А., Абуова Ф. У. Конденсирленген күй физикасы астана 2011


Бөлім. Идеал кристалдардың геометриясы



бет5/126
Дата08.02.2022
өлшемі17 Mb.
#123337
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   126
Байланысты:
Пособие по ФКС каз.окон
Пособие по ФКС каз.окон, Экзамен ПРЯ 4 вариант осень, 2021-2022
1.Бөлім. Идеал кристалдардың геометриясы



    1. Монокристалдар. Поликристалдар

Қатты денелер (кристалдар) молекулааралық әсерлесу күштерiнің болуымен сипатталады және көлемiн ғана емес, сонымен қатар пішінін сақтайды.


Кристалдар геометриялық пішіні дұрыс, немiс физигі М. Лауэнің рентгенографиялық зерттеу жұмыстары көрсеткендей, ол кристалды құрайтын бөлшектердiң (атомдар, молекулалар, иондар) ретпен орналасуының нәтижесі болып табылады. Үш өлшемді кеңістікте үнемі (периодты түрде) қайталанумен сипатталатын бөлшектердің орналасуы кеңістіктік тор деп аталады. Бөлшектер орналасқан нүктелер кристалдық тордың түйiндерi деп аталады.
Кристалды денелерді екі топқа бөліп қарастыруға болады: монокристалдар және поликристалдар. Монокристалдар – бөлшектері біртұтас кристалдық тор құратын қатты денелер. Монокристалдардың кристалдық құрылымын сыртқы пішініне қарап айтуға болады. Бір типтегі монокристалдардың сыртқы пішіні әр түрлі болғанына қарамастан онда тиiстi қырлардың арасындағы бұрыштар тұрақты болады.
Бұл 1669 жылы Николай Стенон ашқан бұрыштың тұрақтылық заңы және кристаллографияның осы бiрiншi сандық заңы былай тұжырымдалады: бір типтегі заттың барлық кристалдарында бiрдей жағдайда (температура және қысым бiрдей болғанда) сәйкес кристалл қырларының арасындағы бұрыштар тұрақты болады.
Бұрыштардың тұрақтылық заңы кристалдық көпқырлылардың сан қилы пішіндерін қырлар арасындағы бұрыштар жиынтығына келтіруге және оларды проекция көмегімен бейнелеуге мүмкіндік береді. Рентгендік сәулесі дифракциясын және рентгеноқұрылымды талдау ашылғанға дейін кристалдарды бір бірінен тек қырлары арасындағы бұрыштар арқылы ғана сипаттап және бір-бірінен ажырата білген.
Монокристалдарға көптеген табиғи минералдар: мұзды, ас тұзын, исланд шпатын жатқызуға болады. Қазіргі таңда көптеген монокристалдар жасанды түрде өсіріледі. Ірі монокристалдарды өсіру шарты жиі ұстала бермейді, сондықтан қатты денелердің көпшілігінің кристалдық торлары ұсақ кристалды құрылым түрінде болып келеді, яғни көптеген ретсіз орналасқан ұсақ кристалдық түйірлерден тұрады. Мұндай қатты денелер поликристалдар (көптеген тау жыныстары, техникалық металлдар мен ерітінділер) деп аталады.
Монокристалдарды сипаттайтын ерекшелік олардың анизатроптығы, яғни физикалық қасиеттерінің (серпімділік, механикалық, жылулық, электрлік, магниттік, оптикалық) бағытқа тәуелділігі. Монокристалдардың анизотропиясын мына түрде түсіндіруге болады: кристалдық торда ұзындықтары бойынша бірдей, ал бағыты бойынша түрлі болатын кесіндіге келетін бөлшектердің саны әртүрлі, яғни кристалдық тордағы бөлшектердің орналасу тығыздығы түрлі бағытта бірдей болмайды, сәйкесінше осы бағыт бойынша кристалл қасиеттері де түрленеді. Поликристалдарда анизотропия тек жеке ұсақ кристалшалар үшін байқалады, бірақ олардың әр түрлі орналасуына байланысты барлық бағыт бойынша поликристалдың қасиеті орташа алғанда бірдей.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет