Сеңкібаев С.Т. - п.ғ.к., доцент,
Аңдатпа
Бұл мақалада Мағжан Жұмабаев шығармалары арқылы оқушыларды отансүйгіштікке және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу жолдары.
Аннотация
В данной статье рассматриваются воспитательные наследия Магжана Жумабаева в процессе воспитания подрастающего поколения.
Annotatiоn
This article focuses on the using of Magjan Zhumabayev’s educational heritages in the process of up – bringing.
Бүгінде адамзат өркениеттің өзгеше биігінен көрініп, үшінші мыңжылдыққа қадам басқан кезеңінде жас мемлекетіміз үшін рухани асыл мұрат болып табылатын, болашақ Қазақстан жастарының бойынан Отансүйгіштік, азаматтық парыз, жеке тұлға ретінде, олардың бойындағы ұлттық құндылықтар мен ар тазалығы және де тағы басқа қасиеттерді көреміз. Бүгінгі таңда өскелең ұрпақтар бойынан өз халқының тарихын, тегін, салт – дәстүрін, тілін, білімін, адамзаттық мәдениетті, адамгершілік қасиеті мол, терең түсінетін шығармашылық тұлға етіп тәрбиелеу - өмір талабы. Еліміз егемендікке ие болғаннан бері жас ұрпақ тәрбиесі, оның оқуы мен білім алу мәселесі қоғамымыздың басты проблемаларының бірі болып табылады. Халқымыз ұлт болып қалыптасқаннан бері, болашақ ұрпақ тәрбиесіне үлкен мән берген. Елін, жерін қорғайтын, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеуде дала перзентіне тән – еркіндік пен тәуелсіздік, қайсарлық пен қайрымдылық, парасаттылық тәрізді асыл қасиеттерді дарыта білген. Ұлы адамдардың өсиеттерін негізге ала отырып, қоғамдық құрылымы мен әлеуметтік жағдайын, адамдардың өмір сүру деңгейін, жоғары адами құндылықтарды жаңартып, дамытып отырғанда ғана қол жеткізуге болады. М. Жұмабаев: «Әрбір тәрбиешінің қолданатын жолы – ұлт тәрбиесі. Әрбір ұлттың бала тәрбиесі туралы ескіден келе жатқан жеке – жеке жолы бар» - деген [1]. Бүгінгі таңда жас ұрпақты өз халқының тарихын, тегін, салт – дәстүрін, тілін, білімін, адамзаттық мәдениетті, адами қасиеті мол, терең түсінетін шығармашылық тұлға етіп тәрбиелеу - өмір талабы, қоғам қажеттілігі.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жас ұрпақты отансүйгіштік рухта тәрбиелеу «Қазақстанның отаншылдық сезімін тәрбиелеу білім берудің мектепке дейінгі жүйесінен жоғарғы оқу орындарына дейінгі орталықтарда, барлық ұйымдарда көкейкетесті мәселе болып табылады. Балаларды Отанды, туған жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу – мұғалімнің аса маңызды, аса жауапты да қадірменді парызы» – деп атап көрсетті [2]. Осыған орай, қазіргі–жастардың бойында ұлттық құндылықтарды және ұлттық дүниетанымдарын қалыптастырудың маңыздылығы – бүгінгі күнгі өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Қазақтың қадір – қасиеттері, дүниетанымы оның рухани тұтастығының, ұлттық болмысының негізгі қайнар көзі болып саналады. Жалпы, ұлттық дүниетанымның қалыптасуында тарих пен әлеуметтік тәжрибенің ықпалы зор. Ұлттық мәдениет пен ұлттық философия ұлттық дүниетанымның рухани және әлеуметтік негізі. Әрбір халық тарихи даму кезеңінде өз болмысын ойлау жүйесі мен дүниетанымы арқылы зерделейді. М. Жұмабаев оқытудың әр кезеңін ұлттық тұрғыда бейнелеуге тырысып, адамгершілік тәрбиесін ұлттық болмысымызға негіздеп берді. Ұлт тәрбиесін басты орынға қойған бірден – бір педагог ретінде оның шығармаларында халық өмірінің әр кезеңі тарих бетінен өзекті орын алған. Ұлттық тәрбиені зерттей келе төмендегі мәселелерге көп мән берген: – Тәрбие негізі – халықтық тәрбие. Ол тәрбиелік күші бар жүйе. – Әр халықтың өзіндік халықтық тәрбие жүйесі бар. Оны ешқандай халықтың тәрбие жүйесімен өзгертуге болмайды. – Басқа халықтың адами тәрбие тағылымдарын алып, жақсы жақтарын үйрену; – Қоғамдық тәрбие өмір заңдарын шешіп, тарихты жасамайды, бірақ тәрбие өз жолымен болашаққа бастайды. Мағжанның еңбектері халықтық педагогикаға негізделіп. Мысал ретінде айтататын болсақ оның шығармаларына арқау болған баланың кішкене күнінен бастап айтылатын бесік жыры, тілашар, жұмбақ, жаңылтпаш, әжесінің ертегілері, еңбек, кәсіп тағы сол сияқты өмірдегі кездесетін тұрмыстық салт дәстүрлер халық педагогикасының інжу – маржаны болып табылатын, оның «Педагогика» оқулығынан өз орнын алған [3]. Адамгершілікке тәрбиелеуде, ұлттық болмысымызды қайтарудың бірден бір жолы Мағжанның әдеби шығармашылығы мен ұстаздық жолы. Халық педагогикасының дәстүрлерін дамыту барысында М. Жұмабаевтың баланы адамгершілікке тәрбиелеуде жанұя дәстүрлерін, ұлттық қасиетімізді сақтауға байланысты көтерген идеялары арнайы зерттеуді қажет етеді. Қоғамда адамгершілігі жоғары, рухани мәдениеті дамыған азаматты тәрбиелеу педагогика және психология саласының басты мәселелері. Оқу-тәрбие үдерісінде оқушылардың ұлтжандылық пен отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастырудың қайнар көзі – қазақ елінің тарихы, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, табиғат ерекшеліктері мен табиғат ресурстары туралы түсініктері, ел экономикасының даму заңдылықтарымен қазіргі жаһандану кезеңіндегі даму деңгейі, мемлекеттік рәміздер сияқты ерекшеліктеріміздің психологиялық-педагогикалық мәнін зерттеп, өзіндік қайталанбас белгілерінің негізінде оқушылардың патриоттық қасиеттерін қалыптастыру бүгінгі күннің талабы болып отыр.Сондықтан да оқу - тәрбие үдерісінде оқушылардың Отанға берілгендігі мен сүйіспеншілігі, Отанның құдіретін, өзінің онымен рухани байланысын, қажеттігін сезінетін, Отан мүдделерін қорғауға ұмтылу болып табылатын адамгершілік және т.б. қасиеттерінің қалыптасу деңгейін айқындау, мектептегі оқу - тәрбие үдерісінің бірден - бір маңызды проблемасы.
Ұлттық дүниетаным сіресіп қатып қалған ұғым емес, ол халықтың өмір салтының бағдаршамы. Адамдардың нақты қоғамдық қатынаста қалыптасатын ойлау жүйесі, ойлау салтының рухани жемісі, әдет – ғұрыптары мен діни көзқарастары, әсіресе, олардың санасында берік орын алған ақпараттық өріс ұлттық дүниетанымның қалыптасуы мен дамуына әрі өзгеруіне айырықша зор ықпал етеді. Рухы биік, күшті елдердің қашан да бағы сөнбеген, ұлттың рухын сақтап қалған ел ғана өз ерлерін қорлатпайды, қорламайды, қорғайды және олардың ұлттық қадір – қасиеттері шыңдалған үстіне шыңдала береді. Қазіргі таңда жаһандану үрдісінің жастар тәрбиесіне тигізіп жатқан кереғар әсері ұлттық рух, ұлттық дүниетаным мәселесіне ерекше көңіл бөлуді талап етеді. Өйткені, адамның руханилығынан туындаған жеке тұлғалық болмысының толыққандылығы және саналанып, саралағандығы адамгершіліктің, тәрбиеліктің көзі, іске асырушысы болып табылады. Осындай жағдайда кешегі замандағы тоталитаризм жүйесі кезеңінде адамның жеке қасиеті мен шығармашылық қасиеттері арасындағы байланыстың үзіліп, адамның жеке тұлға ретіндегі кісілік қасиеттері қарастырылмай кеткендігін атап өтуіміз қажет. Себебі, адам шамасы келгенше, өткен кезеңдерден тәжрибесін жинақтап, сұрыптап, оның рухын өз бойына сіңіруге тырысады. Сол себептен де адам бойында, оның кісілік болмысында, сана сезімінде қазіргі рухани мәдениетіміздің кейбір формалары мен өткен кезең мәдениетінің көріністері, бейнелері ұшырасады. Кей жағдайларда олардың арасында қайшылықтар болып қалуы мүмкін. Мұндай кездерде ол кедергілерді адамның дүниетанымдық мүмкіндігіне, мұраттарына, кісілік қасиеттеріне байланысты жеңуге болады. Өткен кезең мәдениетінің тұңғиығына бойлап, оның ішкі мазмұнын түсінуге тырысу адамды рухани байытады. Өткен кезең мәдениетінің інжу – маржанын өз бойына сіңіре алмаған, одан рухани нәр ала алмаған жас буын бүгінгі заман ағымына ілесіп, өзіне сай ерекшелік дәрежесіне еркін жете алмайды.Өркениетті елге ұлтжанды азаматтарды тәрбиелеу – негізгі міндетіміз болып саналады. Жалпы алғанда егеменді ел болып бүкіл дүниежүзіне белгілі болып отырған шақта біздің отанымызға білімді де, тәрбиелі азаматтар қажет.
М. Жұмабаев балалар өміріне зор әсер беретін мұғалім деп атап көрсеткен, сол себептен қоғамды дамытуда болашақ жеткіншектерді тәрбиелеу, бүгінгі күні мектеп мұғалімдерінің алға қойған басты міндеті. Бүгінгі таңда ұлттық дүниетанымды толық зерттемей және жастар тәрбиесінде жан – жақты әрі толыққанды пайдаланбай, рухани үйлесімде жетілген ұлтжанды заманауи жастарды тәрбиелеу мүмкін емес. Жас ұрпаққа бүгінгі өркениетті дүниеде болып жатқан өзгерістерді ескере отырып, өз халқының ұлттық, мәдени – тарихи, әлеуметтік – экономикалық ахуалын терең танытуға айырықша назар аудару қажет. Сонда ғана негізге алынған жағдайда адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына дарытқан парасатты тұлғаны тәрбиелеу әрбір мұғалімнің міндеті болып табылады.
ӘДЕБИЕТ
Назарбаев Н.Ә. Қазақстан халқының таңдауы - тарихи зерде, ұлттық татулық және демократиялық реформалар. // Егемен Қазақстан. 1997 жыл, маусым Қазақстан, 2012 жыл, 10 шілде.
Жұмабаев М. Педагогика. - Алматы: Санат, 2010. - 112 б.
Жұмабаев М. Педагогика. - Алматы: Рауан, 2005. - 225 б.
ӘОЖ 378.147=943.42(076)
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ СИНОНИМДЕРДІҢ КӨРКЕМ
ӘДЕБИЕТТЕ БЕРІЛУ ЖОЛДАРЫ
СПОСОБЫ ПЕРЕДАЧИ В ХУДОЖЕСТВЕННОЙ ЛИТЕРАТУРЕ СИНОНИМОВ КАЗАХСКОГО ЯЗЫКА
WAYS OF TRANSFER IN FICTION OF SYNONYMS
OF THE KAZAKH LANGUAGE
Кощегулова Г.Н.
Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті
Аңдатпа
Мақалада синонимдердің көркем әдебиеттегі берілу жолдары мен көркем әдебиетте атқаратын орасан зор рөлі талданып қарастырылады.
Аннотация
В статье рассматривается роль синонимов и способы передачи их в художественной литературе.
Annotation
In the article is considered the role of synonym and ways of their transfer in imaginative literature.
Синонимдердің негізгі басты белгісі - сөздердің бір ұғымды беру үшін мағыналық сәйкестіктерінің болуы. Егер синонимдер әр түрлі ұғымды білдірсе, ондай сөздерді синонимдік қатарға топтастыру мүмкін емес.
Белгілі бір ұғымды толық сипаттап беру үшін шығармада екі не үш синоним сөз қатарынан қолданылатын тұстары жиі кездеседі де, қатар қолданылған синонимдер бірінің мағынасын толықтырып тұрады. Сондықтан сөздің тұрақтанып қалыптасқан мағынасы мен контекстік мағынасын дұрыс ажырата білген жөн.
Көркем әдебиетте синонимдерді қолдану, жазушының стильдік ерекшелігіне байланысты болады. Бұған А.М. Пешковский былай деп жазған: «Сплошь и рядом оценить выбор автором того или другого синонима можно только при рассмотрении данного текста на фоне всего произведения или даже всех произведений данного автора.»
Қазіргі көркем әдебиетте жарыса қолданылып жүрген қайсыбір абсолют синонимдердің кездесу жағдайлары мынандай:
сөйлеу тіліндегі жергілікті колоритті құрайды
қайталамау үшін қолданылады
кейде (әсіресе поэзияда) сөз түрлендірудің, өлеңнің өлшем ұйқасы мен буын санын ескерудің әсері байқалады
жеке кейіпкердің сөз саптау ерекшелігін байқатады.
Баспасөзде қолдану жарасымдығын тауып, әдеби тілде орныға алған вариант сөздердің синонимдерден бөлек, мағыналық жағынан әр басқа атауларға айналатыны да кездеседі. Оған бір кездері жарыспа тұлғаларға жатқызып келген өкімет - үкімет, ұлық - ұлы, кішік - кіші, қазір - әзір, ғаламат - әлемет сөздері мысал болады. Нұсқаларының мағыналық саралануына көп мағыналылықтың (полисемия) ықпалы басым болса, олардың артық сыңарын реттеуде омоним сөздердің тұлғалық даралануының елеулі ықпалы бар екен. Мысалы, тырнақтау -тірнектеу, азар - әзер, ауан - әуен, зар - зәр, мына - міне, оп - өп, дару -дәру, тап - тәп сөздері осылайша дараланған. Икемді емле ережесінің игі әсері арқасында қазақ тіліндегі бұрыннан айтылып келген жарыспа тұлғалардың тұлғалық жағынан болсын, мағыналық жағынан болсын реттелуі байқалады. Мысалы, бұрынғы сөздің омонимдік қатарларын қайтып - қайтіп, хан - қан, бұлай - былай, қат - хат, ысыру - сыру, хош - қош, ауыру - ауру түрінде ажыратып жазу қалыптасты [1].
Қазақ әдеби тіліндегі синонимия құбылысы, тілдің синонимдік құралдары - лексикография және лингвистикалық семантика салалары бойынша зерттеуде өз кезегін күтіп тұрған проблемалардың бірі. Сондықтан ең алдымен мынадай мәселелерге назар аудартуға тура келеді:
қазақ лексикологиясында синонимия құбылысы - бұрынғыдан да толығырақ, жете кезегін күтіп тұрған проблема;
қазақ әдеби тілінің диахронды және синхронды дамуында төл тілдегі синонимдік қатарлардың номинациялау, жаңа сөз тудыру, мағыналарды нақтылау және стильдік дифферециациялау процестеріне атсалысуы мейлінше қарқынды болды және бұл процестерге төл тілдің өз потенциалының қозғалысымен қатар арнаулы ақпаратты әдебиетті өзге тілден қазақша аудару жағдайы да әсер етті.
Жалпылингвистикалық қағидаттарға сүйенсек, синоним дегеніміз - сыртқы нысаны әр түрлі тілдік кұралдардың бір ұғым-түсінік, реалий, қасиет- сапа атауларын бере алатын номинациялық жиынтығы. Ғылыми тұжырымның қарапайым анықтамасына көшсек, «мағыналары бір-біріне жақын, өзара мәндес сөздер синонимдер деп аталады (К. Аханов)» [3].
Синоним - тіл байлығының көрсеткіші. Жазу я сөйлеу үстінде қажеті сөзді таңдап алу, әр сөзді өз орнына қоя білу, ойды нақтылы және мәнерлеп жеткізу - бәрі де тілдің синонимдік қорын қаншалықты игеруге байланысты. «Қазақ тілінің синонимдері саны мен көлемі жағынан да, синонимдік қатарлардың молшылығы жағынан да өте бай. Бір ұғымды білдіру үшін кейде 20-30 синоним сөз қолданыла береді. Синонимдердің қолданылу өрісі өте кең, сөйлегенде, жазғанда, белгілі бір ойды сегіз саққа жүгіртіп, тілді соншалықты оралымды етеді. Әр адамның ойлаған нысаналы мақсатына, көңіл, күй, көзқарасының әуеніне қарай айтайын деген сөзін, пікірін басқа кісілерге нақтылы, дәл әрі көркем етіп жеткізуде синонимдердің атқаратын қызметі соншама үлкен.» Біздің еңбегімізге қажеттісі - әрине, стильдік синонимдер.
Сонымен, синонимдердің көркем әдебиетте атқаратын рөлі орасан зор. Бұлар ойды дәл, нақты етіп жеткізуге көмектесіп қана қоймай, ойдың мәнерлі, көркем, бейнелі болуына да зор ықпал жасайды. Бірақ «сөз өнері дертпен тең» демекші, белгілі бір жағдайда қажетті синонимді таба қою тым қиын. Ол терең білімді, үлкен тәжірибені, жоғары фантазияны, дарынды қажет етеді. Қажетті сөзді дер кезінде тауып, оны өз орнында қолдана білудің дертпен тең болуы сол себепті.
Қазақ теңеулер жүйесінен ерекше мол орын алатындардың бірі де - осы синонимдік теңеулер. Қазақ көркем әдебиетінде бұлардың қолданылу өрісі мейлінше кең, соған орай олардың атқаратын көркемдік қызметі де сан салалы. Бұлардың қолданылу өрісі мен атқаратын қызметі қандай кең болса, олардың структурасы мен мағыналары, түрлері мен сырлары да әр алуан. Бұлардың табиғатын біршама толық түсіну үшін, синонимдік теңеулерді төмендегідей шартты топтарға бөліп қарауды жөн көрдік:
Тұрақты синонимдік теңеулер,
Контекстік синонимдік теңеулер,
Толық синонимдік теңеулер,
Шылаулы синонимдік теңеулер,
Бірыңғай синонимдік теңеулер [2].
Біздің синонимдік теңеулерді бұлайша топтауымыз - тым шартты және тым жалпылама. Мұнымен қатар синонимдік теңеулерді көркемдігіне, бейнелілігіне, әсерлілігіне, т.б. белгілеріне қарап та топтауға болады.
Тұрақты синонимдік теңеулер. Синонимдік теңеулердің мұндай түрлері бір үзіндінің (мысалдың, теңеулік конструкңияның) бойынан кездеспейді немесе өте сирек ұшырасады. Мұндай теңеулер бүкіл қазақ теңеулерінің өн бойында шашырап жатады. Солай бола тұра олар бірыңғай мағыналарды білдіріп, ұқсас үғымдардың көркем, бейнелі суреттері болып табылады. Мәселен, бір нәрсенің ірі, зор екенін білдіретін еңгезердей, алпамсадай, таудай, шаңырақтай, күмбездей, бәйтеректей, үйдей, өгіздей, сиырдай, түйедей, атандай, нардай, дардай, дырдай, соқталдай, добалдай, сайдауыттай, зіңгіттей, қолақпандай т.б. теңеулері сондай синонимдік теңеулердің қатарына жатады. Бұлар бір контекстің аясында қолданылмағанымен, жалпы теңеулік жүйенің ауқымында өмір сүріп, бір ғана ұғымның синонимдік теңеулері ретінде қолданылады. Рас, бұлардың мағыналары бір-біріне өте жақын болмағанымен, стильдік реңктері, эмоциялық бояулары әр түрлі. Айталық, алпамсадай, таудай, атандай, соқталдай, сайдауыттай, өгіздей образдары тек ер адамға ғана қолданылса, сиырдай образы тек әйел адамға тән [1].
Синонимдік теңеулердің ең мол саласы, көркемдік тәсілдің ең пәрменді құралы - контекстік синонимдік теңеулер. Тұрақты теңеулермен салыстырғанда, бұлардың саны да анағұрлым артық, сапалық қасиеттері де әлдеқайда жоғары. Сондықтан болса керек, контекстік синонимдердің құрылымдық, стильдік ерекшеліктері сан қилы болып келеді. Синонимдік теңеулердің бұл түрін 5 топқа жеткізуіміз де сол себепті. Бірінші топқа кіретіндері толық синонимдік теңеулер деп атадық. Бұлардың өзі ішінара екіге бөлінеді. Біріншісінің образдары әр түрлі болады да, қалған мүшелері (предметі мен белгісі) бірдей болады. Мысалы: Олар келіп сүзіскенде, дыбысының қаттылығы сондай: күркіреген күндей, көшкен таудай жаңғырды (Қазақ ертегілері); Жүніңнен айрылыпсың жүрдай болып, Қалыпсың жап-жалаңаш тырдай болып (Айтыс);. Көшкен елдей, Соққан желдей Жастық шағы өтер тез (С. Сейфуллин) [2].
Синонимдік теңеулердің келесі тобы - шылаулы синонимдік теңеулер. «Шылаулы» деген атынан көрініп тұрғандай бұл типтес синонимдік теңеулерде бір предмет пен бір белгіге ортақ екі образ болады да, бұл образдар бір-бірімен шылаулар арқылы дәнекерленеді немесе шылаулар арқылы ажыратылады. Әйтпесе образ бен белгіге ортақ екі предмет болады да, олар да шылаулардың көмегімен біртұтас ұғым ретінде көрсетіледі. Мысалы: Өзі не тірі өлік сияқты, не әдемілеп үрген тұлып сияқты (С. Сейфуллин); Бұйра шаш шарт жүгініп, үйдің ішіне не бұқаша, не молдаша қаранып, басты жан-жаққа бұлғақтата бастады (І. Жансүгіров); ... Карпов арнаулы бір газет тілшісіндей, не бір зерттеушідей аса қатты ықыласпен тыңдап, дәптеріне жазып алып отырғанды (М. Әуезов) [5].
Шылаулы синонимдік теңеулердің бұл тобы мен толық синонимдік теңеулердің бірінші тобының құрылымында ешбір айырма жоқ. Айырмасы: егер толық синонимдік теңеулердің образдары бір-бірімен шылаусыз, жалғаусыз салаласа байланысса, шылаулы синонимдік теңеулердің бұл тобының образдары бір-бірімен шылаулар арқылы салаласа байланысады [2].
Ал күдік пен дерттей соңғы ойлар бұлттары бүркеп басып барады, өмір... шекер менен балдай ең теңеулерінде де бір предмет пен бір белгі бар да, ал образдары екеу. Бұлардың образдары да бір-бірімен шылаулар арқылы байланысқан. Бірақ бұл байланыстың өзгешелігі бар. Мұнда шылау арқылы байланысқан екі образдың алғашқысында теңеулік жұрнақ түсіріліп айтылады да, образдың көлемі біраз ықшамдалады. Бұны тілдегі үнем заңының көрінісі деуге болады. Структурасы, көркемдік мәні, стильдік сипаты жағынан бұл топтың алғашқы топтан айырмашылығы жоқ. Рас, бұл топтағы синонимдік образдардың басқа топтардағы синонимдік образдармен салыстырғанда, органикалық бірлігі икем, нық болады. Мәселен, не молдаша, не бұқаша қаранып теңеуінің образдарында бір-бірінен әрі құрылымдық, мағыналық жік, алшақтық болса, өмір шекер менен балдай ең теңеуінің образдарында мұндай алшақтық жоқ. Қайта бұлар жымдасып, бірімен-бірі кірігіп, біртұтас ұғым, яғни біртұтас образ ретінде танылады.
Ойларың мен сөздерің ашуы жеткен удай қатты тиді тәріздес теңеулер шылаулы синонимдік теңеудің үшінші тобын құрайды. Мұнда бір образ екі нәрсені анықтап, сол екі нәрсеге ортақ бір белгіні табады.
Бұл айтылғандармен қатар жүздері мен кірпіктерінде қалың қорқыныш пен ауыр уайым тұрғандай тәріздес теңеулердің түрлері де кездеседі. Мұндай теңеулерде предмет те екеу, образ да екеу [4].
Синонимдік теңеулердің ең соңғы тобын бірыңғай синонимдік теңеулер деп алдық. Бұлар өздерінің стильдік сипаты жағынан синонимдік теңеулердің басқа түрлерінен өзгеше емес. Мүшелерінің құрылымы жағынан олар көбінесе шылаулы синонимдік теңеулерге ұқсайды. Бұларда шылаулар қолданылмайды да, оның орнына интонация қызмет атқарады. Бірыңғай синонимдік теңеулердікі не одан да көп предмет немесе екі не онан да көп образ және екі не одан да көп белгілер болады. Кейде бір теңеулік конструкцияның бірнеше мүшесі бірыңғай болып келіп, көп мүшелі синонимдік теңеулер жасайды Мысалы: Нәренжіктің мына ызасы, мына қорлығы удай болып, іші-бауырымды өртеп күйдіріп, кетті (С. Сейфуллии); Бұл әйелмен Омар көптен бергі танысындай жымыңдасып, арсалаңдап, ерке меймансып, сөйлесіп кетті (І. Жансүгіров); Осылайша бар сорақысы бадырайып тұрған, әрі зорлық, әрі жуандық, әрі арамдық ұясындай бай ауылында сол күнгі қазақ сахарасының басындағы тарихтай, жүдеу күздің күнінде Абайдың анық өлмес, өшпес және бір сазы туып еді (М. Әуезов) [5].
Сонымен, синонимдік теңеулер қазақ теңеулер жүйесінің мол салаларының бірі болып табылады. Бұлардың ең басты стильдік мақсаты - теңеудің үш мүшесінің біреуін не екеуін синонимдік әдіс арқылы жұптап алып, соның нәтижесінде көңіл бөлініп отырған мүшенің әсерлілігін мейлінше арттырып, тыңдаушының сезім дүниесіне ой салу.
ӘДЕБИЕТ
Балақаев М.Б. Қазақ әдеби тілі және оның нормалары. - Алматы: Ғылым, 1984. - 208 бет.
Бегалиева Л.Б. Синонимдік қатарлардың жасалуы және когнитивтік мәні. - Алматы: Ғылым, 2010. - 25 б.
Аханов Қ. Тіл білімінің негіздері. - Алматы: Санат, 1993. - 494 б.
Бизақов С. Синонимдер сөздігі. Алматы: Арыс, 2007. - 312 б.
Әуезов М. Жиырма томдық шығармалар жиынтығы. Алматы: Жазушы, 1979. - Т4. Абай жолы. Роман-эпопея, екінші кітап.
ӘОЖ: 37.01 (574)
ПУТИ ИСПОЛЬЗОВАНИЯ НАСЛЕДИЯ КАЗАХСКИХ МЫСЛИТЕЛЕЙ
В УЧЕБНОМ ПРОЦЕССЕ В ЦЕЛЯХ ВОСПИТАНИЯ И РАЗВИТИЯ
ҚАЗАҚ АҒАРТУШЫЛАРЫНЫҢ ТӘЛІМ – ТӘРБИЕЛІК ІЛІМДЕРІН ОҚУ ЖҮЙЕСІНДЕ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ЖОЛДАРЫ
WAYS OF USE OF HERITAGE OF THE KAZAKH THINKERS IN EDUCATIONOL PROCESS FOR EDUCATION AND DEVELOPMENT
Махметова А.У.
«Педагогика және психология» мамандығының магистранты, АМКУ
Аннотация
В данной статье рассматриваются основные аспекты творчества выдающихся казахских просветителей.
Аңдатпа
Бұл мақалада белгілі қазақ ағартушыларының шығармашылығының негізгі кезеңдері қарастырылған.
Annotation
This article deals with the main aspects of creativity of outstanding kazakh educators.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында еліміздің сан ғасырлық дәстүрін, тілін, мәдениеті мен тарихын сақтай отырып, әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіруге қадам басуы жолында дамып келе жатқандығын атап көрсетті. Бұл уақытқа дейін әрбір тарихи кезең халық санасында белгілі бір із қалдырып, олардың тағ дырына елеулі ықпал етіп отырған. Осығ ан орай өз халқымыздың тарихи тәжірибесіне сүйену егемендікке қол жеткізген тәуелсіз елдеің өміріндегі заңды құбылыс деп білеміз.
Қазақстан мемлекетінің шын мәніндегі жаңа тарихы жасалып жатқан уақытта, оны әлі пайымдау, зерделеу және сонымен бірге өткен тарихымызғ а деген көзқарастың тиянақтала түсуі қажет екендігі туралы «Қазақстан Республикасында тарихи сананың қалыптасуының тұжырымдамасында» 90-жылдардың өзінде-ақ атап көрсетілген. Тарихи сананың іргетасын тарих ғылымы қалайтыны белгілі. Сондықтанда бұл Қазақстан педагогикасы тарихының алдына жаңа, күрделі міндеттерді жүктейді. Осы тұрғыда тарихи білім беруді түбегейлі жаңалаған кезде, мектептер мен жоғары оқу орындарындағы тарих тұстарын барынша ізгілендіріп және оған ауқымды мәдениеттанушылық бағыт беру, осы заманғы өркениет мәселелеріне адамзаттың рухани ізденісін кеңінен ашып көрсетуді қажет етеді. Бұл осы міндеттердің ішіндегі ең көкейтесті проблемалардың бірі болып табылады [1].
Тарихқа үңілу, оның жеткен жетістіктерін қазіргі таңда оқу-тәрбие процесінде пайдалану, педагогикалық іс-әрекетті шығармашылықпен құруға мүмкіндік туғызады. Қазақстанның қазіргі заман алдында оқушыларға тарихи-патриоттық сананы олармен тығыз бірлікте қалыптастыру мәселесі тұр. Әрине бұл кездейсоқ емес, себебі үшінші мыңжылдықта барлық мәдениетті қоғамда өз халқының өткен тариы мен мәдениетін зерттеп білуге қызығушылық артуда. Осыған орай Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Ғылым мен білім қызметкерлерінің Республикалық съезіндегі педагогикалық жұртшылыққа жолдаған Үнденуінде өсіп келе жатқан ұрпақтың «осы кезеңнің тарихын біліп, қателіктер мен жетістіктерді объективті бағалауы қажет» деп көрсетеді. Аталған тақырыпқа сәйкес тарихқа үңілер болсақ ХХ ғасырдың 20-шы жылдарынан бастап Республикамызда жаңа қазақ мектебінің негізін қалауда оқу ағарту ісін дамытқан қазақтың ойшыл ағартушылары Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Ғұмар Қарашев, Халел Досмұхамедов, Әлихан Бөкейханов, Мұстафа Шоқай сынды зиялыларының баға жетпес мұралары негізінде жеткіншектерді тәрбиелеу қазақ халқының болашағын қалыптастырушы күш деп білеміз [3].
ХХ ғасырдың бірінші жартысында әлемдік педагогикада мәнді, нақты түбегейлі өзгерістер болды. Бұған көптеген маңызды факторлар өзінің әсерін тигізді: оқушылардың меңгеруге тиісті білім, іскерлік, дағды көлемінің өсуі, балалалық шақтың табиғаты туралы зерттеу нәтижелері т.б. Осыған байланысты педагогикалық орталықтардың (кафедралар, зертханалар, ғылыми зерттеу мекемелері) саны күннен күнге өсіп отырды. Сондықтан білім беру жүйесі сынға ұшырады. Мектеп ғылым мен мәдениет, өндіріс деңгейіне сай келмейтін, ескірген, жас ұрпақтың қажеттілігіне жауап бермейтін, басқаша тәрбиелеуді талап ететін мекеме ретінде қабылданды. Сол себептен мектепті және педагогиканы жаңарту қажеттілігінің көкейтестілігі арта түсті. Педагогикалық құрылымды қайта қарау, білім беруді өзгерту Қазақстанның маңызды ұлттық мәселесінің бірі болды. Сонымен барлық жоғарыда айтылғандар бұл кезеңнің ерекше күрделілігін, сыниталдаудан өткізудің қажеттігін, сол бағыттағы тарихи педагогикалық зерттеудің маңыздылығы мен көкейтестілігін көрсетеді.
Бұл тақырып бойынша бұрын айналысқан ғалымдар И.Б. Мадин, Қ. Бержанов, С. Мусин өздерінің зерттеулерінде Қазақстандағы Советтік дәуірдегі педагогикалық ой-пікірдің даму жолын қарастырған. Бұл ғалымдардың еңбектерін бағалай отырып, ХХ ғасырдың 20-40 жылдарында педагогикалық идеялардың даму тарихын сол кездегі коммунистік идеологияның талаптарына сай жазылғанын ескерту керек сияқты. Осыған байланысты сол кездегі қазақ халқының білімін, идеяларын анықтау үшінәлеуметтік, экономикалық жағдайларын қарастыру қажет болды. Совет мектебінің іс-тәжірибесін талдау нәтижесі сол кездегі педагог тәжірибесінің өміршеңдігін көрсетті [2].
Көптеген ғылыми, тарихи-педагогикалық әдебиеттерге зерттеу жүргізгендігі біздің мақсатымыз – оның жақсы тиімді жақтарын ашып көрсету. Әсіресе, мәдени жәнетарихи факторларды ескере отырып, оның болашақта негізге алуға мүмкін болатын құндылықтарын айқындау. Осыған орай ХХ ғасырдың бас кезіндегі білім беру саласындағы ерекшеліктеріне тоқталатын болсақ, олар:
Білім алуға барлық азаматтардың қол жеткзіе алатындығы;
Білім алуға деген тең праволылығы, т.б.
Жоба бойынша зерттеуіміз өткен тарихымыз жайлы зерттеудің басы ғана болып табылары сөзсіз. А. Байтұрсынов, Ш. Құдайбердіұлы, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ғ. Қарашев, Х. Досмұхамедов, С. Меңдешов, Н. Манаев, С. Қожахметовтардың педагогикалық ой-пікірлерін білу ұлттық және азаматтық құндылықтарын меңгеруге негіз болып, жас ұрпақтың өздігінен білім алуға деген ынтасын оятып, олардың интелектуалдық дамуына көмектеседі. Бұл педагог ағартушылардың педагогикалық мұрасының бүгінгі таңда мәнінің орасан зор екендігі Қазақстанда педагогикалық білім берудің қалыптасуы мен даму тарихын сол білім беру жүйесін дидактикасын зерттеуде бірден-бір құнды материал болып табылғандығында. Бүгінгі таңда жоғарғы оқу орындарында оқыту мен тәрбиенің теориясы мен тәжірибесі қоғамның дамуының қазіргі кезеңіндегі жастарға қойылатын талаптарға сай терең зерттеуді талап етіп отыр. Бұл міндетті ойдағыдай жүзеге асыруда көрнекті ғалым-ұстаздардың педагогикалық ой-пікірлерін зерттеумен, оны жеткіншектер тәрбиесінде пайдалану мәселесі өзекті болуда.
Сондықтан біздің ғылыми зерттеу жұмысымыздың маңыздылығы ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанда педагогикалық ой-пікірдің дамуына үлес қосқан ағартушыларымыздың мол педагогикалық мұрасын жастар тәрбиесінде пайдалану жолдарын қарастыру.Зерттеуде ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы әлеуметтік, экономикалық, әсіресе саяси-атмосфералық жағдайдың жалпы білім берудің дамуына, соның ішінде жеке тұлғаны тәрбиелеу процесіне де әсер етіп отырғандығы анықталғандығын байқауға болады.Қазіргі кезде Қазақстан жастарын отансүйгіштікке тәрбиелеу еліміздің егемендігін сақтап, өркениетті елу ел қатарына қосылуы қажеттілігінен туындап отыр [5].
Елбасы Н. Назарбаев «Қазақстанның болашағы – қоғамның идеялық бірлігінде» атты еңбегінде ұлт ішіндегі бірлікті нығайту, отансүйгіштікке тәрбиелеу, азаматтық келісім ахуалын жасау мәселелеріне тоқталып, «Біздің тағы бір аса маңызды идеологиялық міндетіміз – қазақстандық отансүйгіштікке тәрбиелеу, әрбір азаматтың өзін-өзі айқын,билеуін қалыптастыру. Шынайы отансүйгіштікті, нағыз азаматтықты қалыптастыру жеке бастың өзін саяси тұрғыдан айқын сезінуін, өз Отанын саналы түрде таңдауын көздейді» - деген. Осы отансүйгіштік қасиетті қалыптастыруды өз ұлтымыздың зиялыларының отансүйгіштік әрекеттері мен олардың мұраларындағы ұлттық құндылықтар негізінде жүзеге асырудың тиімділігін ғылыми-зерттеу барысында дәлелдеуді мақсат етудеміз. Осы мақсатта отансүйгіштік қасиетті қалыптастыруға қатысты ғылыми зерттеулерге талдау жасауға болады.
Біз оқушыларға күрделі және көлемі үлкен материалдарды бергенде зейіндерін сабаққа аудара алмай отыратындықтарын жиі байқаймыз. Дәл осы уақытта оларды қызықты әңгімемен немесе ойын арқылы ықыластарын аударып, сабаққа қарай көңілдерін аудару қажет.
Әрбір ұстаздың алдына келген бала да әртүрлі ойлау қабілетінде болады, мысалы кейбірі шапшаң ойлап, шапшаң жұмыс істесе, кейбірі тақырыпты баяу қабылдап, оған тапсырманы (тақырыпты) қайтадан қарап шығу тиімді болып табылады. Осы орайда әрбір сабақты интерактивті тақтаны пайдалана отырып презентация құралдары арқылы сипаттап, артынан осы материалды флеш-карталарына салып берудің тиімділігін білеміз.
Видео-сабақтарды қолдану мен презентацияларды демонстрациялау оқу құралы ретінде қиялды, абстрактілік ойлауды, оқытылатын оқу материалына және пәнге қызықтырушылықты арттырады [6].
Презентациялар бір жағынан, оқушыларға жаңа материалды (иллюстрация, фотографиялар, бейнелік, дидактикалық материалдар, т.с.с) көрнекті түрде көрсету құралы болса, екінші жағынан, мұғалімдерге осы материалдарды дайындауды және оны қолдану процесін де жеңілдетеді.
Видео-сабақтар педагогикалық технологияның алға басқан тағы бір қадамы. Балалардың ақпаратты теледидар, компьютер және т.б. техникалық құралдардың көмегімен жақсы қабылдайтынын жақсы білеміз. Видео-сабақты қолдану ақпаратты жоғарғы көрнекілікте көрсету және жаңашылдық элементін енгізуге көмектеседі. Ашық көркемдеулер және анимацияланған процестер назардың көбірек аударылуына, қарастырылатын тақырыпқа байланысты қызықтырушылық тудырады. Егер мұғалімнің түсіндіруін оқушы дұрыс қабылдай алмай қалса, видео-сабақтар арқылы түсіндіру қабылдауға жеңіл әрі қызықты. Мұндай әдіс жаңа материалды түсіндіруге кететін уақытты азайтады. Мысалы лекциялық материалдың мазмұны бүкіл бір сабақтың уақытын алса, ал оқу видеофильмдері - 20 минут қана уақыт алады немесе тәжірибелік жұмысқа нұсқауды көркем жеткізуге мүмкіндік береді. Осының арқасында материалды тәжірибелік меңгеруге көп уақыт қалады. Видео-сабақты қысқаша талқылау материалдың негізгі кезеңдеріне назар аудартып, қорытындылар шығаруға көмектеседі. Яғни қажеттілігінше видео-сабақтарды пайдалану оқушының пәнге қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді.
Осы мақсатта көптеген Интернет ресурстарымен жұмыс барысында Camtasia Studio бағдарламасы көңіліме қонды. Бұл бағдарлама монитордың өзің таңдаған бөлігін ғана видеоға түсіріп алады. Артынан оны өңдеп, соңғы нұсқаны оқушыларға ұсынуға болады. Осы бағдарламамен сабақтарымның әртүрлі бөліктерінде шағын видеороликтер жасау арқылы сабағымды жаңа тәсілмен ұйымдастырдым. Бұл роликтердің маңыздылығы сол, мұғалім түсіндіргенде оқушы өзі түсінбеген тұстарды қайтадан айналдырып көру мүмкіндіктеріне ие бола алады.
Осындай жаңалықтар оқушылардың ақыл-ойын, шығармашылығын дамыту мәселелерін шешеді және білім сапасын көтереді [7].
Психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерді талдау информатика сабақтарында оқушылардың білімдерін арттыру мақсатында видео материалдарды қолданудың маңызы зор және өзекті екенін көрсетіп отыр.
Қорыта айтқанда, электрондық ресурстар оқушылардың сабаққа деген ынталарын, назарларын, қызығушылықтарын арттырып, информатикадан білім деңгейлерін жоғарылатады. Ал бүгінгі күні жаңа ғасырдың жастарына жан-жақты білім беру, тәрбиелеу - әрбір ұстаздың басты борышы.
Білім берудің тарихы қоғам дамуының белгілі бір нақты кезеңімен сабақтасып жататыны белгілі. Себебі, білім берудің мақсаты мен міндеттері қоғамның сұранысымен айқындалады және де қоғам дамуының барысы білім берудің жай-күйінен де байқалады. Осы ретте білім беру мекемелерін оңтайландырудың тиімді жолдарына тоқталғанды жөн санап отырмын. Елбасы Н. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясындағы біз, яғни білім беру қызметкерлері басты негізге алатын мәселе - Қазақстандағы білім беру жүйесіне енгізілуі тиіс басымдықтар мен жаңалықтар. Яғни, біз білім және кәсіби машықтың заманауи білім беру жүйесінің кадр даярлау мен қайта даярлаудағы негізгі бағдары екендігін өзіміздің әріптестеріміз бен білім алушы жаңа буын жастарға терең түсіндіре отырып, оларға жаңа серпілістерді ұғындыруымыз қажет.
ӘДЕБИЕТ
Халық педагогикасы - бала тәрбиесінде / Дайындағандар Қ. Бөлеев, А. Мейірманова, Р. Садуақасова. - Жамбыл, 2008.
Әбунәсір әл-Фараби. Трактат жәнеөлеңдер (ауд. А. Нысанапин). - А, 2006.
Жамбылов Д. - Тәуелсіздікжәнесаяси сана: учебное пособие. - А.: Жетіжарғы, 2008.
Назарбаев Н. - "Мәденимұра" - мемлекеттіңсоныстратегиялық ұстанымы. - // ЕгеменҚазақстан. - 2007.
Педагогическая энциклопедия. // под.ред. А.Г. Калашникова, М: Работник просвещения, 2007.
Сәдуақасұлы Ә. Халықтық педагогика дәстүрлері арқылы қазақ мектептерінің оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың педагогикалық шарттары, А, 2006.
Ысмағұлов Ж. - Абай: Даналықдәрістері. - А.: Өнер, 2008.
Достарыңызбен бөлісу: |