8 топ Алтын күз, Мақта қыз ертегісі! Залдың іші әр түрлі сары, қызғылт жапырақтарымен, шарларымен безендірілген. Балалар қолдарына қолшатыр ұстап музыка әуенімен залға кіреді



бет2/5
Дата31.05.2020
өлшемі22,04 Kb.
#71862
1   2   3   4   5
Байланысты:
8Топ Макта қыз кузгі
Циклограмма-КАЗ-2017, Циклограмма-КАЗ-2017
Ән: «Күз тамаша»

Балалар орындарына отырады.

Жүргізуші: Балалар,тыңдаңдаршы!

Бұлттар төніп, жерге шөгіп,

Дымқыл тұман басады.

Шөп сарғайып,өңі тайып,

Дала сұры қашады.

Бой жаза алмай,ойнай алмай ,

Денең мұздап тоңады.

Бөбектерім, айтыңдаршы,

Бұл қай кезде болады?

Балалар: Күз мезгілінде болады!

Жүргізуші: Балалар сендер ертегі тыңдағанды жақсы көресідерме?

Балалар: Ия!

Жүргізуші: Ендеше балалар, барлығымыз қызық ертегіні тамашалайық. Ертеде бір Мақта қыз болыпты. Мақта қыздың жақсы көретін мысығы болған екен, бір күні Мақта қыз үйді жинап жатып бір мейіз тауып алады. Бөлісіп жемек болып Мақта қыз мысығын шақырады. Мысық, келмейді.

Қыз:

— Келмесең келме! – деп, мейізді өзі жеп қояды. Жеп болған соң, мысық келіп:



Мысық: — Неге шақырдың? – деп сұрайды. Мақта қыз айтпайды.

Сонан соң мысық:

— Ендеше қатығыңды төгем! – дейді.



Мақта қыз:

— Мен құйрығыңды кесіп аламын! – дейді.

Мысық қатықты төгеді. Мақта қыз мысықтың құйрығын кесіп алады. Мысық:

— Апа, апа, құйрығымды берші! – дейді.



Мақта қыз:

— Менің қатығымды төле! – дейді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет