Киев Русьтегі математикалық ескерткіштер. Х-ХІ ғғ. Киев мемлекеті жоғары дәрежелі мәртебеге және мәдени гүлденуге ие болды. Ол Византия және Батыс Европпамен қарым қатынас жасады. Владимир Святославовичтің кезінде Киевте оның өзіне жақын адамдарының балаларына арналған мектеп ашылды; Ярослав Мудрыйдың кезінде (1019-1054) жыл санау куә болатын көптеген кітаптар жазылған. Княздық дворларда, шіркеулерде, монастырьларда кітапханалар ашыла бастайды. Киевпен қатар бұл өлкенің ірі мәдени орталығы Новгород болды. Жылсанауда Новгородта Ярослав Мудрыйжаңа мектеп ашты деп жариялайды. Мұнда былай делінген: “прииде к Новугороду собра от старост и поповых детей триста учити книгам”. Бастапқы арифметикалық сауаттылық қарапайым новгородтықтардың ішіндеде жиі кездесті (ХІІ-ХІІІ ғғ.). Бірақ бізге сол кездегі математикалық білімдер туралы мағлұматтар жетпеген. Тек жекелеген жазба деректері ғана бізді Киев Русінің математикасымен таныстырады, олар өте аз.
Тарихи құжаттардың бірі “Правда Русская” – заңдар жинағы болып табылады. “Правда Русская” ХІ-ХІІ ғғ. құрастырылған және бізге бірнеше редакциялардан жеткен, олардың қолжазбалары ХІІІ-ХV ғғ. жатады. Бұл шығарма метрологияның қайнар бұлағы болып табылады.
Геометриялық прогрессияға арналған есептер математиктерді көне дәуірден бері қызықтырып келеді. “Правда Русская”-ның математикалық мақалаларының авторлары оны қалай есептегені туралы белгісіз. Дегенмен оларға тек, қосып, 2, 6 және 10-ға көбейтіп, 50-ге бөлу керек болды. Өте қиын санау күнтізбелік және хронологиялық санауларда керек болды, ол туралы нәтижені бізге толығымен жеткен новгородтық ғалым Кириктің көне орыс математикалық шығармаларынан табамыз.