8-сынып (А;Б ) Сабақ №1 Күні: Тақырыбы



бет16/17
Дата27.08.2017
өлшемі2,79 Mb.
#29771
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

Сабақ №

Күні:

Сынып:

Тақырыбы: Қазақстанның экологиялық проблемалары

Мақсаты:

Білімділік: Қазақстанның экологиялық проблемаларына сипаттама беру. . Географиялық құбылыстармен, құрылымдарды байқай біліп, сипаттама бере білуге үйрету. Адам әрекетінің әсерімен болатын табиғат компоненттерінің өзгеруі туралы түсінікті дамыту.

Дамытушылық: Оқушыларды тақырыптық карталарды салыстыра отырып Қазақстанда экологиялық проблемалардың қалыптасу жағдайын өздіктерінен анықтауға дағдыландыру. Проблемалық жағдайлар туғызу арқылы оқушы көзқарастарын қалыптастыру.



Тәрбиелік: Қазақстанның тауларының экологиялық проблемалармен таныса келе, оқушыларды қоршаған ортаны қорғауға баулу.Өз отанына деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімдерін арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық

Құрал-жабдықтар: Қазақстанның физикалық картасы, тақырыптық карталар, Қазақстанның физикалық картасы. Қызыл кітапқа кірген өсімдіктер мен жануарлар суреттері.

Сабақтың кезеңдері: 1. Ұйымдастыру кезеңі 4. Бағалау кезеңі

2. Тақырыпты меңгеру кезеңі 5. Үй тапсырмасын беру кезеңі

3. Тақырыпты бекіту кезеңі 6. Сабақты қорытындылау кезеңі

Сабақтың барысы

Кезең

Мұғалімнің әрекеті

Оқушылардың әрекеті




1

Мұғалім оқушылармен амандасады. Сабақта кім бар-жоғын анықтайды. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Оқушылар мұғаліммен орындарынан тұрып амандасады. Сабақта кім бар-жоғын анықтайды.

2

Адам әрекеті нәтижесінде табиғи кешендердің өзгеруі

Адамның шаруашылық әрекеті табиғаттың өзгеруіне әсер ететін ерекше фактор. Адам еңбек пен ақыл ойдың арқасында қоршаған ортаға бейімделумен қатар, оны өзгертеді де. Сондықтан табиғатты өзгерту барысында адамзат оның кейінгі зардаптарын да ескеруі қажет.

Еліміздің тарихындағы ең қайғылы парақтардың бірі - Семей ядролық сынақ полигонының өмірге келуі Алғашқы атомдық жарылыс дауысы 1949 жылы тамыздың 29-ы, таңғы сағат 7-де естілді. Семей ядролық полигоны ауданында 450-ден астам жер үсті және жер асты ядролық сынақтарының өткізілуі нәтижесіндеатмосферағагидросфераға және литосфераға өте үлкен мөлшерде радиоактивті материалдар шығарылды.

Каспий теңізінің экологиялық проблемасы

Табиғи қорларын игеруде де, бұл аудандағы табиғат компоненттерінің өзгеруіне байланысты мынадай проблемалар туындауда:

экологиялық апатты аймаққа жататындықтан, негізгі әрекет етуші Капустин ЯрАзғыр полигонының ұзақ уақыт бойы жұмыс істеуіне байланысты тұрғын халықтардың денсаулығының күрт нашарлауы;

мұнай мен газдың өндірілуіне байланысты тіршілік дүниесінің өзгеруі, балықтардың (бекіре) қырылуы, уылдырық шашатынкөксерке балықтарының кеміп кетуі;

осы теңізге ғана тән (эндемикалық) итбалықтың мезгіл-мезгіл қырылуы;

аңызақ жерлердің шаруашылыққа тигізетін кері әсері (жел эрозиясы).



Аралдың экологиялық проблемасы

Бұл проблеманың тууына себепші болған - адам әрекеті. Ұзақ жылдар бойы Аралға құятын ірі өзендер Әмудария мен Сырдарияның суын теңізге жеткізбей, түгелдей дерлік егістіктерді (мақтакүріш) суландыруға пайдаланылып келді. Буланушылық дәрежесі жоғары болатын шөл зонасында орналасқан теңіз суының көбірек булануы оның тартылуына әкеп соқты. Қазіргі кезде Арал теңізі екі су айдынына Үлкен және Кіші теңізге бөлінген.

Арал теңізіндегі суы тартылған бөліктің ауданы 30 мың км2 жетеді. Ғалымдардың есептеуі бойынша, теңіз табанынан атмосфераға жылына 200 млн тоннаға дейін тұзды шаң-тозаң ұшады. Теңіз суының шегінуінен оның жағалауындағы800 гектар тоғай, жануарлар дүниесі жойылып, теңіз айналасы бұл күнде тіршілігі жоқ құмды, сортаң жарамсыз жерлерге айналды. Теңіз суының тартылуынан мұнда теңдесі жоқ Барсакелмес қорығы жойылды.

Үлкен қалалар мен өндіріс орталықтарында қоршаған ортаның ластануы

Ауаға шығатын улы заттардың концентрациясы (ауыр металдар, шаң-тозаң, күкірт тотығы, көмірқышқыл газы және т.б.) белгіленген мөлшерден он есе артық. Ең ауыр жағдай ТаразТеміртауАлматыШымкентБалқашРиддерӨскемен және басқа да қалаларда қалыптасқан. Осы қалаларда лас заттардың концентрациясы жыл бойынша белгіленген мөлшерден 5-10 есе артады. Ауа кеңістігінің ластануы пайдалы қазбалар өндіретін аудандарда да байқалады. Атмосфераның ластануы Байқоңыр космодромында ғарыш кемелерін ұшыру кезінде де байқалады.




Оқушылар Адам экологиясы. Адам тіршілігіне экологиялық қолайлы және қолайсыз аудандар

- туралы білімдерін еске түсіргеннен кейін мұғалімнің жаңа тақырып бойынша әңгімесін мұқият тыңдап отырады. Осы жерде мұғалімнің сұрағына оқушылар өз пікірлерін айтады. Егер де Табиғи орта- өзгерсе ол бірте-бірте адам баласының тірлігіне өзгеруіне әсерін тигізеді.

Оқушылар бұрын алған білімдеріне сүйене отырып, мұғаліммен бірге қазақстандағы табиғи қорларға шолу жасайды . Алдымен оқушылар экологиялық тұрғыда нашарлаған топтары бойынша атлас картасын пайдалана отыра әр өндіріс әсерінен экологиялық апатта қалаларды анықтай отырып мәселені шешу жолдарын анықтауды үйрету.

Республика аумағын бірнеше экологиялық аудандар тобына бөлуге болады:



  • экологиялық жағдайы нашар аудандар;

  • экологиялық жағдайы орташа аудандар;

  • экологиялық жагдайы салыстырмалы жақсы аудандарды жеке жеке жіктеу.




3

Мұғалім жаңа тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмалар береді:

  1. Қазақстанның кескін картасына негізгі экологиялық ахуалы мүшкіл аумақтарды түсіріңдер.

  2. Экология дегеніміз не??

  3. Қалалардағы дағдарыстың басты себептері?

  4. Экологиялық қолайлы аумақтарды анықта?

Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына оқулық пен тақырыптық карталарды пайдалана отырып жауап береді. Мұнда олар ең алдымен кескін картамен жұмыс істейді. Яғни кескін картаға табғиғ зоналардың шекараларын дұрыс түсіруге тырысады.

Кейін Қазақстанда құмды, сазды, тасты шөлдер бар екенін айтады. Солтүстік Тянь-Шань КетпенКүнгей АлатауІле АлатауыҚырғыз Алатауы мен Шу-Іле  атауларын дәптерлеріне жазып алады.

Бұл зоналардағы өсімдіктер мен жануарлардың ерекшеліктеріне тоқталады. Оларды қорғау үшін қорықтар мен қорықшалар ұйымдастырылады.


4

Оқушылардың сабақ үстіндегі оқу әрекетіне байланысты, жауаптарының дұрыстығына қарай бағалайды.

Оқушылар бағаларын күнделіктеріне қойдырып алады.

5

Үй тапсырмасына осы төрт зона туралы кесте толтыру. Тақырыпты қайталау.




6

Сабақтың артықшылықтары мен кмшіліктерін анықтап сабақты қорытындылайды.

Оқушылар сабақтың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтап, сабақтың қызықты жерлерін айтып, сабақты қорытындылайды.


Сабақ №

Күні:

Сынып:

Тақырыбы: Апатты табиғи құбылыстар

Мақсаты:

Білімділік: Апатты табиғи құбылыстарға сипаттама беру. . Географиялық құбылыстармен, құрылымдарды байқай біліп, сипаттама бере білуге үйрету. Апатты табиғи құбылыстар әсерімен болатын ірі апаттардың қоршаған орта мен адам өміріне қаупін түсіну

Дамытушылық: Оқушыларды тақырыптық карталарды салыстыра отырып Қазақстанда экологиялық проблемалардың қалыптасу жағдайын өздіктерінен анықтауға дағдыландыру. Проблемалық жағдайлар туғызу арқылы оқушы көзқарастарын қалыптастыру.



Тәрбиелік: Қазақстанның тауларының экологиялық проблемалармен таныса келе, оқушыларды қоршаған ортаны қорғауға баулу.Өз отанына деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімдерін арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық

Құрал-жабдықтар: Қазақстанның физикалық картасы, тақырыптық карталар, Қазақстанның физикалық картасы. Қызыл кітапқа кірген өсімдіктер мен жануарлар суреттері.

Сабақтың кезеңдері: 1. Ұйымдастыру кезеңі 4. Бағалау кезеңі

2. Тақырыпты меңгеру кезеңі 5. Үй тапсырмасын беру кезеңі

3. Тақырыпты бекіту кезеңі 6. Сабақты қорытындылау кезеңі

Сабақтың барысы

Кезең

Мұғалімнің әрекеті

Оқушылардың әрекеті




1

Мұғалім оқушылармен амандасады. Сабақта кім бар-жоғын анықтайды. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Оқушылар мұғаліммен орындарынан тұрып амандасады. Сабақта кім бар-жоғын анықтайды.

2

Табиғат апаттары (Стихийное бедствие) — алапат табиғи құбылыс: дауыл, дауылды қарақүйын, қүйынды дауыл, су басу, жер сілкінісі, жанартаудың атқылауы, кенеттен қалың кар жауу, цунамиқар кешкіні, құрғақшылық, тағы басқа. Бұл табиғи алапаттар тірі организмдерге, соның ішінде адамға төтенше әсер ететін экологиялық фактор болып саналады. Табиғаттағы апатты құбылыстарды шығу тегіне қарай эндогенді (ішкі) және экзогенді(сыртқы) деп бөлуге болады. Эндогенді құбылыстар жер қыртысындағы өзгерістерден (жер сілкіну) туады. Қазақстанның оңтүстігіндегі биік таулар әлі калыптасып бітпеген жас таулар болғандықтан, сейсмикалық ауданға жатады. Сондықтан бұл аймақта жиі жер сілкінулер болып түрады. Мысалы, Алматыда 18891911 жылдары апатты жер сілкіну болған.

Экзогенді апаттарға көбінесе адам әрекеті себепші болады. Республикамызда таулы аудандардың болуына байланысты сел, қар көшкіндері құбылыстары байқалады. Біздің оңтүстік және оңтүстік-шығыс биік таулы аймақтарда 2724 мұздық бар. Осылардың еруінен және қардың қалың түсуіне байланысты күшті селтасқындары болып түрады.

Республиканың климат ерекшеліктеріне байланысты жазда аңызақ (ыстық құрғақ) желдер жиі болады. Аңызақ Желдер егістіктерге зиянын тигізеді, күшті дауылдар тұрғын үйлерді, байланыс жүйелерін, жолдарды қиратуы мүмкін. Ғарыштық метеорологиялық зерттеулер арқылы аңызақ желдер алдын ала болжанады. Табиғаттағы апат құбылыстарын алдын алу үшін тұрғын үйлерді апатқа төтеп беретіндей етіп салу, елді мекендерді орналастыруда табиғат ерекшелігін ескерудің маңызы зор. Табиғаттағы заңды түрде жүретін ырғақтық (циклдық) апат әкелетін өзгерістерді (теңіз деңгейінің көтерілуі, жұттардың болуы және т.б.) ескерген жөн.

Туған өлкенің табиғатын аялау, қорғау - озық қоғамның алғышарты. Қоғам мен табиғат бір-бірімен тығыз байланысты болғандықтан, қоршаган орта мен адамның жеке-дара тіршілік етуі мүмкін емес. Табиғат байлықтарын тиімді пайдалану, табиғатқа сүйіспеншілікпен қарау қоғамның да алға қарай дамуына негіз болады. Қоршаған ортаның қолайлы болуы адамның дұрыс білім алып, еңбек етуіне, материалдық жағынан қамтамасыз етілуіне ықпал етеді. Сондықтан әрбір адам табиғатты аялап сақтауға өз үлесін қосуы тиіс. Әрбір отырғызылған ағаш, тазаланған бұлақ сол табиғаттың бір бөлшегі екенін ұмытпаған жөн. Өзіміз тұрған жердің табиғатын сақтаймыз.


Оқушылар Табиғат апаттары  Адам тіршілігіне келтіретін зияны мен шығындарымен танысады

- туралы білімдерін еске түсіргеннен кейін мұғалімнің жаңа тақырып бойынша әңгімесін мұқият тыңдап отырады. Осы жерде мұғалімнің сұрағына оқушылар өз пікірлерін айтады. Егер де Табиғат апаттары  туындаған жағдайда не істейді, оның түрлерімен танысады. өзгерсе ол бірте-бірте адам баласының тірлігіне өзгеруіне әсерін тигізеді.

Жер сілкінуді алдын ала болжау үшін арнайы сейсмологиялық институт жұмыс істейді. Мұнда ең жаңа құралдармен бірге үй жануарларының көмегімен (мінез-құлықтарының өзгерістеріне негізделген) жер сілкінуге болжам жасалады, оның тез таралыу жолдарын қарастырады.


3

Мұғалім жаңа тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмалар береді:

    1. Қазақстанның кескін картасына негізгі экологиялық ахуалы мүшкіл аумақтарды түсіріңдер.

    2. Табиғи апатты құбылыс дегеніміз не??

    3. Табиғи апатты құбылыс басты себептері?

    4. Табиғи апатты құбылыс пайда болуына қарай түрлеріне сипаттама бер?

Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына оқулық пен тақырыптық карталарды пайдалана отырып жауап береді. Мұнда олар ең алдымен кескіноқулықпен басқада ақпараттармен жұмыс істейді.

Қазақстанда болатын батсы табиғи апаттар түрлерімне танысады. Олардан қорғану жолдарын анықтап қаратсыдады.

.


4

Оқушылардың сабақ үстіндегі оқу әрекетіне байланысты, жауаптарының дұрыстығына қарай бағалайды.

Оқушылар бағаларын күнделіктеріне қойдырып алады.

5

Үй тапсырмасына осы төрт зона туралы кесте толтыру. Тақырыпты қайталау.




6

Сабақтың артықшылықтары мен кмшіліктерін анықтап сабақты қорытындылайды.

Оқушылар сабақтың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтап, сабақтың қызықты жерлерін айтып, сабақты қорытындылайды.


Тақырыбы:Табиғаттың өзгеруіне болжам жасаудың тиімділігі
Сабақтың мақсаты
Білімділік-оқушыларға Табиғаттың өзгеруіне болжам жасаудың тиімділігі ерекшеліктері туралы білім беру.
Тәрбиелік-Оқушылардыөзбетіншеоқуға,ізденіске тәрбиелеу.
Дамытушылық-Білімге құштарлығын,дүние танымдық көз қарасын,жұмыс істеу дағдысын қалыптастыра отырып жеке тұлғаны дамыту.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес
Сабақтың типі: аралас сабақ
Әдісі:саяхат сабақ,үш аялдама,кім жылдам?
Құралжабдығы:Дүниежүзінің физикалық картасы,интербелсені тақта,карточкалар.
Сабақтың барысы
I.Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу
Оқушы назарын сабаққа аудару
II.Үй тапсырмасын сұрау


    1. Қазақстанның кескін картасына негізгі экологиялық ахуалы мүшкіл аумақтарды түсіріңдер.

    2. Табиғи апатты құбылыс дегеніміз не??

    3. Табиғи апатты құбылыс басты себептері?

Табиғи апатты құбылыс пайда болуына қарай түрлеріне сипаттама бер

ІІІ Жаңа сабақ



Табиғаттың болашақта өзгеру сипаты, адамның шаруашылық әрекетінің табиғатқа әсері, адамзаттың тағдыры сияқты мәселелер көптеген зерттеушілерді ойландырады. Сондықтан кез келген нысанды жобалауда алдын ала ғылыми болжамдардың қажет екендігі өз-өзінен түсінікті. Ғалымдардың болжамдары табиғаттың өзгеруіне талдау жасаумен бірге, болашақта адам әрекетінің сипаты кандай болуы керектігі жөнінде құнды мәліметтердін салаларын да қамтиды. Болжамдар бойынша, болашақта отын-энергетикалық және минералды қорлар мөлшері таусылады. Оған сәйкес өнеркәсіптің өсуі де төмендейді. Бұл жағдайды болдырмау үшін жер қойнауынан алынатын қазба байлықтарды өндіруде экономикалық тиімділігі мен қорын ескеріп, оларды ұтымды пайдалану тиімді.

Ауыл шаруашылығын дамытуда жер және су қорларын өсімдік байлықтарының өзгеру сипаты мен оған әсер ететін факторлар кешенді түрде қарастырылуы кажет. Кез келген өндірістің жобасы жан-жақты ғылыми болжамдарға сүйенгенде ғана тиімді болады. Мысалы, Қапшағай бөгенінің жобасында табиғат ерекшеліктері, олардың өзгеруінен болатын зардаптар мен материалдық шығындар ескерілмегендіктен, табиғи ортаға үлкен зиян тиіп отыр. Сол сияқты ірі өнеркәсіп орындарын орналастыруда оның айналасындағы ортаның құрам бөліктеріне әсері алдын ала жан-жақты ғылыми жағынан болжануы қажет. Мысалы, табиғат ерекшеліктерін ескермей, Алматы қаласында ауыр өнеркәсіп орындарын орналастыру қаланың экологиялық жағдайын нашарлатты. Табиғаттағы кездейсоқ апатты құбылыстарды алдын ала болжау жасау көп материалдық және адам шығынын болдырмауға көмектеседі. Мысалы, сейсмикалық аймақта орналасқан Қазақстанның таулы аудандары үшін мұның маңызы зор. Минералды су көздерін игеруде, курорт шаруашылығын өркендетуде де кешенді ғылыми болжамдар қажет. Ғылыми болжамдар табиғаттың байлықтарын дұрыс пайдалануға көмектесумен қатар, адамзат болашағы туралы мәселеде де маңызы зор. В.И. Вернадский «адамзат өркениеті үзіліп, жойылып кетуі мүмкін емес» деген болатын. Табиғи қорлар таусылған құнның өзінде адамзат ғылыми болжамдар арқылы жаңа шикізат, энергия көздерін анықтап, өз мұқтаждарын қамтамасыз етуі тиіс. Қазіргі кезде Қазақстан аумағын шаруашылық жағынан игерудің қарқыны артты. Сондықтан сол аймаққа тән табиғи ландшафтылардың белгілі бір кайталанбас бөліктерін сақтап қалу мақсатында қорғалатын аумақтар ұйымдастыру кажеттілігі туып отыр. Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтары экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан құнды ұлттық байлығымыз болып саналады. Қазіргі кезде бір-бірімен тығыз байланысты табиғат құрам бөліктерінің жүйесі ретінде ландшафтыларды қорғау мәселесі ғылыми бағыт алды. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шілдедегі қабылданған«Ерекше корғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңы ерекше корғалатын табиғи аумақтар қызметінің құқықтык, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдық негіздерін белгілейді. Осы Заңның 1-бабында ерекше қорғалатын аумақтарға мынадай анықтама берілген: «Ерекше корғалатын табиғи аумақтар - ерекше құқықтық қорғау режимі бар не мемлекеттік табиғи қорық қорын сактау мен қалпына келтіруді қамтамасыз ететін шаруашылық қызметі режимімен реттелетін жер, су, орман және жер қойнауы үлескілері». Сонымен қатар бүрыннан бар қорғалатын аумақтардың санын арттырып, аумағын үлғайту мәселесі қойылуда. Қазақстан Республикасындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға:

  • 1. Мемлекеттік табиғи қорықтар;

  • 2. Мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар;

- мемлекеттік табиғи резерваттар;

  • 3. Мемлекеттік табиғи саябақтар;

  • 4. Мемлекеттік табиғат ескерткіштері;

  • 5. Мемлекеттік қорық өңірлері;

  • 6. Мемлекеттік табиғи корықшалар;

  • 7. Мемлекеттік зоологиялық бақтар;

  • 8. Мемлекеттік ботаникалық бақтар;

  • 9. Мемлекеттік дендрологиялық бақтар;

  • 10. Мемлекеттік корғалатын табиғи аумақтардың ормандары;

  • 11. Ерекше мемлекеттік маңызы бар немесе ғылыми жағынан ерекше құнды су коймалары;

  • 12. Халықаралык маңызы бар сулы-батпақты алқаптар;

  • 13. Жер қойнауының экологиялық, ғылыми, мәдени және өзге де жағынан ерекше құнды үлескілері

ІҮБағалау

Ү.Қорытынды «Ерекше корғалатын табиғи аумақтар - ерекше құқықтық қорғау режимі бар не мемлекеттік табиғи қорық қорын сактау мен қалпына келтіруді қамтамасыз ететін шаруашылық қызметі режимімен реттелетін жер, су, орман және жер қойнауы үлескілері» сондықтан осы аумақты келер ұрпаққа сақтап қалу әрбір азаматтың парызы.

ҮІ. Үй тапсырмасы Оқулық материалымен жұмыс жасау. Өзі өлкелеріндегі ерекше қорғауға алынған аумақ туралы деректер әкелу.



Тақырыбы:Қорықтар. Ұлттық саябақтар мен қорықшалар
Сабақтың мақсаты
Білімділік-оқушыларға Қазақстандағы Ұлттық саябақтар мен қорықшалардың ерекшеліктері туралы білім беру.
Тәрбиелік-Оқушылардыөзбетіншеоқуға,ізденіске тәрбиелеу.
Дамытушылық-Білімге құштарлығын,дүние танымдық көз қарасын,жұмыс істеу дағдысын қалыптастыра отырып жеке тұлғаны дамыту.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес
Сабақтың типі: аралас сабақ
Әдісі:саяхат сабақ,үш аялдама,кім жылдам?
Құралжабдығы:Дүниежүзінің физикалық картасы,интербелсені тақта,карточкалар.
Сабақтың барысы
I.Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу
Оқушы назарын сабаққа аудару
II.Үй тапсырмасын сұрау

      1. Қазақстандағы табиғи апатты аумақтар қай жерлерде таралыған?

      2. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шілдедегі қабылданған заңның негізгі мазмұны?

      3. Табиғи апатты құбылыс басты себептері?

    1. Табиғи апатты құбылыс пайда болуына қарай түрлеріне сипаттама бер

ІІІ Жаңа сабақ

Мемлекеттік табиғи қорық қоры - қоршаған ортаның табиғи эталондар, реликтілері, ғылыми зерттеулерге, ағарту білім беру ісіне, туризмге және рекреацияға арналған нысандары ретінде экологиялык, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды, мемлекеттік қорғауға алынған аумақтарының жиынтығы. Қорықтардың басты мақсаты - табиғи ландшафтылар эталонын мұндағы тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар дүниесімен коса сақтау, табиғат кешендерінің табиғи даму заңдылықтарын анықтау. Соңғысы адамның шаруашылық әрекетінен табиғатта болатын өзгерістерді болжау үшін аса қажет. Қазакстан қорықтар саны жөнінен ТМД-ға кіретін республикалар арасында 16-шы орын алады. Дегенмен, республика жерінің көлеміне шақканда корықтар үлесі жөнінен 13-ші орында. Бұл Қазақстан секілді ұлан-байтақ республика үшін қорықтар көлемінің әлі де болса аз екендігін көрсетеді. Қазіргі кезде нақты 10 қорық жұмыс істейді. Бұлар, әрине, Қазақстан табиғатының алуан түрлі табиғат жағдайларын толық көрсету үшін жеткіліксіз. Сондықтан болашақта ғалымдардың, табиғатты қорғау коғамы өкілд рінің ұсынуымен тағы 15 қорық ұйымдастырылмақшы. Қазіргі таңда қазақстанда жұмыс жасайтын қорықтар:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет