулыққа баға беру үшін эстетикалық танымның маңызы өте зор. Эстетикалық таным – бұл өмірдегі, еңбектегі және табиғаттағы сыртқы әдемілік пен нағыз сұлулықтың арасын ажырата білу, өнер шығармаларына жоғары талап қою.
Баланың эстетикалық мәдениеті және белсенділігі тұтас педагогикалық процесте дамиды. Сондықтан оның барлық еңбегі, демалысы эстетикалық бағытта тиімді ұйымдастырылса, ол өз өмірінеәдемілік элементтерін енгізе алады.
Эстетикалық тәрбиенің маңызды міндеті - өнер және әдебиет салаларында балалардың қабілетін, ынтасын және бейімділігін дамыту.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет