А. Ж. Сисенбердиева


Бір жастан бастап 2 жасқа дейінгі балаларға ұйымдастырылған



Pdf көрінісі
бет9/43
Дата19.04.2020
өлшемі2,95 Mb.
#63050
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   43
Байланысты:
sisenberdieva-dene-tarbiesi


Бір жастан бастап 2 жасқа дейінгі балаларға ұйымдастырылған  
оқу іс-әрекеттерінің тақырыптары 
Бір жастан - бір жас алты айлық балалар үшін: 
Жүру  және  тепе-теңдікті  сақтай  білуге  үйрету:  жолмен  (жолақшамен) 
еңкіш  тақтаймен  жоғары-тӛмен,  жіпті  таспалар  мен  еденге  қойылған 
таяқшалардан  аттау  арқылы  кӛздеген  жеріне  жету.  Жәшіктің  үстіне  кӛтерілу 
(10-15см) және одан қайта түсу. 
Еңбектеу, ӛрмелеу: орындықтың, жіптің, доғаның астымен ӛту. Бӛренеден 
аттап ӛту. 

 
66 
Лақтыру,  сырғанау,  қағып  алу:  түрлі  ӛлшемдегі  шарлар  мен  доптарды, 
ойыншықтарды  алып  тасымалдау.  Допты  бір  қолмен  және  екі  қолмен  алға 
қарай, тӛменге лақтыру, себетке салу. Допты ылдиға домалату. 
1 жас 6 айдан бастап 2 жасқа дейінгі балалар үшін:  
Жүру  және  тепе-теңдік  жаттығулары:  үлкендермен  (5-7  адам)  бір-
бірімен,  екі-екіден  қол  ұстасып;  айнала  таяқшалар  мен  жіптерден  аттап  ӛту, 
гимнастикалық  орындықтар  мен  жәшікке  кӛтеріліп,  түсу  (тәрбиешінің 
кӛмегімен қол ұстасып, 10-15 см). 
Жүгіру: тура бағытта ойыншықтарға дейін жүгіру. 
Жалпы дамыту жаттығулары:  
Қолды  жоғары  кӛтеру  және  түсіру,  қолды  алға  созу,  артқа  жасыру; 
алақанды  жұмып  ашу;  отырып  тұру.  Заттарды  бір-біріне  беру  арқылы  оңға, 
солға бұрылу. 
Еңбектеу,  ӛрмелеу:  бӛрене  арқылы  екі  қатар  жатқан  жіптің  ортасымен 
тӛртаяқтап  еңбектеу,  шығыршықтан  ортасынан,  орындықтың  үстімен  жүру, 
(биіктігі 1,5м) сатыға ӛрмелеп шығу. 
Лақтыру, сырғанау, қағып алу: допты жоғарыға (қағып алмай) лақтыру, екі 
қолмен сырғанату, допты бір-біріне беру, әртүрлі құралдарды 
1 кіші топтағы екі жастан бастап үш жасқа дейінгі балаларға арналған 
бағдарлама 
Бұл  кезеңде  жағдайлы-іскерлік  қарым-қатынастар  пайда  болып  және  белсенді 
түрде  дами  бастайды.  Бала  мен  ересектің  ӛзара  іс-әрекет  үдерісінде  баланың 
тілдік енжарлығымен қатар  белсенділігі де қалыптасады. Бала тілдің дыбыстық 
жағын меңгеріп, оның фонематикалық естуі дами бастаса, сондай-ақ, ана тілінің 
дыбыстарын дұрыс дыбыстауы қалыптасады. 
 «Денсаулық» білім беру саласы 
2 жастан 3 жасқа дейінгі кіші жас кезеңінде ағзаның барлық жүйелері мен 
қызметтері қалыптасады. Бойы 90-95 см; денесінің салмағы 14-15 кг, кеудесінің 
кӛлемі  50-52  см.  Бұл  жастағы  негізгі  даму  буыны  тек  физикалық  ғана  емес 
сонымен  қатар  интелектуалдық  дансаулығын  қамтамасыз  ететін  дене,  қол, 
саусақтарының  қозғалыстары  болып  табылады.  Бала  үлкендердің  кӛмегімен 
гигиеналық  процедураларды  бар  ықыласымен  орындайды,  киіміндегі 
ұқыпсыздықты  байқайды,  ұзақ  уақыт  ӛзін  сергек  сезінеді.  Үшке  қараған 
шағында 20-ға жуық сүт тісі пайда болады. 
«Денсаулық» білім беру саласының базалық мазмұны 
Үш  жастағы  баланың  физиологиялық  дамуына  жағдайлар  жасау  кӛбінесе  әр 
баланың  жеке  даралық  келіс  жасауын  талап  етеді.  Мұнда  толыққанды 
гигиеналық күтім, күн тәртібін нақты орындау, ӛмірі мен жүйке жүйесін сақтау, 
қорғау, қажудың, болдырудың және түрлі жарақаттанудың алдын алу. 
Мақсаты: Дене шынықтыру жаттығуларына саналы түрде түсініп, 
меңгеруін қалыптастыру және қимыл-қозғалыс дағдыларын дамыту. 
«Денсаулық»  білім  беру  саласының  базалық  мазмұны  ұйымдастырылған 
оқу іс-әрекеті арқылы жүзеге асады: 

 
дене шынықтыру; 

 
валеология. 

 
67 
Міндеттер: 

 
баланың  физикалық  және  психикалық  қал  ахуалын  қолайлы  жағдайлар 
жасау; 

 
бастапқы гигиеналық дағдыларын қалыптастыру; 

 
ересектің  кӛрсеткен  үлгісі  бойынша  қимыл-қозғалысты 
орындау 
дағдыларына үйрету. 
Дене шынықтыру 
Балалардың  бұл  жаста  әлі  қимыл-қозғалысты  ептіліктері  тұрақты  емес, 
сондықтан  да  оларға  кӛбінесе,  ересектің  қозғалысына  еліктеп  немесе  жан-
жануардың  қимылдарын  (кӛжектің  секірісін,  құстың,  кӛбелектің  ұшуын) 
имитацияларын ойын түрінде қайталайды. Дене шынықтыру жаттығулары ойын 
түрінде таңертеңгілік гимнастикада және аптаның арнайы белгіленген күнінде, 
жалпы уақыты 5-7 минуттан аспайтын мӛлшерде ӛткізіледі. 
Бала  денесінің  дұрыс  дамып  қалыптасуына  септігін  тигізетін  ойын 
материалдары  бар  қимыл-қозғалысқа  толы  ойындарды  баланың  жеке  дара 
ерекшеліктерін ескере отырып ұйымдастыру. 
Мәдени-гигиеналық дағдылары 
Баланың жеке бас гигиенасының басты дағдыларын түрлі кӛрнекіліктер кӛрсету 
мен  қолдау  тәсілі  арқылы:  қолды  дұрыс  жууға,  құрғатып  сүртуге,  ӛз  бетімен 
таза  және  ұқыпты  тамақтануға;  қасық,  кесе,  сүлгілерді  дұрыс  және  орынды 
қолдануға  және  тамақтану  кезінде  аузын  жұмып  жеуге  үйрету.  Әрбір 
тамақтанғаннан  кейін  ауыз  қуысын  сумен  шайқауды  үйрету.  Ӛздігінен  киіну 
және  шешіну;  киімін  ұқыпты  бүктеп  қою,  түймелерді  ағыту,  бауларды  байлау 
және бір-біріне кӛмектесу дағдыларын қалыптастыру. Балаларға ӛздерінің жеке 
заттары:  тарақ,  ауыз  шаятын  ыдыс,  сүлгі  мен  бет  орамалды  қолдану  керек 
екенін түсіндіру. 
Сауықтыру-шынықтыру процедурасы 
Бала  ағзасының  қорғаныс  қызметтерін  қалыптастыру  және  денсаулығын 
шынықтыру  жағдайларын  құру.  Баланың  физиологиялық  және  психикалық 
жағдайының  барысында  ауа  ванналарын  күніне  бірнеше  рет  киінгенде  3-5 
минуттен,  салқын  түскенде  бӛлмедегі  серуен  ауа  температурасы  +15  градус 
шамасында және 3-4 қабат киімде болған жағдайда ұйымдастыру. 
Дербес қозғалу әрекеті 
Әрекет  жағдайларына  байланысты  қозғалыс  қажеттіліктерін  қалыптастыру. 
Таныс ертегі кейіпкерлерінің әрекеттерін үлкендерге және құрбыларына еліктеу 
арқылы бейнелеу. Белгілі бір ептілік қабілетін қалыптастыру. 
Ӛмір қауіпсіздік әрекеті 
Күні бойы бӛлмеде және серуенде баланың қауіпсіз сергектігін қамтамасыз ету. 
Балаларды құммен, сумен, ұсақ заттармен ойнау кезіндегі ережелерді сақтауға 
үйрету.  Кездейсоқ  тұрмыстық  жарақаттардың  алдыналу  мақсатында  дәрі-
дәрмектерді,  жуу  және  дәрілеу  құралдарын,  розеткалар  мен  есік,  терезелерді 
қолдануда қауіпсіздікпен қамтамасыз ету.  
Салауатты ӛмір салтының дағдылары  
Адам,  ӛзі,  ұлдар  мен  қыздар  және  жақын  туыстары  туралы  түсініктерін 
қалыптастыруға әсер ету. Адамның дене мүшелері: бас, дене, қол, аяқтарымен 

 
68 
таныстыру.  Тазалық  пен  тәртіп  арқылы  қанағаттанарлық  сезімге  тәрбиелеу, 
үлкендердің айтқанына мұқият болуға үйрету. 
2 жастан бастап 3 жасқа дейінгі балаларға ұйымдастырылған іс-
әрекеттерінің тақырыптары 
«Денсаулық» білім беру саласы 
Дене шынықтыру 
Жалпы дамыту жаттығулары: қол, дене, аяқ үшін.  
Жүру: жайлап, жылдам. Аяқтың ұшымен жүргізу – жіп, тақтайша, текшелерден 
аттап жүру. 
Жүгіру: шеңбер бойымен асықпай, шашырап жүгіру.  
Негізгі  қимыл  қозғалыстар:  бір  уақытта  кем  дегенде  үш  негізгі  қимылдарды 
орындау ұсынылады. 
Еңбектеу:  затқа  дейін,  доға  астынан,  гимнастикалық  орындықтан,  тақтайдың 
астымен.  
Ӛрмелеу: биіктігі 10 см 50х50 см кӛлемде. 
Лақтыру  (диаметр  10-15  см)  допты  50х60  см.  Қашықтыққа  2  қолмен  бастан 
асыра және кеудеден.  
Түсіру: ұсақ доптарды қашықтағы 50 см. қақпаға. 
Секіру: бір орында 2 аяқпен және екі аяқпен алға қарай. 
Қимылды ойындар: «Допты қуып жет», «Шарды ұста», «Күн мен түн», «Түрлі-
түсті кӛліктер», «Аю апанында», «Паравоз», «Маймылдар».  
Мәдени-гигиеналық дағдылар 
Ойындар  ұйымдастыру:  «Қуыршақты  жуындырайық»  -  жеке  гигиеналық 
заттармен  таныстыру  және  оларды  қолдануға  үйрету.  Ұсақ  қол  қимылдарына 
арналған ойындарды ұйымдастыру: «Бәтеңкенің бауын байлаймыз», «Гүлдерді 
түстеріне  қарай  таңдап,  панноға  түймелеу».  «Қуыршақты  ұйықтатайық»  деген 
ойыны тӛсек-орын және киімдерді қолдану дағдыларын дамытады.  
Дербес қимыл-қозғалыс әрекет 
Дербес  қимыл-қозғалыс  әрекетін  дамытуға  арналған  «Дыбыс  арқылы  тап», 
«Шарға  дейін  созыл»,  «Кедергілерден  ӛт»,  «Затты  ал»,  «Күн  мен  түн» 
ойындарын ӛткізуге болады.  
  
Мектепке  дейінгі  кіші  жастағы  (3  жастан  5  жасқа  дейін)  балаларды 
тәрбиелеу  мен  оқытуға  арналған  «Зерек  бала»  бағдарламасы  ҚР  МЖМБС 
талаптарына сай жаңа бағдарламалар кешенінің жалғасы болып табылады. Бұл 
бағдарлама  әлеуметтенудің  бірыңғай  үдерісін  құрайтын  –  баланың  ӛз 
мүмкіндіктерін,  қабілеттіліктері  мен  қажеттіліктерін  түсінуі  арқылы  тұлғалық 
даралануын қамтамасыз ете отырып, 3 жастан 5 жасқа дейінгі балаларды жан-
жақты  дамытуға,  оның  танымдық  қызығушылықтарын  қанағаттандыруға  және 
потенциалдық  мүмкіншіліктерін  ашуға  бағытталған  білім  берудің  бес  саласы 
(«Денсаулық»,  «Қатынас»,  «Таным»,  «Шығармашылық»,  «Әлеуметтік  орта») 
арқылы жүзеге асады.  
Бағдарлама  мазмұны  баланың  тұлғалық  және  физиологиялық,  әлеуметтік, 
қатынастық, шығармашылық, танымдық дамуын қамтамасыз етеді. 
«Зерек  бала»  бағдарламасы  тӛмендегідей  ұстанымдарға  сүйене  отырып 
жасалған: 

 
69 
-оқыту  мақсаты  мен  мазмұнының,  әдістерінің  әлеуметтік  шарттарға  сай  болуы 
мен үздіксіз жаңарып отыруы; 
-тәрбиелеу  мен  оқыту  мақсаттарының  қолжетімділігі,  мазмұны  мен  әдіс-
тәсілдерінің ӛзара байланыстылығы; 
-дара тұлғалық, бірлестік ұстанымы; 
-стратегиялық  білім  беру  қағидаларының  жолдарын  таңдау  еркіндігі  және  оны 
жүзеге асыру әдістері, түрлері және вариативтілік ұстанымы; 
-балаларды  әлеуметтік  қорғау,  педагогикалық,  психологиялық  үдерістерінің 
мазмұны  мен  ұйымдастырылуының  әрекеттілік,  тиімділік,  шығармашылық 
қатынас ұстанымы; 
-тәрбиелеу  мен  оқыту  үдерісін  қарым-қатынас,  зерттеу-іздестіру,  үлкендермен 
және құрдастарымен ынтымақтастық негізінде құру ұстанымы. 
«Зерек  бала»  бағдарламасында  3-4  жасқа  дейінгі  балалар  үшін  
«Денсаулық»  білім  беру  саласының  базалық  мазмұны  бойынша  дене 
шынықтырудан ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті тӛмендегідей жүзеге асады: 
Мақсаты:  дене  шынықтыру  жаттығуларына  қызығушылығын  арттыру, 
қозғалыс ептілігі мен дағдыларын жетілдіру. 
Міндеттері:  
-жүру,  жүгіру,  лақтыру,  қағып  алу,  еңбектеу  және  ӛрмелеу  жаттығулары 
арқылы  қозғалыстың  негізгі  түрлерін  орындаудың  қарапайым  дағдыларын 
қалыптастыру;  
-сапқа тұру мен қайта тұрғызудың қарапайым дағдыларын дамыту; 
-дене  күшінің  қасиетін  дамытуға,  ептілікке,  шыдамдылыққа,  тепе-теңдікті 
сақтауға дағдыландыру; 
-қол  мен  аяқ  қимылдарын  үйлестіріп,  басын  тік  ұстап,  аяғын  сүйретпей  нық 
басып жүруге үйрету; 
-балалардың барлығы бірге, бір қарқында қозғалуына үйрету; 
-жеке гигиеналық дағдылар мен денсаулық сақтау негіздерін қалыптастыру
-дербестікке,  қимылдарының  мәнерлілігі  мен  икемділігіне,  табиғи  және  еркін 
жүру  мен  жүгіру  ептілігіне,  кеудесін  түзу  ұстауға,  тепе-теңдігін  сақтауға, 
топтағы  қатарда  ӛз  орнын  таба  білуге,  қозғалыс  пен  ептілігін  дамытуға 
дағдыландыру; 
-балаларды спорттық ойындармен және жаттығулармен таныстыру. 
Мазмұны:  
Негізгі қимыл түрлерін дамыту жаттығулары 
Жүру: 
-сапта бір-бірлеп, бірінің артынан бірі, жұптасып; 
-тізені жоғары кӛтеріп; 
-тоқтап,  отырып-тұрып,  бұрылып,  «жыланша»  ирелеңдеп,  заттарды  айналып 
ӛту, аттау арқылы түрлі тапсырмаларды орындау; 
-адымдап алға; 
-адымдап артқа; 
-тӛбешікке мініп, түсіп; 
-еркін  жүруге,  қол  мен  аяқ  қимылдарын  үйлестіруге,  аяқтарын  сүйретпей, 
басын жоғары ұстап жүруге үйрету. 

 
70 
Жүгіру: 
-сапта, арақашықтықты сақтап, әр бағытта; 
-жіптен және қолдарынан ұстап, шеңбер бойымен; 
-түрлі бағыттарда; 
-алаңның бір жағынан келесі жағына; 
-тура және айналма жолмен; 
-жүгіруді жүрумен кезектестіріп, тоқтап, бағытты ӛзгертіп; 
-бір-бірін қуып, ұстап алу; 
-тез қарқынмен (10-20 м дейін); 
-баяу қарқынмен үздіксіз (50-60 сек бойы); 
-балаларды  еркін  жүгіруге,  қол  мен  аяқ  қимылдарын  үйлестіруге,  аяқтарын 
сүйретпей, басын қалыпты ұстап жүгіруге үйрету. 
Секіру: 
- екі аяқпен (аяқтары бірге және алшақ); 
- белгілі бір затқа басымен жанап ӛтіп жоғары секіру; 
- арақашықтығы 2-3 метр жерге дейін қос аяқпен секіру; 
- бір орыннан ұзындыққа, жерде жатқан шығыршыққа секіру; 
- биіктігі 15-20 см тереңдікке; 
- биіктігі 5-10 см заттың үстінен; 
- аяқты бүкпей, бір аяқты екінші аяқпен кезектестіріп секіру. 
Дәлдеп лақтыру, домалату, қағып алу: 
-  бір-біріне  1,5-2  метр  арақашықтықта  отырып,  аяқты  алшақ  қойып,  малдас 
құрып отырып допты домалату; 
- допты тұрып домалату
- қақпадан ӛткізіп допты домалату; 
- допты екі қолымен кеуде тұсынан, бастан асыра, жоғары лақтыру; 
- допты екі қолымен жоғары, тӛмен еденге ұрып (жерге) лақтырып, қағып алу; 
-кӛлденең нысанаға лақтыру, алысқа; 
-нысанаға тігінен оң және сол қолымен лақтыру 
Ӛрмелеу және еңбектеу:  
-арақашықтығы 4-6 метр жерге тура бағытта, «жыланша» ирелеңдеп, қойылған 
заттардың арасымен еңбектеу;  
-еденнің үстіне қойылған тақтайшалармен; 
-жіппен биіктігі 40 см доғаның астынан; 
-гимнастикалық қабырғаның екінші баспалдағына бекітілген кӛлбеу тақтайдың 
бойымен;  
-бӛренеден аттап ӛту; 
-орындықтың астымен жорғалау; 
-еденге тігінен орналастырылған шығыршықтың арасынан жорғалап ӛту; 
-кӛлбеу сатымен ӛрмелеп ӛту; 
-гимнастикалық қабырғаға ӛрмелеу және түсу; 
-сатымен және гимнастикалық қабырғамен (биіктігі 1,5 м) ӛрмелеу. 
Тепе-теңдікті сақтау: 
-бір шетінің биіктігі 20-30 см кӛтерілген кӛлбеу тақтаймен жүру; 
-тегістелген бӛрененің үстімен жүру; 

 
71 
-бір орында аяқтың ұшымен кӛтерілу және тұру; 
-бір орында тұрып екі бағытта да шыр айналу. 
Cапқа тұру және сап құрылымын ӛзгертіп қайта тұру : 
-бүкіл немесе шағын топтармен сапқа, шеңберге, қатарға тұру;  
-орнында адымдап, бұрылу арқылы қатардағы ӛз орнын табу. 
Музыкалық- ырғақтық жаттығулар 
Музыка әуенімен бірлесіп, жекелей сап түзеп жүру. Музыканың басталуы  мен 
аяқталуын ырғақты қозғалыспен кӛрсету. Жануарлар мен ертегі кейіпкерлерінің 
қимыл-қозғалысын кӛрсету. Би қимылдарын жасау.  
Жалпы дамыту жаттығулары 
Қол мен иық бұлшық еттерін нығайтуға арналған жаттығулар 
Жаттығуларды  құралмен  немесе  құралсыз  орындауда  қолдарын  жанынан 
жоғарыға  кӛтеріп,  қолдарын  кезекпен  немесе  бірге  түсіру.  Құралды  алдынан, 
артынан,  басының  үстімен  қолдарына  кезекпен  ауыстыру.  Алдынан  немесе 
басының  үстінен  шапалақтап қолдарын  артына жасыру.  Қолдарын  алға  созып, 
жан-жағына  апару,  алақандарын  жоғары  бұрып,  буындарын  кӛтеріп  түсіру, 
саусақтарын қозғалту. Қолының саусақтарын жұмып ашу. Қолдарын белдеріне 
қою. 
Аяққа арналған жаттығулар 
Аяқтың ұшымен кӛтерілу. Аяқтың ұшын алға, жанына, артқа қою. Қатарынан 2-
3 рет жартылай отыру жаттығуларын  жасау. Қолдарын алға созып, қолдарымен 
тізесіне  сүйеніп,  тізесін  құшақтап  және  басын  иіп  отыру.  Тізесінен  бүгілген 
аяқтарын  кезекпен  кӛтеру,  тізесінен  бүгілген  аяқтарын  бір-біріне  соғып, 
шапалақтау. Құм салынған қапшықтарды отырған күйде аяқтарымен ұстап алу. 
Таяқшамен,  валикпен  (диаметрі  6-8  см)  жан-жағына  табанының  ортасымен 
сүйеніп қосалқы адымдармен қозғалу.  
Кеудеге арналған жаттығулар 
Бір-біріне басының үстінен допты беру (алға және артқа). 
Қолды алға кӛтеріп оңға және солға бұрылу. Алға, оңға, солға еңкею. Бұрылып 
отырып құралды артына қою және бұрылып алу. Артқа сүйеніп отырып, аяғын 
ӛзіне тарту, малдас құрып отыру, созу; тізесін құшақтап екі аяғын ӛзіне  тарту, 
аяқтарын  кезекпен  кӛтеріп,  оларды  бір-біріне  қою  (оң  аяғын  сол  аяққа  немесе 
керісінше).  Отырып  алға  еңкею.  Тіземен  тұрып  алға  еңкею.  Арқасымен  жерде 
жатып бір мезгілде қолы мен аяғын кӛтеріп, түсіру, велосипед тебісіне еліктеп 
аяқтарын  қозғау.  Жерге  ішпен  жатып  аяқтарын  майыстырып  жазу  (бір-бірлеп 
және  бірге).  Арқасымен  жерде  жатқан  жерінен  аунап  барып  ішпен  жату  және 
керісінше  айналу.  Ішпен  жатып  қолдарын  жан-жағына  созу  арқылы  иілу  және 
иықтарын кӛтеру.  
Спорттық жаттығулар 
Шанамен сырғанау 
Биік емес тӛбешіктерден сырғанау, бір-бірін сырғанату. 
Сырғанау 
Үлкендердің кӛмегімен мұзды жолдармен сырғанау. 
Шаңғымен жүру 

 
72 
Шаңғыларды киіп, шешу, оларды орнына қою, түзу шаңғы жолында аттап басу 
және сырғанау адымдарымен жүру. 
Велосипед тебу 
Велосипедке міну және түсу, үш аяқты велосипед тебу. 
Жүзуге дайындық 
Суға кіру және шомылу, су ішінде ойнау. 
Дене  тәрбиесінен  айына  1  рет  ұзақтығы  15-20  минут  болатын  ойын-сауық 
шараларын ұйымдастыру. 
  
4-5  жасқа  дейінгі  балалар  үшін    «Денсаулық»  білім  беру  саласының 
базалық  мазмұны  бойынша  дене  шынықтырудан  ұйымдастырылған  оқу  іс-
әрекеті тӛмендегідей жүзеге асады: 
Мақсаты:  баланың  денсаулығын  сақтау  және  нығайту,  дене  жаттығуларын 
жасауға  қызғушылықтарын  арттыру,  қимылдық  іскерліктері  мен  дағдыларын 
жетілдіру. 
Міндеттері: 
-жүру, жүгіру, секіру, лақтыру, лақтырып тосып алу, еңбектеу және ӛрмелеудегі 
негізгі қимыл түрлерін орындау іскерліктерін жетілдіру; 
-ұйымшылдыққа,  дербестікке,  шығармашылыққа,  құрдастарымен  ӛзара  достық 
қарым-қатынаста 
болуға 
тәрбиелеу, 
икемділікке, 
шапшаңдыққа, 
шыдамдылыққа үйрету, тепе-теңдік қалпын сақтау іскерліктерін меңгерту; 
-барлығы бірге, бірдей қарқынмен әрекет етуге үйрету; 
-денесін  дұрыс  ұстауға,  жеке  бас  гигиенасын  сақтау  дағдысы  мен  денсаулық 
сақтау негіздерін қалыптастыру; 
-спорттық ойындармен, жаттығулармен таныстыру; 
-белсенді  қимыл-қозғалыс  (қимылдың  қосымша  түрлерін  соның  ішінде  емдік-
сауықтыру бағытындағы қимыл әрекеттерін енгізу, ӛз еркімен қимыл-қозғалыс 
жасау үшін күн тәртібінен уақыт бӛліп, мүмкіншілік жасау) уақытын ұлғайту; 
-әр  халықтың  қимылды  ойындарына,  сабақтағы  спорттық  құрал-жабдықтарды 
қолдануға қызығушылықтарын арттыру; 
-түрлі спорттық құрал-жабдықтармен жабдықталған, әртүрлі қимыл әрекеттерін 
дамытуға жағдай жасайтын қозғалыс ортасын құру. 
Мазмұны: 
Негізгі қимыл түрлерін дамытуға арналған жаттығулар 
Жүру
-аяқ ұшымен, ӛкшемен, табанның ішкі жағымен; 
-қолды әртүрлі жағдайда қойып адымдап және тыпырлап жүру; 
-аяқтың ұшын бір-біріне жалғау арқылы (алға, артқа, оңға, солға); 
-сапта қарқынды ӛзгертіп шеңбер бойымен, бағытпен; 
-басқа қимылдармен алмастырып жүру. 
Жүгіру: 
-жұптасып және бір қатармен; 
-аяқтың ұшымен, тізені жоғары кӛтеріп, адымдап, тыпырлап; 
-бағытты ӛзгерте отырып; 
-сызық арасы арқылы жіңішке жолмен
-бір қатарға қойылған заттардың арасынан «жыланша» ирелеңдеп жүгіру;  

 
73 
-ұстап алу арқылы; 
-жылдам, тоқтамай баяу қарқынмен (1-1,5 мин); 
-орташа жылдамдықпен (арақашықтығы 40-50 метр); 
-оралып жүгіру 3 рет 10-20 метрден (жылдың соңында 5,5-6 секунд); 
-жүрумен алмастыра (40-60 метр) жүгіру. 
Секіру
-аяқты  бірге,  алшақ  қойып,  біреуін  –  алға,  екіншісі  –  артқа  қойып,  бір  орында 
тұрып жоғары; 
-бір орында тұрып оңға, солға бұрылып; 
-айналып; 
-бір орында тұрып 20 рет, қос аяқтап (тоқтап және жүрумен алмастырып 2-3 рет 
қайталау); 
-арақашықтығы 2-3 метрге дейін алға қарай жылжып қос аяқтап секіру; 
-4-6 сызықтан (арақашықтығы 40-50 см) бір орында тұрып ұзындыққа секіру; 
-шеңберден шеңберге секіру; 
-биіктігі 20-30 см болатын тереңдікке; 
-биіктігі 5-10 см болатын 2-3 заттар арқылы тізбектеліп секіру; 
-бір орында оң және сол аяқпен кезектестіріп; 
-70 см-ден кем емес бір орында тұрып ұзындыққа
-қысқа секіртпемен. 
Лақтыру, қағып алу, домалату: 
-допты, шарды бір-біріне таяқшалар, жіптер, сызықтар арасынан бір затқа тигізе 
отырып лақтыру; 
-еркін бағытқа құрсауды домалату; 
-допты жоғары лақтырып, қағып алу; 
-допты еденге ұрып, қағып алу (қатарынан 3-4 рет); 
-допты кеудеден қос қолмен бір-біріне лақтыру; 
-отырып және тұрып допты тӛменнен, басынан асыра бір-біріне лақтыру; 
-допты қос қолмен еденге ұру; 
-допты оң және сол қолмен еденге ұру; 
-затты тігінен және кӛлденеңінен дәлдеп 1,5-2 м арақашықтықта оң, сол қолмен 
лақтыру; 
-допты қабырғаға ұрып, қағып алу. 
Еңбектеу және ӛрмелеу:  
-6-8 метр арақашықтыққа тӛрт тағандап еңбектеу; 
-биіктігі 40 см арқанның, доғаның, таяқтың астынан еңбектеу; 
-заттар арасынан алақан мен табанға сүйене отырып еңбектеу; 
-тіке және қырынан еңбектеу; 
-орындық астынан ішпен еңбектеу
-кӛлденең,  еңкіш  тақтай  және  орындық  үстімен  қолымен  тартылу  арқылы 
еңбектеу; 
-бӛрене үстімен еңбектеу; 
-кӛлбеу сатының жиегінен ұстап ӛрмелеу; 
-еденде бір қырымен тұрған сатының тақтайшаларының арасымен ӛрмелеу; 
-гимнастикалық қабырға бойымен жоғары ӛрмелеп, тӛмен қарай қадаммен түсу; 

 
74 
-аяқтың ұшын бір-біріне жалғау арқылы оңға, солға; 
-бір орыннан екінші орынға оңға, солға адымдау. 
Тепе-теңдікті сақтау: 
-жүгіру барысында тоқтап, бағытты ӛзгертіп, ары қарай жүгіруді жалғастыру; 
-тура және шеңбер бойымен, иректеліп қойылған жіптің бойымен жүру; 
-басына қапшық (салмағы 400 грамм) қойып жіптің бойымен жүру; 
-қабырғалы тақтай бойымен жүру; 
-гимнастикалық  орындық  үстіне  қойылған  кубиктерді  аттап,  сатының 
тақтайшалары арқылы жүру; 
-кӛлбеу  қойылған  тақтайдың  үстімен  қолды  түрлі  жағдайда  қойып  жоғары-
тӛмен түсу; 
-кӛлденең және еңкіш бӛрене бойымен тура және қырынан жүру; 
-алдымен бір жаққа, содан соң екінші жаққа айналу (қол белде). 
Сапқа тұру, сап құрылымын ӛзгертіп қайта тұру: 
-ӛз еріктерімен сапқа бір қатармен тұру; 
-кӛп  емес  топпен,  екеуден,  үшеуден  және  барлық  топпен  шеңбер  болып,  сап 
түзеп тұру; 
-сап түзеу және шашырау; 
-бағытқа қарап түзеліп, тізбектеліп тұру; 
-оңға, солға, айнала бұрылу. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет