22
Көрнекілік
Карта. ХVІІІ ғасырдағы Қазақстан, жоңғар шапқыншылығы бейнеленген
көркемсуреттер. Ақындардың суреттері мен батырлық дастандар графикасы
беріледі. Кітап көрмесі.
Мақсатты айқындау
XVIII ғасырда қазақ әдебиетінің одан әрі жандана түсуіне
жоңғар
шапқыншылығына қарсы күресте қазақ ақындары мен жырауларының қазақ
батырларын ерлікке жігерлендірген жорық жырларын тарихи оқиғалармен
байланыстыра отырып түсіндіру. “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама”
деп аталған қасіретті кезең, сұрапыл соғыстар, жеңісті жорықтар, саяси және
қоғамдық өңірдегі өзгерістер бұл кезеңдегі қазақ әдебиетінің идеялық бағыт-
бағдарына, тақырып аясына ерекше ықпал еткенін сипаттау.
Сол тарихи
кезеңдегі батырлардың сыртқы жауларға қарсы ерлік күресін, ел ішіндегі
жағдайдың әсерінен жаңа батырлық жырлар, аңыз-әңгімелер туындағанын
жеткізу.
Дамытушылық маңызы.
XVIII ғасырда қазақ әдебиетінің дамуын, сол
дәуірде туындаған таңдаулы жырларды оқи отырып, оны тарихи оқиғалармен
сабақтастыру, оқиғаларды “Қазақ әдебиеті” мен “Қазақсан тарихы” пәндері
арасындағы байланыс тұрғысында баяндау арқылы оқушыларды “пәнаралық
байланысты”
қолдануға, оқиғаларды сабақтастықта қарастыруға,
кешенді
ойлауға, шығармашылыққа баулу.
Тәрбиелік маңызы.
Жоңғар шапқыншылығы қазақ жерін, елін қорғаған
қазақ әскерінің, батырларының ерліктері
көрініс тапқан тарихи жыр-
лар, қол бастаған қазақ батырларының жорықтары мен ерліктерін жырға
қосқан ақындар шығармалары арқылы оқушыларды отансүйгіштікке,
Бұқар жыраудың Абылай ханға айтқан
сындары арқылы оқушыларды
шыншылдыққа тәрбиелеу.
Достарыңызбен бөлісу: