Провизорлық мүшелерге сарысу қабығы, амнион, аллантоис, сероза және хорион жатады.
Сарысу қабығы. Ол барлық үш ұық жапыақшаларынан түзілген. Сарысу қабығы бастапқы пайда болған эмбрионның қан түзуші органы эмбриондардың тамақтану көзі болып табылады. Сүтқоректілердің эмбриондарында сарысу қабығының қабырғасы плацентаның бөлігі болып табылады және бастапқы ұрық жасушаларының пайда болу көзі ретінде қызмет етеді.
Амнион – бұл эмбрионды тікелей қоршаған сулы қабық. Амнионның негізгі функциясы – алмасу және қорғаныс. Амнион сұйықтығы – бұл ақуыздардың,қанттардың, минералды тұздардың, гормондардың сулы ерітіндісі. Құрамында ұрық жасушалары бар. Ол эмбрионды кебуден және механикалық әсерден қорғайды, эмбрионның табиғи сулы ортасы болып табылады.
Аллантоис- бұл эмбрионның артқы ішегінң жасушалық өсіндсі. Аллантоис эмбрион мен тыныс алу мүшелерінің метаболикалық өнімдерін жинақтау үшін контейнер ретінде қызмет етеді. Тыныс алу функциясын аллантоиста оның қабырғасының қан тамырлары жүйесіне байланысты орындайды.
Хорион адамдар мен сүтқоректілерде эмбрионның сыртқы веноздық қабығын құрайды. Хорион бүрлері өсінділері болып табылады, оның көмегімен жатырдың шырышты қабығында өсіп, плацентаны құрайды. Ұрық плацентаға қан тамырлары бар кіндік арқылы қосылады