Мысық сиырға барады.
— Сиыр, маған қатық берші! – дейді.
Сиыр:
— Менің қарным ашып тұр. Қазір күз мезгілі, жеміс жидектер, көп менің алма жегім келіп тұр. Сен маған алма әкеліп берші! – дейді.
Мысық: Жарайды.
Жүргізуші: Мысық алма іздеп күзгі орманға жол тартады. Күзгі орманнан алдынан бір топ кірпілер шығады.
Би: «Кірпілер»
Мысық:Салем кірпілер, сендерде алма барма!
Кірпі: Ия бар, біз қысқа азық жинап, дайындалып жатырмыз. Орманнан жемістер жинап жүрміз.
Мысық: Жарайсыңдар! Маған алма бере аласыңдарма?
Кірпі: Біз барлық жемістерді жинадық, бірақ саңырауқұлақ таппадық, сен бізге саңырауқұлақ берсең, саған алма береміз.
Мысық: Жарайды!
Жүргізуші: Мысық саңырауқұлақ іздеп жолға шығады.
Жаңбыр жауып кетеді.
Мысық: Жаңбырда жайып кетті. Енді саңырауқұлақты қайдан табамын. Балалар мен енді не істеймін.
Достарыңызбен бөлісу: |