А. Мырзахметов атында


УДК 341.01 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДАҒЫ



бет6/18
Дата25.05.2018
өлшемі4,22 Mb.
#40721
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

УДК 341.01
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДАҒЫ

ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ФАКТОР
INTERNATIONAL LEGAL RELATIONS IN ENERGETICS
ЭНЕРГЕТИЧЕСКИЙ ФАКТОР В НАРОДНО-ПРАВОВЫХ ОТНОШЕНИЯХ
Жумагулов Т.К. - к.ю.н., доцент, Жакитова Г.А.

А.Мырзахметов атындағы Кокшетау университеті
Annotation

The paper analyzes the energy factor in international legal relations. Goals have been disclosed and the ways to solve energy summits of international organizations. Plans and planned implementation of the work have been done in energy, oil projects.


Аннотация

В статье анализируется энергетический фактор в сфере международно-правовых отношении. Раскрываются цели, пути решения энергетических саммитов международных организации. Планы и проделанная работа реализация спланированных энергетических, нефтяных проектов.


София қаласында өткiзiлген энергетикалық саммитте ЕО жобасы – Nabucco мен Ресей ұсынған жоба – South Stream (“Солтүстiк ағын”) тайталасқа түскен. Алайда, нақты шешiм қабылданбады. Еуропалық Одақ 2010 жылдың мамырында Прагада өткiзiлген кеңесте Nabucco жайлы тағы пiкiрлескен. Саммитте Саакашвили «Ресейдiң Грузияға шабуыл жасауы Каспий аумағы мен Орта Азияның Еуропаға бағыттайтын жолын жауып тастау болатын. Ресей орталықазиялық аймаққа тиесiлi барлық қорды иеленудi көздейдi. Қарулы қақтығыс кезiнде ол Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбырының күл-паршасын шығарды» деп Кремльдi айыптады. Мұндай ұстанымдағылардың қатары қалың. Себебi, көмiрсутегiлер алаңын иемдену жолындағы күресте Ресей мен кәрi құрлықтың мүдделерi үйлеспейдi. Өйткенi, мұнай мен газ экономикасы қарыштап дами бастаған әлемнiң басты мәселесiне айналғаны анық. Демек, дүниежүзiлiк саясатқа ықпал етуге ұмтылған Мәскеудiң Брюссель мен Вашингтонға қояр талабы күштi. Бiрақ Кремль КСРО-ның империялық саясаты әлдеқашан келмеске кеткенiн, посткеңестiк елдердiң тәуелсiз әрi егемен саясатты ұстанатынын, олардың да өзiндiк ұлттық әрi мемлекеттiк мүдделерi бар екендiгiн жиi «естен шығарып» алатыны өкiнiштi. Әрине, кеудесi аяққаптай Кремльдiң екпiнiн басуға экс-он төрт одақтас республиканың қауқары жетедi. Мысалы, түркiмендер мен орыстар арасындағы құбырға қатысты туындаған кикiлжiң, орыстар мен украиндар арасындағы газ дауы, орыстар мен беларусьтер арасындағы мұнай тасымалына байланысты ушыққан пiкiр қайшылықтары, орыстар мен қазақ, өзбек, түркiмен, әзiрбайжандар арасындағы газ бағасын көтеру туралы тараптар т.б. Сол басқосуда Nabuccо жобасын ресми түрде таныстырған Nabucco Gas Pipeline International компаниясының басшысы Райнхард Мичек газ құбырының құрылысына қатысушы барлық тараптар алдағы екi айда келiсiмге қол қоятынын және 2011 жылы басталған құбыр 2014 жылы пайдалануға берiлетiнiн айтты. Жобаның жалпы құны шамамен 7,9 млрд. еуро, ал тасымалдау қуаты – жылына 31 млрд. текше метр. Орталық Азия мен Таяу Шығыстағы елдерге тиесiлi табиғи газдың жалпы көлемi бүгiнде 82 трлн. текше метрге тең. Бұл кәрi құрлықтың талай жылғы арманын орындауға мүмкiндiк бередi. Тек тараптар қаражат пен қаржыландыру мәселесiнде мәмiлеге келсе, жетедi [1].

Еуропарламент кәрi құрлықты «көгiлдiр отынмен» тұрақсыз қамтамасыз етуге жағдай жасайтын бiрқатар жаңа заңға қол қойды. Бұл Украина мен Ресей арасында тағы да газ дауы туындай қалса, келеңсiздiктердiң алдын алуды көздейдi. Яғни, аталған құжат еуропалық тұтынушыларға қалаған кезiнде энергетикалық қорларды тасымалдаушыларды оңай әрi тез ауыстыруға және олардың құқықтық талаптарын күшейтуге негiз. Аталған құжатқа сәкес, газ тасымалдаушы концерндер ЕО-ның нарықты реттеуге қатысты заңдарын бұзған жағдайда жылдық айналым көлемiнде айыппұл төлеуге дейiн мәжбүр болады. Бұған себеп – Ресей мен Украина арасында бiр емес, бiрнеше рет туындаған газ дауы. Еуропаның көпшiлiкке орындалмас армандай көрiнген Nabucco жобасын жүзеге асыруға құлшына кiрiсуiне де энергетикалық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету түрткi болды. Жаңа заң жобасындағы бiр бапта Еуропалық Одаққа тиесiлi энергетикалық жүйелердi ЕО-ға мүше емес елдердiң сатып алуына тыйым салатын талаптар да қарастырылған. Ал ұлттық органдар келiсiм-шартта көрсетiлген талаптарды сақтамаған концерндермен арадағы келiсiмдi мерзiмiнен бұрын бұзуға құқылы болады. Сонымен қатар еуропалық депутаттар 11 жыл бойы Еуропарламенттiң күн тәртiбiнен түспеген тақырыбы – ЕО мен Түркiменстанның жаңа сауда серiктестiгi туралы құжатты қабылдады. Бұл кейiнгi кездерi әлемдiк сахнада жиi қозғалып жүрген Nabucco газ құбырының құрылысын бастауға негiз болмақ. Өйткенi, Еуропалық Одақ Nabucco үшiн бюджеттен 4 млрд. еуро бөлуге шешiм шығарды. Ресейдi айналып өтетiн жобалар арасында табиғи газды Әзiрбайжан мен Грузия арқылы Қара теңiздiң табанымен Украинаға тасымалдайтын «Ақ ағын» да бар. «Ақ ағыннан» орыстар ғана емес, түрiктер де шет қалады. Қазiргi кезде каспийлiк жағалауда ағылшындар мен арабтардың бiрлескен кәсiпорны – Dragon Oil мен малайзиялық Petronas жұмыс iстеуде. Бiр ерекшелiгi сол, Petronas аталған аймақта 10 жыл бойы үздiксiз зерттеу жұмыстарын жүргiзген көрiнедi [2]. Медведев пен Бердiмұхамедовтiң кездесуiнде Кремльдiң монополист – “Газпром” салуды жоспарлаған “Шығыс-Батыс” газ құбырының құрылысына қатысты келiсiмге қол қойылмады. Тараптардың ортақ келiсiмiне орай. Түркiмендер Ресейдi айналып өтетiн қос жоба – Түркия арқылы Батысқа бағытталатын Транскаспийлiк құбыр мен Еуропаға тура жол тартатын Nabucco құбырынан дәмелi болғандықтан, «Шығыс-Батысқа» қосылуға аса құлшынған жоқ, ал артық шығын шығаруға бүгiнде «Газпромның» қалтасы жұқа. Осыдан бiрнеше апта бұрын болған газ құбырындағы жарылыста Ашхабад «табиғи газды аз мөлшерде қолдануының салдарынан құбырға түскен қысым шамадан тыс көбейiп кетiп, құбыр жарылып кеттi» деп «Газпромды» кiнәлады. Негiзi энергоқорды тасымал мәселесi ғана емес, баға саясаты да Ашхабадтың көңiлiнен шықпайды. Ол көмiрсутегiлердiң құны халықаралық нарықтағы бағамен өлшенуi тиiс және шикiзат таситын балама жолдарды көптеп қарастыруға мүдделi болуымыз заңды деп есептейдi. Бүгiнде Еуроодақ ұсынған жобаларға қызығушылық таныта бастауы түркiмендердiң тасымалдық тәуелдiлiктен құтылуға ұмтылуынан [1].

2008 жылдың қарашасында «ЕО-ның жаңа энергетикалық стратегиясы» атты жаңа құжатта шеттен тасымалданатын көмiрсутегiлердi 80 пайыздан 20 пайызға дейiн төмендету көрсетiлген. Мұндай мақсат Ресейге ұнамасы анық. Брюссельдегi мәлiмдемеден кейiн iле-шала сөз алған РФ премьерi Путин жуырда Финляндия премьерi Матти Ванханенмен кездескенде «Еуропа Ресейден құбыр арқылы келетiн газ қажеттi көлемде керек пе, жоқ па деген мәселенi шешiп алуы керек. Егер керек емес десе, онда бiз құбыр салып, халықаралық нарыққа тасымалдауды, сығымдалған газ өндiретiн зауыт салуды қолға аламыз» деген талап қойды. Көп ұзамай, ЕО-ға есе жiбермеуге тырысқан Мәскеу Сахалиннен сығымдалған табиғи газ өндiретiн зауыт салып, өнiмдi Жапония мен Оңтүстiк Кореяға бағыттады [3]. Олардың сығымдалған газынан ағылшындар да қағыс қалмады. Сахалинде салынған зауытты 2010 жылы толық iске қосылады деп жоспарлап отырған орыстар халықаралық нарықтағы сығымдалған табиғи газдың 5 пайызын иеленбек. Сондай-ақ, Ресей Приморский край, Штокман мен Ямалдан зауыттар салуда. Сондай-ақ, орыстар қытайлар жерiне қарай тартуды көздеген құбыры қағаз жүзiнде қалып отыр. Өйткенi, Кремльмен баға мәселесiнде келiсiмге келген жоқ. Еуроодақ жобасына қосылуды көздейтiн елдердiң бiрi – Түркия. Түркияның ЕО-ға мүше елдерге, яғни, жобаға қосылатын мемлекеттерге жiберген хатына берiлетiн жауап көңiлден шықса, түрiктер еуропалықтардың бастамасын қолдауға мүдделi [4].

Баку көмiрсутегiлердi тасымалдауда да, экспорттауда да белсендi рөл атқаруға дайын екендiгiн мәлiмдеп отыр. Қазiр әзiрбайжандар “көгiлдiр отынды” үш бағыт бойынша, Оңтүстiк-кавказдық құбыр арқылы Түркияға, ел iшiнен тартылған құбыр арқылы Грузия мен Иранға экспорттап отыр. Сондай-ақ, Баку мен Мәскеу Шахдениз кен орнынан Ресейге бағытталатын құбыр туралы да бiр жылдан берi кеңестер өткiзiп келедi. Егер тараптар келiсiмге келер болса, онда еуропалықтардың ұсынысы қағаз жүзiнде қалмақ. Ал Бакуге Қарабаққа қатысты жер дауын оңтайлы шешуге саяси тұрғыда мүмкiндiк туады [3].

Тағы бiр маңызды жайт, табиғи ресурстарға бай елдердi уысынан шығарып алмауға жанталасып жатқан Кремль еуропалықтардың Транскаспийлiк газ құбыры жобасына басты бәсекелес – Каспий жағалауы газ құбырын жүзеге асыруға құлшына кiрiстi. ҚР Парламентi Сенатының жалпы отырысында “Қазақстан Республикасының Үкiметi, Ресей Федерациясының Үкiметi және Түркiменстан Үкiметi арасындағы Каспий жағалауы газ құбырын салудағы ынтымақтастық туралы келiсiмдi ратификациялау туралы” заңды ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрi Сауат Мыңбаев 2012 жылдан бастап, Каспий жағалауы газ құбыры бойынша жылына 10 млрд. текше метр энергоқорды тасымалдауға мүмкiндiк беретiнiн көлденең тартты.

Бүгiнде көмiрсутегiлер тасымалдайтын жолдарды шығыс пен батыс бағытқа қатар тартуды мақсат ететiн Қазақстан Еуроодақ пен Ресей, АҚШ пен Қытай т.б. елдердiң ұлттық мүддеге тиiмдi ұсыныстарын қабылдауға мүдделi [5].


ӘДЕБИЕТ

  1. www.e-gpvernment.kz.

  2. Токаев К.К. Под стягом независимости: Очерки о внеш.политике Казахстана.-Алматы:Бiлiм,1997. - 736 б.

  3. «Глава государства Нурсултан Назарбаев принял участие во внеочередном заседании Межгосударственного Совета ЕврАзЭС» http://www.akorda.kz. 25 января 2006г. – 241 б.

  4. М.Тажин «Энергетическая безопасность – ключевой фактор стабильности международных отношений» Выступление на Евразийском энергетическом форуме «Нефтегазовая отрасль и энергетика» (6 сентября 2007 г., г. Астана) http://www.mfa.kz. 2007-09-06. - 54 б.

  5. Положение об Энергетическом клубе государств – членов ШOC http://www.worldenergy.ru/index.php?id=24_8_651 29 июня 2007. -87 б.



УДК 343.71
ТОНАУ: ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТІҢ КВАЛИФИКАЦИЯСЫ
ROBBERY: QUALIFICATION OF CRIMINAL CASE
ГРАБЕЖ: КВАЛИФИКАЦИЯ УГОЛОВНОГО ПРЕСТУПЛЕНИЯ
Айкимбаева А.А. - к.ю.н., доцент, Шентемиров Т.У.
Аңдатпа

Мақалада тонау мәселелері, қылмыстық істің квалификациясы талданды.


Annotation

The article considers the questions of robbery, qualification of criminal case were analyzed.


Собственность – одно из важнейших благ, защита которого входит в число первоочередных задач уголовного закона, ибо «…где нет собственности, там круг общественных отношений едва движется»

(И.П. Пнин).
Современная криминогенная, обстановка свидетельствует о серьезной проблеме в сфере данных общественных отношений. Преступления против собственности – самые распространенные в России. Так было и при социализме, так продолжает оставаться и в период господства рыночной экономики. В частности, в 1989 г. разбои, грабежи, кражи и другие хищения достигли двух третей общего количества преступлений, а их темпы роста превысили 60 – 75%.

Государственная политика в сфере борьбы с корыстными посягательствами не только не отличается стабильностью, но и весьма противоречива. Об этом, в частности, свидетельствует достаточно частое изменение на законодательном уровне понятий мелкого, влекущего административную ответственность, и уголовно наказуемого хищений. Данное явление сопровождается то процессом декриминализации широкого круга деяний, то, наоборот, их криминализации.

Таким образом, корыстная преступность то искусственно сокращается (в частности, за счет хищений), то также искусственно преумножается. В свете последних законодательных новелл следует ожидать значительного роста уголовно наказуемых хищений. Свое негативное влияние окажет и экономический кризис.

Одно из основных направлений современной уголовно-правовой политики – углубление дифференцированного подхода к ответственности лиц, совершивших преступления, ибо, как показала история, ужесточение уголовного наказания, равно как и излишняя либерализация, не приносят ожидаемых результатов – реального снижения уровня корыстной преступности. В то же время многие санкции, в частности за грабеж, до сих пор продолжают оставаться безальтернативными, а следовательно, не имеют промежуточного звена, позволяющего дифференцировать ответственность и индивидуализировать уголовное наказание.

Научное исследование проблемы дифференциации ответственности и индивидуализации наказания за грабеж обусловлено также систематическим реформированием уголовного законодательства об ответственности за преступления против собственности и вместе с тем недостаточным вниманием законотворческих органов к нормам об ответственности за грабеж.

Важно отметить и то, что в уголовно-правовой теории ряд вопросов квалификации грабежа продолжают оставаться дискуссионными; в правоприменительной деятельности они также решаются неоднозначно, имеют место серьезные ошибки.

В связи с интеграцией Республики Казахстан в мировое сообщество особое значение приобретает познание зарубежного опыта борьбы с различными разновидностями преступлений, в том числе и корыстными, к которым принадлежит грабеж.

Сказанное свидетельствует о том, что изучение проблем дифференциации уголовной ответственности и индивидуализации уголовного наказания за грабеж, квалификации данной разновидности преступлений требует пристального внимания теоретиков и подтверждает актуальность темы диссертационного исследования.

Проблемы дифференциации ответственности и индивидуализации наказания за грабеж, квалификации данных преступлений рассматривались в рамках общих проблем ответственности и ее дифференциации за преступления против собственности в целом, квалификации корыстных преступлений против собственности, хищений, криминологической и правовой обоснованности составов ненасильственных преступлений против собственности, ответственности за имущественные хищения, сопряженные с насилием в работах ведущих ученых Казахстана.

Не умаляя научной глубины и значимости работ указанных авторов, необходимо заметить, что в течение длительного времени в уголовно-правовой теории обособленных исследований проблем уголовной ответственности за грабеж было крайне мало. В частности, в 1976 г. была опубликована монография В.А. Владимирова и В.И. Холостова «Ответственность за грабеж и личность грабителя». Отдельные аспекты проблем уголовно-правового регулирования и противодействия грабежу представлены в кандидатской диссертации Е.О. Щербаковой, подготовленной по материалам Южного федерального округа (Краснодар, 2008).

Автономное монографическое исследование проблем дифференциации уголовной ответственности и индивидуализации наказания за грабеж не проводилось в отечественной уголовно-правовой теории.

Преступность – явление мобильное, быстро приспосабливающееся к изменению социально-экономических условий жизни, находящее новые формы проявления в условиях экономического кризиса.

Поэтому считаем своевременным изучение различных аспектов многогранной научно-прикладной проблемы уголовной ответственности за грабеж, и в частности, аспекта дифференциации ответственности и индивидуализации уголовного наказания.

Для исследования этого вопроса необходимо монографическое изучение феномена дифференциации ответственности и индивидуализации наказания за грабеж в уголовном законодательстве с точки зрения истории и современности.

Достижение этого обеспечивается постановкой и решением следующих задач:


  1. – выявить исторические корни и проследить эволюцию понятия грабежа в отечественном законодательстве;

  2. – исследовать современное состояние проблемы дифференциации ответственности и индивидуализации наказания за грабеж в уголовном законодательстве, теории и практике;

  3. – изучить правоприменительную практику квалификации грабежа с целью выявления типичных ошибок и разработки рекомендаций по их устранению;

  4. – изучить зарубежный опыт борьбы с открытым завладением чужого имущества;

  5. – определить пути дальнейшей дифференциации ответственности и индивидуализации наказания за грабеж;

  6. – выработать предложения по совершенствованию казахстанского законодательства об ответственности за грабеж.

Объектом исследования являются уголовно-правовые отношения, возникающие в связи с совершением грабежей, и дифференциация уголовной ответственности, и индивидуализация уголовного наказания за данные преступления.

В качестве предмета исследования выступают исторические корни и особенности развития феномена дифференциации ответственности и индивидуализации наказания за грабеж в отечественном законодательстве, современное состояние данной проблемы в казахстанском и зарубежном законодательстве, возможные пути ее решения, отдельные проблемные аспекты квалификации грабежа.

Предметом исследования также явились нормативно-правовые акты досоветского, советского и постсоветского периодов развития Республики Казахстан, нормативно-правовые акты ряда зарубежных государств, научные концепции, судебная практика.

Методологической основой исследования служит система философских воззрений, в том числе диалектический метод познания, обеспечивающих научный подход к изучению различных явлений и процессов общественной жизни как познаваемых и находящихся в постоянном развитии.


ЛИТЕРАТУРА

  1. Васецов А. Квалифицирующее значение объекта преступления против собственности // Российская юстиция. 1994. №. 3.

  2. Ераскин В.Ф. Ответственность за грабеж. - М., 1972.

  3. Зарипов З.С., Кабулов Р.К. Квалификация краж, грабежей, разбоев, совершенных путем проникновения в помещение или иное хранилище. - Ташкент, 1991.

  4. Комментарий к Уголовному кодексу Российской Федерации / Отв. ред. А.В.Наумов. - М., 1996.

  5. Минская В., Калодина Р. Преступления против собственности. Проблемы и перспективы законодательного регулирования. // Российская юстиция. 1996. № 3

УДК 343.71
КӘСІПКЕРЛІК (ШАРУАШЫЛЫҚ) ҚҰҚЫҚТЫ ЗАҢ ЖҮЗІНДЕ РЕТТЕУДІҢ ҚҰРАЛЫ МЕН ӘДІСТЕРІ
TYPES AND METHODS OF INDUSTRIAL (ECONOMIC) RIGHT CONTROL

ACCORDING TO THE LAW
СРЕДСТВА И МЕТОДЫ ЗАКОННОГО КОНТРОЛЯ ПРОИЗВОДСТВЕННОГО (ХОЗЯЙСТВЕННОГО) ПРАВА
Елюбаев М.С. - к.ю.н., Мұқанова А.Б.

Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті
Annotation

Means of law control is marking and decisive sign of law system. Control facility is not the only (personal), but also different sided (structural) branch of law.


Аннотация

Средство законного контроля это оценивающий и решающий знак правовой системы. Средство контроля не единственная (личная), а также разносторонняя (структурная) ветвь права.


Құқықтық реттеу құралы - қоғамдық қатынастардың оларға біртұтас құқықтық форма қолдануға жол беретін біртектес тобы. Ол құқық жүйесінің шешуші және бағалаушы белгісі ретінде қолданылады. Реттеудің өзіндік құралынын болуы құқықтың негізгі (дербес) салаларына ғана емес, сонымен бірге құқықтың жан-жақты (кешенді) салаларына да тән.

Дәстүрлі түрде кәсіпкерлік (шаруашылық) құқық құралының құрамына қатынастардың үш тобы жатқызылады: 1) кәсіпкерлік мүліктік (деңгейлес қатынастар); 2) кәсіпкерлік басқару (сатылас қатынастар); 3) кәсіпкерлік фирмаішілік (корпорациялық қатынастар).

Қатынастардың бірінші тобына кәсіпкерлік (шаруашылық) қызметті жүзеге асыру барысында пайда болатын қатынастар, оның ішінде кәсіпкер өз қызметін іске асыру кезінде пайда болған коммерциялық қатынастар ғана емес, сонымен бірге коммерциялық емес қатынастар да, оның ішінде заңды тұлғаларды құру және тарату бойынша ұйымдастырушылық-мүліктік қатынастар; кәсіпкерлік қатынастарға түскен коммерциялық емес ұйымдардың (мысалы, биржалар, тұтыну кооперативтері, коғамдық қорлар және т.б.) ұйымдастырылуы мен қызметі бойынша қатынастар кіреді.

Қатынастардың екінші тобын кәсіпкерлік (шаруашылық) қызмет субъектілері және мемлекеттік немесе соған өкілетті басқа да органдар арасында қалыптасқан кәсіпкерлік (шаруашылық) қызметті ұйымдастыруға (реттеуге) байланысты қатынастар құрайды. Мұндай қатынастар көпшілік-құқықтық болып табылады.

Қатынастардың үшінші тобына деңгейлесе де, сатыласа да қалыптаса беретін шаруашылықішілік немесе корпорациялық деп аталатын қатынастар кіреді. Мұндай қатынастар бір кәсіпорын шегіндегі оның бөлімшелері арасында, сонымен қатар солар және тұтас кәсіпорын арасында пайда болады.

Демек, кәсіпкерлік (шаруашылық) құқық құралы құрамына деңгейлес (жеке-құқықтық) қатынастар және сатылас қатынастар еніізілген. Бұл қатынастар көпшілік-құқықтық (мысалы, мемлекет коғамның көпшілік мүдделерін жүзеге асыра, бір мезгілде реттей де, бақылай да отырып, экономикалық қатынастарға ықпал етеді) сипатқа ие.

Сөйтіп, кәсіпкерлік қатынастарды қоғамдық қатынастардың басқа түрлерінен ерекшелендіріп тұратын белгілер төмендегілер болып табылады:

1) кәсіпкерлік қатынастар кәсіпкерлік қызметпен байланысты, өйткені оны іске асыру барысында туады; 2) бұл қатынастардың тікелей қатысушысы болып кәсіпкер немесе басқадай шаруашылық жүргізуші субъект саналады. Жиынтығында осы екі белгінің талап-тарына сай болған жағдайда ғана қоғамдық қатынастар кәсіпкерлік болып танылады.

Егер құқықтық реттеу құралының сипаттамасы: оны не (қандай қоғамдық қатынастар) құрайды деген сұраққа жауап берсе, онда әдіс сипаттамасы басқа: аталған реттеу қалай (қандай құқықтық тәсілдер мен амалдар арқылы) жүзеге асырылады деген сұраққа жауап берген болар еді. Соған сәйкес құқықтық реттеу әдісі — бұл құқықтық қатынастар қатысушыларына құқықтық ықпал ететін тәсіл немесе тәсілдер жиынтығы болып табылады.

Кәсіпкерлік құқық қатынастарды тең дәрежеде реттеудің: құқықтық реттеудің диспозитивтік әдісі (тараптардың теңдігіне негізделген) және құқықтық реттеудің өктем әдісі (билік және бағыныштылықка негізделген) деп аталатын екі әдісін қолданумен сипатталады. Сөйтіп, қызметтің бір немесе басқа түрін лицензиялау бойынша міндетті талаптарды белгілейтін нормаларды іске асыру барысында лицензиялаушы органның директивалық ұйғарымдары қолданылатын болады. Ондай кезде, егер лицензиялаушы органның ұйғарымы талапқа сай болмаса, онда онымен келіспеушілік белгі-ленген тәртіппен қаралып, заңсыз деп танылуы мүмкін. Бұл жерде тағы бір жағдай есепке алынуға тиіс: мемлекеттік ықпал тек шектейтін, тыйым салатын ғана емес, көтермелейтін де, үлгі алатын да сипатта болуы мүмкін. Сол себепті билікке және бағыныштылыққа негізделген, кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің мінез-құлық ережелерін белгілеугс бағытталған көпшілік-құқықтық реттеу тыйым салу, шектеу, ұсыныс беру, көтермелеу, салық төлеуден босату немесе жеңілдетілген салық салу және басқадай шаралардан көрінеді.

Жеке-құқықтық реттеу кәсіпкерлік қатынастардың қатысушы-ларының теңдігіне негізделген және, әдетте, келісім-шарт түрінде көрініс табады. Жеке кәсіпкерлік қатынастарда барлық субъектілер, - оның ішіндс мемлекет және әкімшілік-аумақтық бірлік те бар, - бұл қатынастардың басқа қатысушыларымен тең дәрежеде әрекет етеді. Сондықтан кәсіпкерлік қатынастарды диспозитивтік реттеу әдісінің үлкен маңызы бар және ол кәсіпкерлік қызметтің дамуына оң ықпал етеді.

Бәрінен бұрын, кәсіпкерлік қатынастар Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 2-бабында бекітілген ұстанымдар негізінде реттеледі, атап айтқанда:

1) азаматтық заңмен реттелетін қатынастарға қатысушылардың теңдік ұстанымы (азаматтық құқықтың барлық субъектілері, оның ішінде кәсіпкерлік қызмет субъектілері де тең құқықтарға ие және олардың ешқайсысы да басқаларға қарағанда басымдық жағдайында бола алмайды. Жеке кәсіпкерлік туралы Заңның 4-бабының 3-тармағына сәйкес, мемлекеттік органдардың жеке кәсіпкерліктің жекелеген субъектілерінің басымдық жағдайын белгілейтін нормативтік-құқықтық актілер қабылдауына тыйым салынған дегенді білдіреді);

2) меншікке қол сұқпау ұстанымы (мемлекет меншік иеленушілерге - кәсіпкерлік қызмет субьектілеріне ҚР Конституциясының 26-бабының 3-тармағына сәйкес, олардың меншігіндегі мүлікті толықтай иелену, пайдалану және билеу бойынша өкілеттіктерін іске асыру мүмкіндігіне кепілдік береді, яғни сот шешімінсіз ешкім де өз мүлкінен айырылып қалмайды дегенді білдіреді);

3) келісім-шарт еркіндіг ұстанымы (тараптар келісімдердің мазмұнын өз қалауы бойынша айтарлықтай дәрежеде айқындап алуға құқылы, бірақ шарт еркіндігі даусыз болып табылмайды, сол себепті келісім-шарт мазмұнын анықтағанда, нормативтік актілердін талаптары және келісім-шарт тараптары қалауының арасалмағы оңтайлы болуға тиіс дегенді білдіреді);

4) әлдекімдердің беталды жеке істерге араласуына жол бермеу ұстанымы (кәсіпкерлік кызмет субъектілері заңмен белгіленген талаптарды бұзбаса, мемлекеттік органдар, олардың лауазымды тұлғалары және кез келген басқа адамдар олардың істеріне араласуға құқылы емес дегенді білдіреді);

5) азаматтық құқықтарды кедергісіз іске асыру ұстанымы (кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің өз құқыларын толық көлемде және қандай да бір шектеулерсіз, бастысы, басқа адамдардың мүдделері мен құқықтарына тиісисй іске асыруы дсгеиді білдіреді);

6) бузылған азаматтық қүқықтарды қалпына келтіруді қамтамасыз ету ұстанымы (оның мәні кәсіпкерлік құқық субъектілеріне белгіленіп берілгсн құқықтар бұзылған жағдайда, оларды қалпына келтіруге кепілдік берілсді дегенді білдіреді);

7) азаматтық құқықтарды қорғау ұстанымы (кәсіпкерлік қызмет субъектілсрі өздерінің кұқыларын және заңды мүдделерін сот аркылы қорғай алады дегенді білдіреді).

Сонымен бірге кәсіпкерлік құқық ұстанымдарының қатарының тікелей мәнін құқытық нормаларда таба алмаған, бірақ азаматтық заңнын бар жүйесін кемсітетін төмендегідей азаматтық құқықтық ұстанымдарды да жатқызуға болады: 1) тауарларды жұмыстарды, қызметтерді еркін ауыстыру ұстанымы (ішкі шекара дегенді білмейтін, тауарлардын, жұмыстардың, қызметтердің, қаржы қаражаттарының, шығармашылық қызмет нәтижелерінің және т.б. (алмасуы еркіндігін бір мемлекет аумағында да, әртүрлі мемлекеттер арасында да шектемейтін біртұтас нарык, біртұтас экономикалы кеңістік ережелеріне негізделген); 2) кәсіпкерлік қатынастар қатысушылары ретіндегі тұтынушылар құқықтарын қорғау ұстанымы (тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауді білдіреді); 3) кредит берушінің құқықтары мен заңды мүдделері қорғау ұстанымы (кредит берушіні корғау борышкерге өзіне қабылдаған міндеттерді орындамағаны немесе тиісті дәрежеде орындамағаны үшін барлық колайсыз зардаптарды жүктеуден, сонымен қатар креди берушіні міндеттерді кездейсоқ орыңдамау қаупінен және борышкердің кінәсін дәлелдеу қиындығынан босатудан көрінеді); 4) азаматтық құқықтардың қорғану ұстанымы (азаматтық құқықтардың қорғалуының дара сипатында, жеңіліс тапқан жақ үшін қорғау органы және азаматтық құқықтарды қорғау тәсілін таңдау еркіндігінде сонымен қатар жеңілген жақтың бұзылған құқын қорғауға арыздануына немесе арызданбауына өз бетінше шешім қабылдауында көрініс тапқан).

Акыр соңында, кәсіпкерлік қатынастарды реттеу үшін, заңдылық ұстанымының маңызы зор. Заңдылық ұстанымы құқықтың әртүрлі салаларына тән жалпы салалық ұстанымдарға жатады, бірақ нарықтьқ қатынастар жағдайында ол айрықша жәнс өзіне тән сипатқа ие. Бір жағынан, заңды тұлғалар және азаматтар қызметтің кез келген түрін іске асыруға құқылы (егер оларға заң тарапынан тыйым салынбаған болса), ал, екінші жағынан, олар заң ұйғарымдарын катаң және мүлтіксіз сақтауға міндетті.

Сонымен қатар кәсіпкерлік құкықта тек оның өзіне ғана тән ұстанымдар {салалық ұстанымдар) бар. Әдетте, құқық ұстанымдары деп құқықта іске асқан негізгі идеялар мен ең бір елеулі сәттер танылады. Алайда құкыктың салыстырмалы жас саласы ретіндегі кәсіпкерлік құқық ұстанымдары әлі тиісті заңдық тәртіпті ала қойған жоқ және оларды кәсіпкерлік заң нормаларын талдау жолымен мүшелсп шығуға болады. 2006 ж. қаңтардьң 31-індегі «Жеке кәсіпкерлік туралы» ҚР Заңының 4-бабы, 2-тармағына сәйкес, жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу ұстанымдары болып төмендегілер саналады: 1) жеке кәсіпкерлік еркіндігіне кепілдік және оны қорғау мен қолдауды қамтамасыз ету: 2) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға жеке кәсіпкерліктің барлық субъектілсрінің тсң дәрежелілігі; 3) жеке меншікке (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне) қол сұкпауға және қорғауға кепілдік; 4) Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерліктің дамуының басымдылығы; 5) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің жеке кәсіпкерлік мүдделеріне қатысты нормативтік-кұкықтық актілер жобаларын сараптауға қатысуы. Осы берілген тізімдемеден кәсіпкерлік құқьқ ұстанымдары ретінде тек жеке кәсіпкерлік еркіндігі және оның корғауды қамтамасыз ету ұстанымын және шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау ұстанымын атауға болады. Өйткені субъектілер теңдігі меншікке қол сұкпау ұстанымдары — бұл жоғарыда айтылғандай, азаматтық құқық ұстанымдары. Сонымен қатар кәсіпкерлік құкықтың тағы екі ұстанымын атап айтуға болады: ол кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу ұстанымы және бәсекелестік еркіндігі және монополиялық қызметті шектеу ұстанымы.

Жеке кәсіпкерлік еркіндігі және оның корғауды камтамасыз ету мен шағын кәсіпкерлкті мемлекеттік қолдау ұстанымы Қазақстан Республикасының Конституциясында, ҚР Азаматтық кодексінде жәнс басқа да кәсіпкерлік катынастарды реттейтін нормативтік актілерде бекітілген.

Сонымен, ҚР АК 10-бабына сәйкес, мемлекет кәсіпкерлік еркіндігіне кепілдік береді және оны қорғау және қолдауды камтамасыз етеді. Сонымен бірге кәсіпкерлік қызметтің еркіндігі даусыз емес және коғамдық мүдделер үшін заңмен шектелуі мүмкін. Атап айтқанда, заң актілері арқылы жеке кәсіпкерлік үшін тыйым салынған тауарлардың, жұмыстардың, кызметтердің тізімдемесі белгіленуі немесе экспорт пен импортқа шектеу қойылуы мүмкін. Алайда Жеке кәсіпкерлік туралы Заңның 3-бабы, 1-тармағында көрсетілгендей, жеке кәсіпкерлік тек ҚР заңдарына сәйкес тағайындалған негіздемелер бойынша ғана шектелуі мүмкін.

Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау деп жеке кәсіпкерліктің дамуын ынталандыру және Қазақстанда кәсіпкерлік бастамашылықты іскс асыру (Жекс кәсіпкерлік туралы Заңның 1-бабы, 3-тармағы) үшін қолайлы құқыктық экономикалық және әлеуметтік шарттар құру бойынша бірқатар мемлекеттік кешенді шаралар саналады.

Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу ұстанымы мемлекеттік кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің мінез-құлықтарына экономикалық және әкімшілік (директивалық) ықпал ету шараларын колдануынан керінеді.

Қазіргі танда мемлекеттік реттеу, әдеттегідей, кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің өндіріс көлемін ұлғайтуға, жаңа технологияларды енгізуге, қазіргі заман талаптарына сай жаңа құрал-жабдықтарды сатып алуға, өндірілетін тауарлардың, орындалатын жұмыстардың немесе керсетілетін қызметтердің ассортиментін кеңейтуге мүдделілігін көтеруге бағытталған ынталандыру штатындағы экономикалық әдісіерді пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
ӘДЕБИЕТ


  1. ҚР «Жеке кәсіпкерлік туралы» № 124 III Заңы. 13.01.2006 ж.

  2. Кәсіпкерлік (шаруашылық) құқық С.П. Мороз. 2009 ж. С 25



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет