9 ДӘріс стандарттаудың ғылыми-техникалық принциптері және функциялары



бет3/5
Дата01.10.2023
өлшемі107 Kb.
#183210
1   2   3   4   5

Кодтарға қойылатын талаптар

  • • объектілерді немесе объектілер топтарын бірмәнді сәйкестендіруі, атап айтсақ сәйкестендіргіш болуы;
  • • берілген барлық объектілерді кодтау үшін жеткілікті және белгі саны аз коды болуы;
  • • кодталған объектілердің тағы басқалары шықса, оларды да кодтауға жеткілікті болатындай резерві болуы;
  • • кодталған ақпаратты компьютерде өңдеуге, адам қолдануға ыңғайлы болуы;
  • • компьютерлік жүйеге енгізгенде қателіктерін автоматты тексеруді қамтамасыз ету.
  • Жіктеу - қабылданған ережелерге сәйкес анықталған нышаны негізінде көптеген объектілерді айырмашылығы және ұқсастығы бойынша жіктеме топтарына бөлу.
  • Жіктеуіш - түрлі басқару деңгейлерінде қолдануға міндетті, бекітілген ретпен жасалған және бекітілген, жіктеу объектілері мен жіктелген топтамалардың атаулары және кодтарының жүйеленген тізілімі көрсетілген құжат.
  • Жіктеуіштер бекіту деңгейі мен қолдану саласына қатысты келесі категорияларға бөлінеді: мемлекеттік; салалық; кәсіпорындық (бірлестіктердің, ұйымдардың, ассоциациялардың және т.б.).
  • Жіктеуіштер бекіту деңгейі мен қолдану саласына қатысты мемлекеттік, салалық, кәсіпорындық сәйкес стандарттарға теңестіріледі.

Унификаттау

  • Унификаттау – бірдей қызмет жасауға арналған объектілерді тиімді қолдану мәліметтері негізінде олардың санын қысқартуға және белгіленген нышаны бойынша бірыңғайлау
  • Мазмұны бойынша унификаттау бөлінеді:
  • • размер ішіндегі- унификаттау анықталған машинаның моделі негізінде және оның жаңа түрлеріне де қатысты барлық түрлерін қамту;
  • • размер аралық- берілген параметрлік қатардағы түрлі размерлі машиналар моделінің негізгісін де, жаңа түрін де унификаттау;
  • • тип аралық- түрлі параметрлік қатарға кіретін түрлі машиналар типтеріне таратылатын унификаттау.

Унификаттау бойынша орындалатын жұмыстар

  • Қолданылатын тетіктер және бірліктер сызбаларын талдау;
  • Тетік конструкциясының жетілдірілген түрін таңдау немесе жаңа түрін жасау;
  • Тетіктердің, бірліктердің оңтайлы типтік размерлерін тағайындау;
  • Конструктивтік немесе технологиялық нышандары бойынша тетіктер мен бірліктерді жіктеу;
  • Конструктивті унификатталған тетіктер, бірліктер қатарына стандарттар жасау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет