8 топ Алтын күз, Мақта қыз ертегісі! Залдың іші әр түрлі сары, қызғылт жапырақтарымен, шарларымен безендірілген. Балалар қолдарына қолшатыр ұстап музыка әуенімен залға кіреді



бет5/5
Дата31.05.2020
өлшемі22,04 Kb.
#71862
1   2   3   4   5
Байланысты:
8Топ Макта қыз кузгі
Циклограмма-КАЗ-2017, Циклограмма-КАЗ-2017
Ойын: «Шырша мен жаңғақ»

Мысық: Рахмет балалар! Мен енді құйрығымды қайтаратын болдым.

Мысық тиынға барып, жаңғақ береді. Тиын саңырауқұлақ береді. Саңырауқұлақты кірпілерге береді. Кірпі алма береді. Алманы сиырға ікеліп береді.

Сиыр: Жарайсың мысық рахмет саған, мен алманы жақсы көремін.

Жүргізуші: Сиыр біздің балаларда алманы жақсы көреді, ендеше алма туралы әнімізді айтайық.

Ән: «Мен алманы жақсы көрем!»

Сиыр мысыққа сүт береді.

Мысық сүтті Мақта қызға береді.Мақта қыз мысыққа құйрығын береді.

Мысық: Рахмет балалар сендердің көмектеріңмен мен құйрығымды қайтарып алдым.

Жүргізуші: Балалар міне осындай қызық ертегі болыпты.

Алтын арай нұрға толы жүздердің,

Сары алтындай Сұлу көркем күз келді

Ертеңгілік көрермені біз бүгін,

Мерекемен құттықтаймыз сіздерді

Қане балалар күзді қарсы алайық!



Залға музыкамен Күз кіреді.

Күз ханшайымы: Сәлематсыздар ма, балалар!
Балалар: Сәлематсыз ба!
Күз ханшайымы:  Уа, халайық, дархан далам -армысың,
Табиғатым жаны жайсаң тал мүсін.
Ханшайымы күздің бүгін келіп тұр,
Алмақ болып бар халқының алғысын!
Мен – Күз ханшайымымын. Сендерді көргеніме  қуаныштымын.

Жүргізуші: Қош келдіңіз төрлетіңіз Күз ханшайымы! Біздің балалардың өзіңе арналған тақпақтарын тыңдай отыр.

Тақпақтар.

Қуандырып

Мерекелі күз келді

Кел жемісті алтын күз

Кемелденсін халқымыз.
Алма өрікті қамбаларға

Толтырыпты алтын күз

Дастарханға таба нанға

Айналыпты алтын күз


Алтын бидай байлығым,

Жан шуағым жайды күн

Астығымның арқасы,

Асқақтаса айбыным.


Күзім-ау,күзім-ау

Мінезің бұзық-ау

Жаңбырың серкіреп

Келгенің қызық-ау.


Алтын бидай алтын дән

Күнге қарай талпынған

Ел ырысын жинаған

Айналайын халқымнан.



Күз ханшайымы:  Жарайсыңдар балалар, менде өзіммен сендерге көңілді би алып келдім.

Би: «Күзгі полька»

Күз: Ал балалар менің сендерге алып келген сыйлығым бар. (Сыйлықты береді) Ал ендеше менің басқа балаларға баратын уақытым келді. Сау болыңдар!

Жүргізуші: Рахмет саған, Күз! Ұнады ма сендерге, балалар? Не деп айтамыз Күзге?

Балалар: Рахмет, саған Алтын Күз!

Жүргізуші: Ал енді ,балалар, біз күзбен қоштасайық,тобымызға оралайық. Құрметті қонақтар осымен біздің ертеңгіліміз аяқталды, келесі кездескенше хош сау болыңыздар.

Балалар Күзбен қоштасады.Тобына оралады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет