А. А. Досмаканбетова «Өнеркәсіптік кәсіпорындардың экологиялық жабдықтары»



бет34/41
Дата13.12.2021
өлшемі1,68 Mb.
#125891
түріЛекция
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   41
Байланысты:
344266 2
344264
СІ2 + Н2О = НСІ + НОСІ

НОСI = НСІ+О

Реакция нәтижесінде бос атом күйінде түзілген оттек бактерия клеткаларының протоплазмасына кіретін заттектерді тотықтырады, соның саладарынан бактериялар жойылады. Дизентерияның, обаның және іш сүзегінің бациллалары хлордың әсеріне өте сезімтал келеді.

Ақаба суларды хлорлы әкпен дизенфекциялағавда жүретін реакциялар газ тәріздес хлормен дизенфекциялағандағы процестей.

2Ca(CIO)2 + 2H2O = Ca(OH)2 + 2НОСІ + СаСІ2

Хлорлау әдісін қолданғанда бактериялардың өніп-өсуінен басқа органикалық заттектердің қышқылдануы да токтатылады, каогуляция процесі жеделтетіледі және иіс азаяды.

Механикалық тазалау жолын қолдану немесе өздігінен табиғи түрде тазалану арқылы ақаба судан бөлінген құрамында минералды және органикалық қатты заттекттері бар тұнбалар жергілікті ауылшаруашылық және орман дақылдарының тыңайтқышы ретінде пайдаланылуымен қатар, биогаз алуға да жарамды. Ал ортақ канализациядан шыққан ақаба судың құрамында алуан түрлі улы заттектер кездесетініне байланысты олардан шыкқан тұнбалар тыңайтқыш ретінде қолдануға жатпайды.

Кейбір өндірістерден тасталатын ақаба сулардың температуралары табиғи ортанікінен анағұрлым жоғары болғандықтан оның тигізетін зияндық әсеріне де назар аударылады. Жылы ақаба сулар суаттардағы судың температурасын көтереді, бұл жағдайда суда еріген оттектің мөлшері күрт төмендейді, ал ол өзіндігінен тазалану процесінің тежеленуіне әкеп соғады. Орын алған қолайсыз әсер судағы өсімдіктер мен балықтардың тіршілік жағдайларына нұсқан келтіреді, себебі судың жаппай гүлденуі, балдырлардың қаптауы басталады, яғни жылулық ластану эвтрофтану процесінің жүруіне жағдай жасап, көптеген уытты ластағыштардың пайда болуына себебін тигізеді.



Биологиялық тазалау әдісі суды тұзсыздандыра алмайтынына байланысты, бұл тазалау әдісінен кейін судағы тұздардан құтылу үшін арнайы оларды бөліп шығаратын тазалау әдістері қолданылады. Бұларға дистилляция (булау), қатыру (мұздату), мембрандық, ионалмасу әдістері жатады.

Дистилляция кеңінен қолданылатын және жақсы меңгерілген әдістің бірі. Буландыру қондырғылары арқылы тәулігіне 15-30 мың м3 суды тазалаудан өткізуге болады. Қазақстанда ең қуатты буландыру қондырғысы Ақтау қаласының атом энергетика кәсіпорынында (тез нейтронды реактор) болған.

Қатыру әдісінде тұзды суды баяу түрде салқындату арқылы тұзсыз мұз кристалдарын алады. Дистилляция әдісімен салыстырғанда қатыру процесі энергетикалык, технологиялық, конструкциялық тұрғыдан алғанда тиімді.

Мембрандық әдіске электродиализ және гиперфильтрация, немесе кері осмос жатады. Электродиализ қазіргі заманның дамып келе жатқан деминерализациялау және қойыртылған ерітінділер алу әдісі. Электродиализ әдісінің сызбалық үлгісі 9.6-ші суретте келтірілген. Бұл әдісте тұздардың диссоциалануынан пайда болған иондар табиғи немесе синтетикалық материалдардан жасалған ионіріктегіш мембрана арқылы тұрақты тоқтың катысуымен катод және анод орналасқан бөліктерге іріктеніп өтеді. Электродиализ көптеген елдерде теңіз суларын тұздардан тазалау мақсатында кеңінен қолданылады. Мысалы, Ливияда 20 мың м3/с, ал АҚШ-та-400 мың м3/с су тазалайтын қондырғылар жұмыс істейді. Kepі осмос әдісі бұл осмостық қысымнан жоғары қысымның (6-8 МПа) күші арқылы жартылай өткізгіштік қасиеті бар мембрана арқылы сулы ерітінділерді сүзу. Бұл энергияның көп мөлшерін қажет етпейтін процеске жатады. Шет елдерде өнімділігі 1000 м3/с дейінгі қондырғылар меңгерілген. Ресейдегі қондырғылардың өнімділігі төмендеу. Осы тәсілдегі ең қиындыққа түсетін -жартылай өткізгіштік мембрана мен қысымды жасау.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет