А. А. Досмаканбетова «Өнеркәсіптік кәсіпорындардың экологиялық жабдықтары»


Өндірістік ақаба суларды тазарту жабдықтары



бет35/41
Дата13.12.2021
өлшемі1,68 Mb.
#125891
түріЛекция
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   41
Байланысты:
344266 2
344264
Өндірістік ақаба суларды тазарту жабдықтары

  1. Механикалық тазарту жабдықтары.

Ақаба суларын механикалық тәсілмен тазартудың келесідей түрлері бар:

  1. Електен өткізу

  2. Сүзгілеу

  3. Тұндыру

  4. Дискілі сүзгілеу

  5. Флотациялау.

  6. Центрифугалау (гидроциклон)


1. Електен өткізіп сүзу. Ақаба суларын електен өткізіп сүзу процесі - көп жағдайда тек алдын ала тазарту сатысы болып табылады. Торлардың кеуектері 10-12 мм бар торлы електерден өткізеді. Електен өткізіп сүзі процесі – ақаба суларының құрамында ерімейтін қатты ірі бөлшектер болған жағдайда және бұл бөлшектердің тұндырғыштардың құрылымына қатты әсерін тигізетін жағдайларда осы процесті қолданады.
2. Гидроциклон. Механикалық қоспалардан суды тазалауға арналған жабдықтарды таңдау кезінде маңызды параметрлердің бірі өлшенген заттардың саны болып табылады. Егер суда 100 мг/л артық болса, гидроциклонда ақаба суларын тазалау дәрежесі 80-90% құрайды. Ал егерде осындау жағдайда дискілі, торлы және т.б. сүзгілерді қолдан кезде ПӘК айтарлықтай төмен болады. Себебі мұндай жабдықтардың торларында, дискілерінде бөгде заттар тез бітеліп қалады және осы жабдықтарды жиі жуып тұруды қажет етеді.

Сонымен бірге жабдықтарды таңдау кезінде ақаба суындағы бөгде заттардың өлшемдері де әсер етеді. Егер де ақаба суында мөлшері 50 мкм-5000 мкм болатын кең ауқымда бөгде қоспалар болған кезде гидроциклондарды қолдану тиімді.

Гидроциклондарда сұйықпен бірге айналып жатқан бөлшектерге ортадан тепкіш және гравитациялық күштері әсер етеді. Жоғары айналу жылдамдығы кезінде ортадан тепкіш күштер ауырлық күшінен едәуір көп.

Сурет 1. Гидроциклон.



3. Флотация. Флотация - сулы суспензияда немесе ерітіндіде ұсақ қатты бөлшектерді бөлу процесі. Флотация ағылшын тілінен аударғанда - бөлшектердің су бетіне қалқып шығуы дегенді білдіреді. Оның көмегімен әртүрлі сұйықтықтарды құрамында ерімеген ластаушы заттардан тазартуға болады.Флотация кезінде газ көпіршіктері немесе май тамшылары нашар суланатын бөлшектерді су бетіне көтереді. Флотация процесі - суларын органикалық заттар мен қатты қоспалардан тазартуда, қоспаларды бөлуде, химия, мұнай өңдеу, тамақ және басқа да өнеркәсіп салаларында тұндыруды жеделдету үшін де қолданылады.


Сурет 2. Ақаба суларын флотациялау процесі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет