Тянь – Шань тау алқабы. Қазақстан территориясында мынандай қыраттардан құралады Іле Алатауы, Күнгей Алатауы, Жоңғар Алатауы, Нарым, Қаратау қыраттары.
Іле, Жоңғар және Күнгей Алатауларының климаты адамға өте жағымды, жазы жылы, күз түскен кезде күн сәулесі көп, қыста қар кей жерінде қалың түскені мен жылы. Бұл жер халық үшін демалуға өте қолайлы.
Бурабай. Республикамызда көрікті демалыс орындарының бірі Көкше өңірінде орналасқан Бурабай аймағы. Бүгінгі Бурабай аймағында көптеген демалыс үйлері, профилактикалық сауықтыру орындары салынып, олардың бәрі халық игілігіне айналып отыр. Бурабай бауырында атап айтсақ, «Бурабай», «Щучье», «Оқжетпес», «Ботакөз», «Светлый» демалыс үйлерімен «Золотой бор» атты туристік базалар бар.
Табиғат аясында демалушылардың санының артуы топрақтың беткі қабатының бұзылуына, өсімдіктердің сиреуіне, жануарлардың тіршілік ортасын өзгеруіне, санының азаюуына, сыртқы ортаның ластануына әкеліп соғады.
Туристер табиғат аясында жүргенде табиғатқа зиянын тигізбей
дұрыс жүрулері үшін мынандай тәрбиелік жұмыстар жүргізілуі қажет.
Рекреация аймағында мәдениетті демалу үшін жас кезінен бастап тәрбиелеу;
Биология, табиғаттану география пәндерін оқығанда табиғатты қорғау мәселесіне жете көңіл бөлу;
Туристер мен демалушыларға табиғатты танып үйренуден үлкен пайда бар екенін көрсету;
Ұлттық парктерде, жие баратын демалатын зоналарда арнайы тәртәпке келтіретін өрттен сақтау;
Табиғат аясынада үлгілі, мәдениетті демалу әр азаматтың моральдық кодексіне айналу қажет
Достарыңызбен бөлісу: |