А. Ерғалиева Аналитикалық химия Сапалық және сандық анализ



бет2/22
Дата29.01.2018
өлшемі3,62 Mb.
#36042
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

1.4 Химиялық ыдыстар


Зертханалық тәжiрибелер жоғары температураға төзiмдi мөлдiр түссiз шыныдан жасалған ыдыстарда жүргiзiледi. Мұндай ыдыстар көбiнесе құрамында 81% SiO2, 5% Na мен K оксидтерi, 13% B2O3 бар п и р е к с шынысынан жасалады. Пирекс шынысының температура әсерінен ұзару коэффициенті өте аз шама, сондықтан пирекс шынысынан жасалған химиялық ыдыстар жоғары температураға төзiмдi, температураның 150-1800С-қа ауытқуына төтеп бередi, жарылмайды және химиялық реактивтердiң әсерiне де шыдамды болады.



Сапалық реакцияларды орындау үшін және тұнбаны ертіндіден бөлу үшін арнайы центрифугалық пробиркалар пайдаланылады (сурет 1).


Сурет 1. Центрифугалық (аналитикалық) пробиркалар

а – дөңгелек түпті пробирка; б – конус түпті пробирка


Тәжірибелер жасау үшiн фарфор ыдыстар да (қалың және жұқа) пайдаланылады. Аналитикалық химия зертханасында көбінесе жұқа фарфор ыдыстар (сурет 2) қолданылады, олар жоғары температураға төзімді, температураның 150о-1800С-қа ауытқуына шыдайды, ал ауытқу бұл мәннен жоғары болса, жарылады. Жұқа фарфор табақшаға құйылған ерiтiндiнi тек құм моншасында, не асбест төселген плитка үстiнде буландыру керек, кәдiмгi плиткада (t0 ≈ 3000С) немесе спирт шамының жалынында (t0 ≈ 5000С) буландыруға болмайды. Судың қайнау температурасы 1000С болғандықтан, плиткада температураның ауытқуы 2000С шамасында, ал спиртовкада 4000С шамасында болады, сондықтан фарфор табақша жарылады.


Сурет 2. Жұқа фарфор ыдыстар

1 – тигельдер, 2 – буландырғыш тостағанша


Жұқа фарфор ыдыстар келесі мақсаттар үшін қолданылады:

- ерiтiндiлердi буландырып концентрлеу;

- ылғал заттарды құрғату;

- қатты заттарды күйдіріп қыздыру.

Жұқа фарфор ыдыстарды муфель пештерінде 10000С-қа дейiн қыздыруға болады. Ыстық фарфор ыдысты темiр қысқышпен ұстауға болмайды, жарылып кетедi. Сондықтан темір қысқыштардың ұш жағына резина түтiкше кигiзiледi.

Сұйықтың дәл көлемiн өлшеп алу үшiн қолданылады:



-бюреткалар (сурет 3);

-пипеткалар (сурет 4).

Сурет 3. Бюреткалар

Каталог: files -> book
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
book -> Макс Лукадо сенің Қолыңнан келеді
book -> Игілігіміз үшін болатын азаптар Құдай неге қиындыққа жол береді?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет