А. Р. Боранбае ва шымкент, 2022



бет20/36
Дата18.05.2022
өлшемі471,72 Kb.
#143814
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   36
Байланысты:
Абдезимова (1)

Реттеушілік:
1) іс-әрекеттің тәсілі мен нәтижесін ажырату;
2) қойылған міндетке және оны іске асыру шарттарына сәйкес іс-әрекетті жоспарлау.
Танымдық: мәселелерді шешудің әртүрлі әдістеріне назар аудару.
Коммуникативті (қарым-қатынас өзара әрекеттесу ретінде):
1) серіктестің іс-әрекетін бақылау;
2) серіктес сөйлеу кемшіліктерінің құрылымы мен деңгейін, оларды түзетудің әдістері жөнінде не білетінін және нені меңгермегенін ескере отырып, серіктес үшін түсінікті мәлімдемелер жасау.
Ақпаратпен жұмыс:
1) мәтінде мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларды тексеру әдістері туралы берілген ақпаратты табу;
2) анық емес түрде ұсынылған ақпаратты түсіну (элементтер тобының жалпы белгісін бөліп көрсету).
Жабдықтар: тапсырма мәтіні, «Мәзір» деген жазуы бар парақтар.
Тапсырманы тұжырымдау. Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларды диагностикалау, сөйлеу кемшіліктерінің құрылымы мен деңгейін, оларды түзетудің әдістерін анықтау, балалардың психикалық дене даму және сөйлеу жағдайын есепке ала отырып, сабақ жүргізуге топ жинақтауға көмектесіңіз.
Рәсім. Тапсырманың мәтіні №1 конвертте болады. Мәзірдің әр нұсқасын бөлек параққа жазыңыз. Орындалу уақыты – 5 минут. Басталды! Уақыт! Қазылар алқасының парақтарын тапсырыңыз.
Нәтижелерді талдау. Ұпай санын жариялау.
Бағалау. 3 ұпай – барлық 8 комбинация табылды. 2 ұпай – 5-7 комбинация табылды. 1 ұпай – 5 комбинациядан аз табылды. 0 ұпай – бірде-бір комбинация табылған жоқ. Максималды – 3 балл.
2. Пәнаралық интеграцияны жүзеге асыру.
Пәнаралық интеграцияны жүзеге асыру мақсатында ««Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларында» анықталған «Арнайы білім беру ұйымдарының мұғалімдері, жалпы білім беретін мектептердегі арнайы сыныптардың мұғалімдері» лауазымдық міндеттемелерге сай әзірленді.
Модульді оқу процесінде болашақ логопед-мұғалімдері үшін таңдау курсы немесе элективті курс ретінде пайдалануға болады. Модуль келесі нәтижелерді алуға бағытталған:
1-нәтиже. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқушы контингенті мен оқытылатын пән ерекшеліктерін есепке ала отырып оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асыру әрекетін; білім алушылар мен тәрбиленеушілердің жеке қабілеттерін дамытуды МЖМБС талаптарына сәйкестік дәрежесін анықтау мақсатында талдау.
2-нәтиже. МЖМБС талаптарына сәйкес қолданыстағы оқулықтардың авторлары ұсынған бағдарламалар негізінде 1-4 сыныптарға арналған жұмыс оқу бағдарламаларын жобалау. Оқу процесінде түзету жұмыстарын жүзеге асыруды; оқытудың әртүрлі әдістері мен құралдарын, нысандарын, түрлерін қолдануы; оқытылатын пән бойынша жасалған жоспарда заманауи білім беру, оның ішінде ақпараттық технологияларды қолдануы; бұл критерийлердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында қарастырылған талаптарға сәйкес білімді, білікті және дағдыларды алуын қамтамасыз ету мүмкіндігін салыстыру.
3-нәтиже. Білім беру бағдарламаларын әрекеттік көзқарас тұрғысынан жобалау (оқушылардың іс-әрекетінің нәтижесі ретінде сабақтың мақсаттарын тұжырымдау, оқушылардың жас және жеке ерекшеліктеріне сәйкес оқу материалын таңдау; оқушылардың іздеу іс-әрекетінің құрылымына және игеру процесінің заңдылықтарына сәйкес оқу тапсырмаларын орындау реттілігін белгілеу, оқушылардың белсенді өнімді іс-әрекеті ұйымдастырылатындай етіп олардың әрқайсысына сұрақтар жүйесін тұжырымдау).
4-нәтиже. Оқу процесіне оқушылардың оқу объектісі ретінде әмбебап оқу әрекеттерін қосу (пәндік дағдылармен бірлікте ӘОӘ қалыптастыру технологиясын меңгеру).
5-нәтиже. Пәндік ұғымдар мен іс-қимыл әдістерінің қалыптасу деңгейін анықтауға бағытталған математикалық мазмұндағы диагностикалық материалдарды әзірлеу.
Әзірленген курс интеграцияланған, өйткені оның мазмұны білімнің әртүрлі салаларындағы ғылыми фактілерді қамтиды: психология, дидактика, білім теориясы, пәндік салалар. Сонымен қатар, студенттерді оқыту бір тапсырманы орындау барлық осы салалардан білім мен іс-қимыл әдістерін өзектендіруді және біріктіруді қамтиды. Мысалы, сынақ тапсырмалары ретінде студенттерге белгілі бір әмбебап оқу әрекетінің (немесе іс-әрекет тобының) қалыптасу дәрежесін бағалау үшін пәндер немесе сыныптар бойынша (студенттің таңдауы бойынша) жұмыс бағдарламасының жобасын, оқу мультимедиа презентациясын, сабақтың конспектісін және диагностикалық материалдарды әзірлеу ұсынылады. Осы тапсырмалардың әрқайсысы пәннен тыс. Студенттер қызметінің әрбір өнімін бағалау әзірленген өлшемдерге сәйкес жүзеге асырылады.
6-кесте. Әзірленген жұмыс бағдарламасын бағалау критерийлері



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет