А. А. Досмаканбетова «Өнеркәсіптік кәсіпорындардың экологиялық жабдықтары»



бет37/41
Дата13.12.2021
өлшемі1,68 Mb.
#125891
түріЛекция
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41
Байланысты:
344266 2
344264

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МОНИТОРИНГ.


Жоспар:

  1. Экологиялық мониторинг

  2. Өнеркәсіптік кәсіпорынның экологиялық паспорты

  3. Өндірістік кәсіпорындардың шығарындылары мен атмосфераның ластануын есептеу

Экологиялық мониторинг - табиғи құбылыстардың және антропогендік іс-әрекеттердің әсерінен қоршаған орта жағдайының өзгеруін бақылау бағалау тексеру және болжау жүйелері. «Мониторинг» деген термин "монитор" - сақтандырушы, қадағалаушы деген латын сөзінен алынған. Бұл термин БҰҰ-ның қоршаған орта жөніндегі Стокгольм конференциясының алдында (1972 жыл,маусым) "бақылау" ұғымын толықтыру ретінде пайда болды.

Табиғи факторлардың әсерінен биосфера жағдайының үздіксіз өзгеруі қайтадан бастапқы жағдайға оралып отырады. Мысалы, ауа мен топырақтың температурасының, қысымының, ылғалдылығының өзгеруі кейбір тұрақты табиғи факторлармен салыстырғанда антропогендік факторлар биосфераның жағдайын аз уақыттың ішінде өзгерте алады. Осы процестердің өзгеруін бақылауды дүниежүзіндегі барлық экологиялық тұрғыдан қызмет атқаратын (гидрометеорологиялық, сейсмикалық, ионосферлық және басқалар) жүйелер жүргізеді.

Биосфераның абиоталық құрамының антропогендік өзгеруін және осы өзгерістерге биоталардың жауабын, сонымен қатар, антропогендік әсердің арқасында кезектегі экожүйелерде болатын өзгерістерді өлшеуге, бағалауға, болжауға экологиялық монигорингтің информациялық жүйесі жасалды.

Антропогенді әсерлердің экологиялық мониторингінің негізгі міндеттері:

• антропогендік әсер тигізетін көздерді бақылау;

• антропогендік әсер факторларын бақылау;

• антропогендік факторлардың әсерінен табиғи ортада жүретін


процестерді және оның жағдайының өзгеруін бақылау;

• табиғи ортаның физикалық жағдайын бағалау;

• антропогендік факторлар әсерінен табиғи ортада болатын
өзгерістерді болжау және болжамдалған табиғи ортаның
жағдайын бағалау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет