1.39. Стандарт
«Білезік артериядан пульсті анықтау»
Мақсаты: пульстің қасиетін анықтау, жүрек-қан тамырларының жағдайын бағалау
Көрсеткіші: пациенттің жағдайын бағалау.
Пульсті анықтау: білек, шынтақ, ұйқы , самай, тізе асты, сан артериялардан.
Пульстің параметрі: жиілік, ырғақ, кернеулік, көлемі, толу.
Керекті құралдар: сағат (секундомер),қағаз, температура парағы, қызыл түсті қалам
Жасау әдісі:
1.Пациентке шараны түсіндіру, келісімін алу.
2. Қолға деконтаминтация жасау гигиеналық деңгейде,
перчатка кию.
3 Пациентті ыңғайлы жағдайға келтіру.
4 Пациенттің білегін бүкіл саусақтарыңызбен ұстаңыз, 2,3,4 саусақтарымен сәулелі артерияны сипап сезіп , оны білек сүйегіне басыңыз, 1-саусақты білектің сыртқы жағына қойыңыз.
5 Келіп тұрған қан толқындарын сезіңіздер.
6 Пульстің симметриясын анықтау - екі қолдың тамырлары бірдей қанға толуы керек
7 Пульстің ырғағын анықтау
8 Жиілігін анықтау
9 Қанға толуын
10 Кернеулігін
11 Алған нәтижені графикалық сызықпен температура қағазына жазады
12 Пациентке зерттеу нәтижесін айтып өту
13 Қолды жуып, құрғату
1.38. Стандарт
«Қолтық астында науқастың қызуын өлшеу»
Мақсаты: диагностикалық пациенттің дене қызуын анықтау
Көрсеткіші: ағзаның функционалды қызметін бақылау,АІИ қауіпсіздігі
Кері көрсеткіші: Қолтық асты аймақтағы қабыну процесі
Құрал- жабдықтар: термометр, лоток, температура парағы, қара қалам стержен, температура журналы, салфетка, дез ерітінділер
Дене қызуының өлшеу орындары: қолтық асты, ауыз қуысы, шат аралығы (балаларда), тік ішек
Жасау әдісі:
1.Пациентке шараны түсіндіру, келісімін алу.
2. Қолға деконтаминтация жасау гигиеналық деңгейде,
перчатка кию.
3 Термометрді алып , оны сілкіп ең төменгі деңгейге түсіреді
4 Қолтықтың аймағына назар аудару , қабыну процесі білінсе (термометрдің көрсеткіші жоғары болады)
5 Науқастың қолтығын сүртіп (тері дымқыл болса, термометрдің көрсеткіші төмен болады)
6 Термометрдің сынабын қолтықтың ортасына орналастыру, науқас қолын кеудесіне алып келеді
7 10 минуттан кейін термометрді алып көрсеткішін анықтайды
8 Алынған температураның көрсеткішін температура журналына жазады
9 Термометрді сілкіп (сынаптың деңгейі резервуарға түседі) және дез ерітіндіге салыңдар, 1 %-ды хлорамин-30 минут
10 Қолды жуып, құрғату
Достарыңызбен бөлісу: |