А м. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік



бет87/103
Дата05.02.2022
өлшемі1,39 Mb.
#11747
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   103
Бақылау сұрақтары.

  1. Каспий теңізінің орналасу аймағы.

  2. Каспий теңізінің табиғат байлықтары (балықтар, фаунасы мен флорасы т.б.)

  3. Каспий теңізінің көтерілуі.

  4. Негізгі алаңдататын экологиялық жағдайлар.

11 Семинар
Тақырыбы: Қазақстан полигондары.
Мақсаты: Семей полигонының қоршаған ортаға әсері.
Республикамыздың аумағында ядролық қарудың сыналғаны әлемге әйгілі. Соның ішінде Семей полигоны ғана жұрт назарында болып қалған сынақ аймақтары жасырылып келген еді. Шын мәнінде қазақ даласының 19 млн гектар жері 40 жыл бойы ядролық сынақ полигоны болды. Ол жерлер Семей, Азғар, Нарын, Тайсойған т.б. полигондары алып жатқан табиғаты әсем шұрайлы жайылымдар еді. Осы жерлерде 1949 – 1989 жылдар аралығында болған ядролық сынақтардың 27 – сі атмосферада, 183 – і жер бетінде, қалғандары жер астында жасалды. Атом қаруы сыналған елдермен салыстырсақ Ресейде - 225, АҚШ – та – 1032, Қазақстанда – 500 – ден астам жарылыс жасалған. Дүние жүзіне танымал ядролық сынақтың орталықтары Капустин Яр (Ресей) мен Лобнор (Қытай) Қазақстанға өте жақын жатқан аумақтар. Атом бомбасын алғаш рет АҚШ 1945 жылы Хиросима мен Нагасаки қалаларына тастады. Бұл қасіреттен Жапондықтар әлі күнге дейін зардап шегіп отыр. Ал Қазақстанда сыналған 500 астам атом бомбасының зардабы айтпаса да түсінікті. 1990 жылғы мәліметтер бойынша сынақ жасалған жер көлемі облыстар бойынша 16686,1 мың гектар жерді қамтыған.
Батыс Қазақстан аумағында 1966 – 79 жылдаы аралығында 24 рет ядролық қару сыналған. Соның ішінде Азғыр полигоны ғана 6,1 мың гектар жерді алып жатыр. Мұндай сынақтар Үстіртте де сыналған 1968 – 70. Сондай – ақ ірі полигондар қатарына Тайсойған, Саршаған, Ташкент – 4 сынақ алаңдары мен Байқоңыр ғарыш айлағы жатады. Полигондардың ішінде Семей өңірі ең көп зардап шеккен аймақ. Мұнда атом қаруын сынаудың ғылыми орталығы – Курчатов қаласы орналасқан.
Қазақстан жерінде атом қаруларын сынау 40 жылға созылып экожүиелерді бүлдірді. Жалпы полигондар көлемі 33,6 млн гектарға жетті. Қазірдің өзінде Қазақтанда 2,6 млн адам мутагенез ауруымен есепте тұр. Оның басым бөлігі Семей өңірінің тұрғынадары. Сол сияқты қатерлі ісік, қан аурулары, сәулелік ауру, жүйке ауруымен ауырғандар саны бұл аймақта республика бойынша жоғары.
Жер ресурстары полигондар әсерінен бүлінген. Жан – жануарлар мен құстар сиреп немесе жойылып кетуге жақын. Тішіліктің қалпына келуі жүздеген тіпті мыңдаған жылдарға созылатыны анық. Өйткені тіршілік атаулы сынақтың құрбаны болған. Табиғаттың жарасын жазу тек адамның ғана қолынан келеді.
1991 жылы 20 тамызда елбасы бұйрығымен Қазақстан жерінде атом
қаруын сынау біржола тоқтатылды. Бұл оқиғаны дүние жүзінің қауымдастығы қуана қарсы алды. Халықаралық деңгейдегі бұл шешім полигондардың қоршаған ортаға тигізген зардабын және радиоактивті заттарды жою проблемасын халықаралық, мемлекеттік деңгейде шешуге негізделген. Бұл әрекеттер іргелі нәтижелер беруде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет