А. Байтурсынов 1-том final indd



Pdf көрінісі
бет123/172
Дата02.12.2023
өлшемі1,78 Mb.
#194761
түріБағдарламасы
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   172
Байланысты:
httpstermincom.kzassetspdf3f6819f4d3d114a3d7389dac6ea4d3d5.pdf

Мінәжат.
Діндар дәуір мұңды, зарлы сөздеріне мінәжат 
деп ат қойған. Әуелінде мінәжат деп ғұламалардың Құдайға 
айтқан зары, арызы, наласы айтылған. Бара-бара зарлық, 
мұңдық мағынасына айналып, зарлы өлең сияқты сөздер де 
мінәжат деп аталатын болған. Мәселен, Сейдахмет ақын мынау 
сөзіне «Мінәжат» деп ат қойған:
Құдай-ау, мен не жаздым, бұл заманға? 
Қадірі болмайды екен жұртқа аманда. 
Ел, жұрттың қасиетін қоян алып, 
Болмайды еш қадірім бір адамға. 
Секілді ай мен жұлдыз аспандағы, 
Қажетің түссе егер бір наданға.
Үйіме келсе мейман анда-санда, 
Қолыма мал түспейді қамдасам да. 
Әйтеуір мұқтаждықтың жолы қиын, 
Қатардан қара басым қалмасам да. 
Әрбір мейман келгенде ұяламын, 
Тілегім қабыл емес зарласам да. 
Бір күнде іздеп тапқан кетті достар, 
Сұрасқан хал-ахуал көңіл хоштар. 
Деміндей айдаһардың тартқан достың 
Бірі жоқ осы күнде қолмен ұстар. 
Қатқан соң қабағына қар менен мұз, 
Қалды ғой қараса алмай қыран құстар.
.................................................................
Бұл сөзден көрінеді: мінәжат түріндегі сөз әман Құдайға ай-
тылатын сөз емес, басын ғана Құдайға қаратып айтып, ар жағы 
әншейін мұң сөзі болатыны. Мінәжаттың басын алып тастаса, 
басқасы мұң, толғау, зарлау болады. Құдайға қаратып бастауы-
мен мінәжат болатын болса, мынау сөз де мінәжат болуға тиіс:
Құдая, құдіретіңе таң қаламын,
Жолында бір ғашықтың зарланамын.
Ішімді ғашық оты күйдіреді,
Сыртыма шығаруға арланамын.
Бірақ бұл мұзмұнына қарағанда мінәжаттан гөрі ғашық 
толғауы-на жақын. Нағыз мінәжат төмендегі түрлі сөздер 
боларға керек.
Ғашырбек соғысып жүргенде байлауда тұрған Жүсіпбек 
Құдайға, тауларға мінәжат етіп айтқан сөзі:
Он сегіз мың ғаламның 
Падишасы едің Құдайым! 


314
Құдая, саған жылаймын, 
Кешіргейсің күнәйім! 
Өзіңнің нашар пендеңмін, 
Әр жапаңа көнгенмін. 
Ғашырбектей тағама (нағашыма) 
Медет берер күн бүгін! 
Он сегіз мың ғаламды 
Халық қылып бар еткен, 
Неше әулие, әнбие, 
Неше хакім пана еткен! 
Ғашыр сұлтан тағама 
Медет берер күн бүгін!
Кәпір патшасы Жүсіпбектің сөзіне ашуланып, дарға асуға 
бұйырғанда, Жүсіпбек медет тілеп айтқан мінәжаты мынау 
дейді:
Он сегіз мың ғаламның 
Падишасы едің Құдайым! 
Құдая, саған жылаймын, 
Кешіргейсің күнәйім! 
Кәпірлер аспақ таладар 
Дар үстінде еттім зар. 
Дін шырағы Мұхаммет, 
Сенен басқа кімім бар! 
Құдай шері, иә, Ғали, 
Біздерден болшы хабардар!
Айналайын Имам ағзам! 
Қанша болды менің жазам? 
Кәпірлерден жетті қазам. 
Шын қақиқат қозым деп, 
Назар етер күн енді!
........................................
5. 
Мақтау.
Діндар дәуірдің мақтау өлеңінде діндарлық 
көрініп тұр. Діндар дәуірден ілгергі ақындардың сөзінен дін-
дар дәуірдің ақындарының сөзінде керек емес артық сөздер 
толып жатыр. Көбінің мақтауы да орынсыз келеді. Аят 
оқитын адамша көбі өлеңдерін ағузу мен бисмилладан бастай- 
ды. М ы с а л ы: сарт Жақып деген ақынның Әлмағамбет судь-
яны мақтаған сөзі былай басталады:
Әуелі ағузу билла бастағаным, 
Жарамас Хақтың есімін тастағаным.


315
Бисмилла рақыман рақым деп, 
Етпекке шәні мадық қастағаным. 
Тартамыз ағузу билла әуел бастан, 
Бисмилла сөз тартылса, шайтан қашқан. 
Тұсында әр патшаның бір сұрқылтай, 
Тұра алман етпей қарап шәні дастан...
.............................................................
Екінші бір Жорабай ақын деген сол Әлмағамбет судьяны 
мақтаған сөзін былай бастайды:
Бастаймын бұл сөзімді бисмилладан, 
Қағазға бисмилла деп тартам қалам. 
Жаппарым адамзатты әрқашан да 
Сақтасын мұсылманды есен-аман. 
Әлеке Жармолаға келіп тұрды, 
Үміт көп соның үшін бір құдадан. 
Жайықта даңқы шығып жатушы еді, 
Келтірген бұл араға біздің талан.
Мақтауда ұлы мақсат, таза қошемет, таза ықылас болмаған. 
Анайы ақындар сияқты тікелей сұрамағанмен, әкім болған, 
төре болған, ықпалы жүрген адамдардың жылы назарында 
болу мақсатпен көбі жарамсақтанып, жәрәукеленіп айтқан.
6. 
Даттау.
Сөгу, жамандау, айыбын, мінін айту – бәрінің 
жалпы аты даттау болады. Даттау табына бір адамның 
басындағы мінін айтқан сөз де кіреді, бүтін елдің, халықтың 
басындағы мінін айтқан сөз де кіреді. Діндар дәуірдегі датта-
уда көпті даттағандар көбінесе шариғат жолына шалығын ай-
тып даттаған. Адам басын даттағанда, әуелі мақсатпен, күйініп 
даттаған. Үйіне қондырмаған, қонақасы оңды бермеген сияқты 
ұсақ себептерден реніш етіп даттаған.
Көпті даттау мысалы:
Әуелі бисмилла деп сөз басталық, 
Алланың хақ жолынан адаспалық. 
Жолы деп шариғаттың ғамал қылса, 
Иншалла, сол уақытта азбас халық. 
Азырақ осы жерден шошынамын 
Өтірік пайдаға асты, рас қалып.
Жалған сөз азаматқа болды оңай, 
Замана болды, халқым, әлдеқалай! 
Аузыңнан жалғыз кәлам шыққан сөзің 
Кезеді бір сағатта тоқсан тоғай. 


316
Құдайым өзі сақтап, оңғармаса, 
Болып тұр бұл замана судан да ылай.
 (Әбубәкір)
Бұл болса, ешкім бақпас жолдасына, 
Алданар арам дүние олжасына. 
Біреудің ұры залым малын ұрлап, 
Сұраса, бәле салар өз басына. 
Қарсы дау біреу айтса, соны тыңдап, 
Бас адам көзім жетті оңбасына. 
Парқы жоқ бұ заманның адамының, 
Бірінің-бірі нанбас Алласына. 
Байлардың бала оқытқан ісін қара 
Зекетін саудалайды молдасына. 
Пақырды міскінменен партия қып, 
Берері садақасын қолқасына. 
Бұл сөзі Сейдахмет өтірік пе,
Рас па, көптің салдым ортасына. 
7. 
Айтыс.
Діндар дәуірдің айтыс өлеңдері де дін әсерінің 
күштілігін көрсетеді: ақындар айтысқанда бірін-бірі сүрінту 
үшін, дінге, шариғатқа теріс ғамалдарын көрсетіп сүрінтуге 
тырысады. Шариғатқа теріс істерін мін қылып мүдіртпек бо-
лады. Мәселен, Айқын мен Жарылғасын айтысқанда екеуі 
шариғатты жамандық-жақсылық, дұрыстық-терістіктің тия- 
нағы, нарқы, таразысы, шариғат жөнімен бірін-бірі міндеп 
айтысқанын көреміз.
Айқын айтады:
Қожа-еке, есенсіз бе, сәлем бердік! 
Мүбәрәк дидарыңды жаңа көрдік. 
Жүзіңде рақметің бар ер екенсіз, 
Жоқ шығар көңіліңізде тәкаппарлық. 
Өзің біл сөйлескен соң не деріңді, 
Қазірде қолыңды бер, көріселік!
Жарылғасын қожа айтады:
Жарқыным, сәлем берсең, сәламат бол! 
Жетеді мұратына өлмеген құл. 
Сіз берсең сәлеміңді, әлік алдық, 
Сүннеті Пайғамбардың қазулы жол. 
«Қол берсең, көріселік!» деген сөзің 
Бұл дұрыс шариғатқа болмайды сол. 


317
Таранған тоты құстай бала екенсің, 
Мысалы екі бетің алқызыл гүл. 
Хал білмек, жөн сұрамақ ғам ғанимат,
Абзалда, сөйлеселік, атың білдір
8.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет