Зерттеудің мақсаты мен гипотезасына сәйкес келесі міндеттер анықталды:
1. Логопед-мұғалім мамандығының ерекшелігіне сәйкес «кәсіби құзыреттілік» ұғымының мәні мен мазмұнын нақтылау.
2. Педагогикалық жоо-да болашақ логопедтердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру моделін жасау.
3. Болашақ логопед-мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру критерийлерін анықтау.
4. Болашақ логопедтің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру процесінің тиімділігін арттыратын педагогикалық жағдайлар мен құралдарды анықтау.
Зерттеудің әдіснамалық негізі: Жалпы ғылыми деңгейде: кәсіптік білім беру туралы педагогикалық ғылымның негізгі ережелері, білім беру жүйесі мен әлеуметтік саланың жоғары білікті кадрларының жалпы тұлғалық және кәсіби-іскерлік қалыптасуы; қызметті дамыту идеялары және оның бағдарлы негізін қалыптастыру қажеттілігі; іс-әрекеттің психологиялық негіздері, теориялық және практикалық ойлаудың бірлігі; нақты ғылыми деңгейде: жетекші қызмет түрі туралы ережелер, студенттердің оқу-танымдық қызметін ұйымдастырудың дидактикалық ерекшеліктері; маманның кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру процесінде педагогтың оқыту іс-әрекетінің теориясы, оқу процесінде педагогикалық іс-әрекетті модельдеу және жобалау идеялары; сөйлеу онтогенезінің бұзылуын диагностикалау мен түзетудің жүйелік тәсілінің принциптері басшылыққа алынды.