А. К. Дутбаева Е. А. Омарханов



бет2/6
Дата18.09.2024
өлшемі54,2 Kb.
#204646
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
5 сынып тәрбие жоспары дұрысы сонгы

Бағдарламаның мақсаты:
қазақстандық мәдениет құндылықтары негізінде азаматтық жауапкершілік пен патриотизм, парасаттылық пен адалдық, ар-ұждан, рухани-адамгершілік қасиеттерін бойына сіңірген, үйлесімді дамыған тұлға қалыптастыру.
Бағдарламаның міндеттері:
Рухани-адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу:

  • отанға, өз халқына, оның тарихы мен мәдениетіне деген сүйіспеншілікті қалыптастыру;

  • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге тәрбиелеу;

  • адалдық, әділдік, мейірімділік, ар-ұят пен қамқорлық, қайырымдылық және басқа да адамдық қасиеттерді дамыту;

  • табиғатқа және қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу.

Азаматтық жауапкершілік пен патриотизмді дамыту:

  • елінің жетістіктері үшін мақтаныш сезімін ұялату;

  • отбасы, қоғам және мемлекет алдындағы өз міндеттеріне саналы көзқарас қалыптастыру;

  • өз құқығы мен бостандығы, сондай-ақ басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға дайын

  • болуға баулу;

  • әлеуметтік маңызы бар қызметке белсенді қатысуға тәрбиелеу.

Парасаттылық пен адалдықты қалыптастыру:

Білім алушының жеке басының үйлесімді дамуы үшін жағдай жасау:

  • әрбір білім алушыны тәрбиелеу мен оқытуда даралау мен саралау тәсілдемелерін қамтамасыз ету;

  • білім беру ортасында жағымды психологиялық-педагогикалық ахуал қалыптастыру.

Бағдарлама мазмұны:
Білім алушылардың бойында құндылықтарды дамыту білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие процесі жағдайында жүйелі ұйымдастырылады. Бұл міндетті іске асыру білім беру мазмұны, сынып сағаттары мен сыныптан тыс іс-шаралары арқылы жүзеге асырылады.
Ай сайын өткізілетін тұрақты іс-шаралар білім алушылардың біртұтас тұлғасын қалыптастыруға бағытталуы тиіс:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет