Зерттеу әдістері: Көрсетілген әдіснама шеңберінде зерттеуде теориялық және эмпирикалық зерттеу әдістерінің жиынтығы қолданылды: философиялық, педагогикалық және психологиялық әдебиеттерді, оқу бағдарламаларын, оқу құралдары мен педагогикалық жоғары оқу орындарына арналған әдістемелік ұсынымдарды талдау; бағдарламалық құжаттама (жоғары кәсіптік білім берудің мемлекеттік білім беру стандарттары, оқу бағдарламалары мен жоспарлары), сондай-ақ педагогикалық тәжірибені зерделеу және қорыту; студенттердің сауалнамалары; педагогикалық модельдеу; эксперименттік деректерді математикалық өңдеу әдістері.
Зерттеу базасы: Зерттеудің эмпирикалық негізі Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті Мектепке дейінгі және арнайы педагогика кафедрасында 142 жоғары курс студенттерінің қатысуымен жүргізілді.
Зерттеу нәтижелерін апробациялау және енгізу: Осы зерттеудің нәтижелері және оның негізгі ережелері 2021-2022 жылдары ОҚМПУ-дың Мектепке дейінгі және арнайы педагогика кафедрасының мәжілісінде және 2022 жылғы ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелері бойынша ғылыми конференцияларда талқыланып, 2 ғылыми (???) мақала баспа бетінен жарық көрді.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Жұмыс кіріспеден, үш тараудан және қорытындыдан тұрады. Зерттеу жұмысының соңында пайдаланған әдебиеттер тізімі, зерттеу жұмысы бойынша 6 (А, Ә, Б, В, Г, Д) қосымша берілген. Зерттеу тақырыбына және жүргізілген эксперименттік жұмыстарға байланысты 28 кесте, 8 сурет қолданылды.
1 Логопед-мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың теориялық-әдіснамалық аспектілері
Достарыңызбен бөлісу: |