А. С. Иргалиев (қолы) (аты-жөні)


Тақырып Соғыс жылдары (1941­‑45ж.ж.) мен 80 ж. ортасына дейінгі кеңестік психология. Мақсаты



бет7/15
Дата09.11.2016
өлшемі2,29 Mb.
#1324
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15

Тақырып Соғыс жылдары (1941­‑45ж.ж.) мен 80 ж. ортасына дейінгі кеңестік психология.

Мақсаты: Тақырып жөнінде білім беру.

Дәрістің мазмұны

  1. ХІХ ғ. Ресейдегі әлеуметтік мәдени жағдайлар.

  2. П.Г.Чернышевский, П.Д.Юркевич, М.М.Троицкийдің зерттеулері.

Ресей қоғамының рухани өмірі батыс мәдениетінің жалпы даму бағытымен өте тығыз байланысты болды. Сонымен қатар, бұл байланыс – Ресейдің әлеуметтік және тарихи дамуында өз бейнесін көрсетіп, кеңес ғылым қалыптасуына әсерін тигізді.

ХІХғ. 60 жылдары‑ресей тарихы мен ғылымының дамуындағы маңызды кезеңдердің бірі болды. Цензуралық биліктің әлсіреуі, либералды баспалардың ашылуы, университеттерде философия және психология бойынша курстардың қайта қалпына келуі қоғамның прогрессивті үмітін арттырды және Ресейде ағарту саласы бойынша жаңа реформалардың бастау алатынына сендірді. ХІХғ. 60‑70ж.ж. ресей жері үшін жарқын, адамзат тұлғасының рухани өмірінің ашылуы, теңдіктің орнауы сияқты жағымды эмоционалды жылдар ретінде есте қалды. Жаңа реформаны қабылдау‑Ресей үшін маңызды роль атқарып, алдағы уақытта қандай бағытта іс‑әрекеттер атқару керектігін шешу еді. 60ж. Ресейдегі әлеуметтік жағдайдың өзгеруі бүкіл қоғамның, ғылымның тарихына үлкен әсерін тигізді.

Ағарту мәселесі, яғни білім көздерінің таратылуы Ресейде ең бастысы журналдар көмегімен жүзеге асты. Бұл кеңестік ғылым мен мәдениеттің дамуында үлкен роль атқарды. Либералды интеллигенцияның орталығы болып‑ «Европа Хабаршысы» деген журнал табылды. Бұл журналдың шығуына серіктес болған сол замандағы жетекші ғалымдар мен жазушылар: И.С.Тургенев, Л.Н.Толстой, И.А.Гончаров, И.М.Сеченов, К.Д.Кавелин, А.Н.Пыпин, Н.И.Костомаров т.б. болды. Кейіннен бұл журнал мәдени өмірдің негізі және әдеби‑саяси жинақтардың біріне айналады.

Осы өзгерістердің барлығы психология үшін ресей менталитетін тану, ресей халықтарының психологиялық ерекшеліктерін сипаттау немесе сол кезеңдегі «ұлттық ерекшелік», «халық руханияты» сияқты терминология бойынша, қоғамының барлық мүшелері үшін жалпы халық құндылығы, мақсаты, ұмтылысы, наным‑сенімі төңірегіндегі мәселелерді зерттеп білумен байланысты болды. Ал «халық руханияты» деген түсінікте көбінесе: тілі, аңызы, мифтары, салт‑дәстүрлері т.б. айтылды.

Бұл мәселелер бойынша алғашқы зерттеулер белгілі философ Н.И.Надеждинға қатысты еді.

ХІХғ. ортасында ресей психологиясы жеке тұлғаға деген өзіндік көзқарастардың қалыптасуымен және оның қоғамдағы ролімен байланыста болды, ал ең бастысы‑ кеңестік психология ғылымының өз болмысының психикалық және ғылыми тұрғыдан басқа ғылымдардан, әсіресе европалық психологиядан ерекшеленуі, методолгиясының, зерттеу пәнінің құрылуы еді. Бұл Ресейдегі жаратылыстану ғылымдарының және ғылыми жетістіктердің көркейе бастаған жылдары болатын. Ол психология ғылымының дамуынада өз үлесін қосты. Сол уақытта жаратылыстану ғылымдары сияқты, гуманитарлық ғылымдарда адам мен қоғамның дамуының негізгі заңдылықтарын ашуға бағытталған универсалды теорияларды жасау тенденциясына ұмтылған еді. Бұл бағыт А.В.Веселовский, А.А.Потебни, И.М.Сеченов, К.Д.Кавелин сияқты ғалымдардың концепцияларында орын алды. Дегенмен, осы дәуірдің ғалымдары тек көптеген маңызды сұрақтар бойынша айналысып қоймай, олардың ішінде ескі немесе дәлелденген фактлерге де жаңа бағыт пен зерттеуді ұсына білген ғалымдарда болды. Олар: XIXғ. 60-80ж.ж. И.М.Сеченов, К.Д.Кавелин, Веселовский, А.А.Потебня болды.

Ресей психологиясында тұлға мәселесін зерттеу бойынша екі ғылыми бағыт қалыптасады:


  1. Н. Чернышевский – «антропологиялық принцип» бойынша, мінез‑құлық туралы ғылым ‑ И.М.Сеченов, И.П.Павлов, А.А.Ухтомский еңбектерінде көрініс береді.

  2. П.Юркевич, В.Соловьев – «теологиялық принцип» бойынша өрбейді. Н.А.Бердяев, Е.Н.Трубецкий, С.Л.Франк еңбектерінде көрініс береді.

П.Г.Чернышевский‑ (1828‑1889) өз кезегінде Н.А.Добролюбовтың көзқарастарын жалғастырған. Ол ресейдегі ұлы материалисттерінің бірі болды. Сонымен қатар, ғылыми психологияның міндеттері, әдістері, пәні туралы арнайы сұрақтардың шешімін іздеп, психологияны нақты білім салаларының бірі деп есептеген ғалым. Адам табиғатын түсінуде антропологиялық принципке сәйкес, дуализм мәселесі терістеледі. «Ешқандай дуализм адамда болмайды. Егер адам өзінің шынайы болмысынан бөлек, басқа да болмысы болаты болса, онда ол қандай жағдайда болмасын көрініс берер еді. Алайда адамның басқа болмысы еш жағдайда көрінбегендіктен, адам өміріндегі барлық ситуациялар оның шынайы болмысында ғана жүзеге асып отыр деп айтамыз»‑дейді. Адам ағзасының біртұтастығы туралы идея онтологиялық және гносеологиялық ғылымдарда да негізделген. Осыған сәйкес, адам психикасы да ағзаның өмірлік процестерінің бірі болып есептеледі.

П.Д.Юркевич‑ Чернышевскийдің көзқарастарына қарсы болған бірінші оппоненттің бірі. Ағзаның бітұтастығы деген идеяға қарсылық танытқан басты аргументі оның «екі тәжірибе» туралы ілімі болды. Оның пікірі бойынша: «адам ағзасының біртұтастығы туралы қанша рет талдасақ та, біз адам болмысын әруақытта екі жақты танитын боламыз: тән және оның ағзалары‑сыртқы сезімдерді көрсетсе, рухани құбылыстар‑ішкі сезімдерді көрсетеді». Юркевич «тәжірибеге негізделген психологияны» жақтамай, соған сәйкес психикалық құбылыстар ешқандай анықтамаларды талап етпейтін әлемге жатады деп санаған.

60‑жылдардардың басындағы Чернышевский мен Юркевич көзқарастары арасындағы қайшылықтардан ресей психологиялық ойларының одан белсенді түрде дамығандығын көреміз. Чернышевский ұсынған антропологиялық принцип мінез‑құлық туралы жаңа ғылымының пайда болуына әкеледі.

М.М.Троицкий (1853‑1899) – Юркевитчтің ілімін жалғастырушы болды. Кейін ресей университетінің профессоры болады. Юркевичтің идеялары Троицкийдің ғылыми жұмыстарына үлкен әсерін тигізді. Оның бірінші кітабы «О немецкой философии в текущем столетии» деп аталып, онда ол ағылшын психологиясын неміс психологиясына қарсы қояды. Ол ағылшындық ассоцианизм мен индукциялық әдісті қолдап, Кант ілімін және бүкіл неміс философиясы мен психологиясын сынға алады. Ол уақытта Ресейде неміс ғалымдары Гербарттың және Вундттың псиологиясы өте танымал болатын, сондықтан да Троицкийдің ғылыми жұмысы Москвада лезде сынға алынады. Бірақ кейіннен Троицкийдің басқа да жұмыстарында ассоцияциялық психологияның идеялары дамытылып, барлық психикалық процестер әртүрлі ассоцияциялық заңдылықтардың: аралас, ұқсас, контраст негізінде қалыптасады деп айтқан. Дегенменде, ол өз еңбектерінде кеңестік психологияның дәстүрі бойынша адамгершілік мәселесі мен психологиялық білімдердің практикалық тұрғыда қоданылуына көп көңіл бөлген.

Троицкий кейін Москвадағы психологиялық қоғамды басқарып, "Вопросы философии и психологии" атты бірінші ғылыми‑психологиялық журналды шығуына себепкер болған. Алайда Троицкий ресей психологиясына алғашқы болып, поизивтік, жаңа идеяларды әкелген ғалымдардың бірі, ал кейін оның «Наука о духе» (2 том,1888ж.) деп аталатын үлкен еңбегі жарық көреді.

24 дәріс

Тақырып Орыс қоғамындағы психологиялық мәселелер.

Дәрістің мазмұны


  1. Н.Я.Грот, М.И.Владиславлев, А.И.Введенский психологиялық тұжырымдамалары.

  2. Грузияда психология институтының ашылуы.

Н.Я.Грот (1852-1899)‑ Петербург университетін бітірген, докторлық диссертациясын қорғап, логика және эмоция мәселесіне байланысты концепцияларын дамытады. Дәл осы эмоционалды даму проблемасы Грот шығармашылығындағы маңызды мәселенің бірі болады. 1886ж. ол Москва университетіндегі кафедраны басқарады, ал кейін 1887ж. Москва психологиялық қоғамын ұйымдастырып, оны он жыл басқарады. Өзінің психологияны құру бағдарламасын дамыта отырып, Грот психология жеке адам туралы ғылым негізіндегі, обьективті эксперименталды ғылым болуы керек деп есептейді. «Основания экспериментальной психологии» (1896) деген еңбегінде ол, «эксперименталды психологияның дамуы, тек ғылымның дамуы үшін ғана емес, барлық гуманитарлық ғылымдардың дамуы үшін де маңызы зор, сонымен қатар, психология ғылымының жаңаша дамуы тәжірибеге негізделген әртүрлі психологиялық теориялармен өзара байланысында» дейді. Өзінің жұмыстарында Грот эмоция мен сезімнің дамуына ерекше көңіл бөлген. Оның алғашқы кітабы «Психология чувств» деп аталады, ол 1880ж. эмоцияны эксперименталды түрде зерттеп көрсеткен алғашқы еңбектердің бірі болды. Рухани өмірдің басты бірліктері ретінде – түйсік, сезімталдық, ақыл‑ой жұмысы және ерік шешімі деп атады. Соның негізінде Грот жеке тұлғаны мен таным дамуында эмоцияның ролін дәлелдеген болатын. Сонымен қатар, оның еңбектеріндегі тағы бір мәселе ерік бостандығы болатын. Гроттың ойынша, ерік бостандығы‑ адамның психикалық және биологиялық күшінің балансыының негізінде деген. Адамда екі негізгі ұмтылыс болады: жағымсыз‑сезімталдық пен әуестікке негізделсе, жағымды‑мәңгілікке ұмтылу. Осы идеалды ұмтылыстар адамның жоғарғы сезімдері болып табылады. Ал адамның бостандығы мүмкіндіктерін және сәтсіздіктерін саналы ұғынуы.

25 дәріс



Тақырып Әлеуметтік психология саласындағы зерттеулер.

Дәрістің мазмұны

1. Г.Айзенктің тұлға типтерін зерттеуі.

2. Э.Эриксонның тұлға теориясы

Ганс Юрген Айзенк 1916 жылы Германияда, Берлин қаласында дүниеге келді. Оның әкесі әйгілі актер және әнші, ал анасы үндемейтін кино жұлдызы болды. Жылдар өткеннен соң: «Менің бақытсыз елімде мен үшін болашақ жоқ екенін білдім» деп жазды. Францияда бір жыл болған соң, Англияда тұрақтап қалды, ол Лондон университетінде психологияны оқыды. 1940 жылы оған ғылым докторы атағы берілді.екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Айзенк психиатрлық ауруханада психолог болып жұмыс жасады, оған емделуге келушілер стресстен зардап шегуші әскерлер болды. 1946 жылы Лондон университетінде психологиядан лекциялар оқыды және сонымен қатар Лондандағы Модсли ауруханасы жанындағы психиятрия Институтының директоры жұмысын біре алып жүрді.

Айзенк – ең жемісті жазған автор: ол 45 кітап пен 600 ғылыми мақалалар шығарды. Оның негізгі теориялық еңбектері: «Тұлғаны зерттеу» (1947), «Тұлғаны ғылыми зерттеу» (1952), «Адам тұлғасының құрылымы» (1970), т.б. Психология ғылымында Айзенк тұлғасы қарама – қайшылықты тұлға болып табылады. Бұл оның екі ең үлкен ғылыми пікірталас туғызып отырған – интелекттің тұқымқуалайтындығы мен психотерапияның тиімділігі жөніндегі мәселелерге араласуынан еді. Ол біріншіден, интеллект көбіне тұқымқуалаушылық арқылы анықталады десе, екіншіден сөздік терапияның дәстүрлі түрлерінің (психоанализ) психикалық бұзылыстарды емдеудегі тиімсіздігін айқындады.

Тұлға типтері теориясының негізгі концепциялары мен принциптері.

Айзенк теориясының мәні – тұлға элементтері иерархиялық түрде орналасқан. Оның сызбасын (1 кесте) белгілі бір суперсипаттар немесе типтер орналасқан, мысалы, экстраверсия, бұл адамның мінез – құлқына оте күшті әсер етеді. әрбір осындай суперсипат бірнеше құрамдас сипаттардан тұрады. Бұл құрамдас сипаттар негізгі типтің сыртқы бейнесі немесе осы типке тән ерекше қасиеттері. Сипаттар көптеген дағдылы реакциялардан (ДР) құралады, алдағдылы реакциялар көптеген ерекше реакциялар (ЕР) негізінде қалыптасады. Мысалы, адамды бақылап отырсақ, оның ерекше реакцияларын байқаймыз: басқа адаммен кездескен кезде күлімсірейді және қолын береді. Егер біз мұндай жағдайды әркез басқа адаммен кездескен сәтінде байқайтын болсақ, онда біз бұл адамның мінез құлқы басқа адамды кездестірген кездегі дағдылы реакциясы деп қарастыруымызға болады. Бұл дағдылы реакциялар тобы қарым – қатынасшылдық сипатын қалыптастырады. 1 – кестеде көрсетілгендей, қарым қатынасшылдық белсенді, пысық, сенімді мінез – құлықпен байланысты. Осы сипаттардың жиынтығы супрсипат немесе типті құрайды, бұл – Айзенк бойынша экстраверсия.

Айзенк адамдар туралы мәліметтер жинау үшін әртүрлі әдістер қолданды, өзіндік бақылау, эксперттік бағалау, өмірбаян мәліметтерді талдау, денелік және физиологиялық параметрлер, объективті психологиялық тесттер. Тұлғаның құрылымын анықтау үшін алынған мәліметтер факторлық талдауға алынды. Айзенк өзінің бұрынғы зерттеулерінде екі негізгі типті бөліп көрсетті, олар интерверсия – экстраверсия және нейротизм – тұрақтылық (кейде бұл факторды тұрақсыздық – тұрақтылық деп атайды.). Тұлғаның бұл екі өлшемі статискалық жағынан бір – біріне тәуелді емес. Сәйкесінше, адамдарды төрт топқа бөлуге болады.

Коп кешікпей Айзенк өзінің теориясына үшінші типті енгізді, оны психотизм – суперэго күші деп атады. Осы суперсипат жоғары деңгейде көрінген адамдар импульсивті, өзінің ғана жағдайын ойлайды, қоғамдық тәртіпке қарсы тұруға қабілетті. Олар көбіне мазасыз, адамдармен қиынқарым – қатынасқа түседі, оларды түсінбейді, басқаларға зиян келтіреді. Айзенктің айтуынша, психотизм – бұл психопатиялық тұлға ерекшелігіне генетикалық жақындық.

Типтер мен сипаттардың нейрофизиологиялық негіздері.

Айзенк теориясының ең қызықты астары тұлғаның әрбір үш суперсипаты немесе типі үшін нейрофизиологиялық негізін салуы болып табылады. Электроэнцефалографиялық зерттеулер көрсеткендей, интроверсия типі қыртысты белсенділік деңгейімен байланысты. Айзенк «белсенділік» терминін төменгі экстремумнан (мысалы, ұйқы) жоғары экстремумға (мысалы, дүрбелең жағдайы)дейін өзгеріп отыратын қозғыштық деңгейін анықтау үшін пайдаланады. Оның ойынша, интроветтер өте қозғыш, түсіп жатқан тітіркендіргіштерге өте сезімтал, сондықтан да, олар өздеріне күшті әсер ететін жағдайлардан қашып отырады. Керісінше, экстрпверттердің қозғыштығы төмен және түсіп жатқан тітіркендіргіштерге мезімтал емес, сондықтан да олар өздерін қоздыратын жағдайларды әркез іздеп, түсіп отырады.

Айзенктің түсіндіруі бойынша, тұрақтылық – нейротизм типінің жекелік ерекшеліктері автономды жүйке жүйесінің реакциясы күшін бейнелейді. Ол бұл типті лимбиялық жүйемен байланыстырады, бұл жүйе адамның эмоционалды мінез – құлқы мен мотивациясына әсер етеді. Нейротизм деңгейі жоғары адамдар тұрақты типті адамдармен салыстырғанда дағдылы емес қозғыштық пен мазасызданушылыққа шапшаң жауап береді.

Психотизм негіздерін анықтайтын зерттеулер әлі де жалғасуда. Айзенктің еңбектеріндегі болжам бойынша бұл тип өнімдік андрогендер жүйесімен байланысты (ішкі секреция бездерінен шығатын химиялық заттар қанға түсу арқылы ер адамның жыныстық белгілерінің даму мен сақталуын реттейді). Жыныстық гормондар мен психотизмнің арасында байланыстың бар екендігі жөніндегі Айзенк болжамын растайтын бұл саладағы эмпирикалық зерттеулер өте аз.

Экстраверттер мен интроверттердің арасындағы эмпирикалық дәлелденген айырмашылықтар төменде көрсетілген.


  • Интроверттер жұмыстың теориялық және ғылыми түрін қалайды (мысалы, инженерия және химия), ал экстраверттер адамдармен байланысты жұмыстарға қабілетті (мысалы, сауда, әлуметтік қызмет, психолог).

  • Интроверттер мастурбациямен айналысса, ал экстраверттер ерте жастан бастап жиынтық қарым – қатынасқа түседі.

  • Интроверттер таңертең өздерін жақсы сезінсе, ал экстраверттер кеште өздерін жақсы сезінеді. Интроверттер жұсмысты таңертең белсенді жасаса, ал экстраверттер күннің екінші жартысында белсенді болады.

Интроверттер мен экстроверттердің ең негізгі айырмашылығы тітіркендіргіштерге сезімталдығынан көрінеді. Бұл айырмашылық «Лимон тамшысы тесті» көмегімен анықталады. Егер адамның тіліне 4 тамшы лимон шырынын тамызса интроверттер экстраверттерге қарағанда сөлді екі есе көп шығарады. Бұл қызықты құбылыстың негізі интроверттер мен экстроверттердің физиологиялық қызметі мүмкіндіктермен байланысты.

Эрик Эриксон 1902 жылы Германияда Франктуртаға жақын жерде дүниеге келген.

Эриксон мектеп бітіргеннен кейін арнайы жоғары білім алмады. Ол Германиядағы «Гуманистік гимназияда» оқыды, ол орташа студент болғанымен тарих пен өнер салаларын да меңгерді. Гимназияны бітірісіменөгейәкесінің талабымен дәрігер мамандығын таңдап, Эриксон Орталық Европаға саяхатқа аттанды. Жылдар өткеннен кейін ол суретшілер мектебіне түсті, ол мұнда тұрақтай алмады, Мюнхеньдегі атақты суретшілер Академиясына оқуға аттанды. Екі жыл өткен соң Эриксон италияға саяхаттайды, Флоренцияға барады, сурет галерияларын шарлап аралайды.

Эриксон психоанализді Венаға жақын жердегі таулы курортта оқып бастады. Ол онда болашақ кіші оқытушымен, бірінші рет Фрейд жанұясымен танысты, одан соң оқып Веналық психоанализ институтына кандидаттыққа алынды. 1927 жыл мен 1933 жылдар аралығында Эриксон Анна Фрейдтің басшылығымен психоанализді оқып үйренуді жалғастырады. Венадағы Мария Монтесор атындағы мұғалімдер ассоциациясының куәлік еткендігін санамағанда, бұл онық академиядағы жалғаз формальды білімі болды.

Гарворд психиатры және Эриксонның студенті Роберт Коулз «Э.Эриксон еңбектерінің жемісі» монографиясында теория мен психоанализ практикаларыкөлеміндегі жетістіктерін былай мойындады: Үлкейген жасына қарамастан Эриксон Массачусетс штаты кембридждегі орталықтаөмірінің соңына дейін белсенді іс - әрекетін жалғастырады. Оның жақын арадағы басылымдарының қатарына: «В пойсках обшей почвы» (1973), «Зрелость» (1978), «Целостный жизненный цикл» (1982), «Жизненная вовлеченность в старости»(1986).

Ал Эриксон бойынша эго – бұл қабылдау, ойлау, зейін, естің көмегімен жүзеге асатын, шындықпен өзара әрекетте болатын жүйе. Эгоның бейімделу қызметіне көп көңіл аудара отырып, Эриксон адам қоршаған ортамен өзара әрекетте бола отырып, өзінің ддаму процесінде жетік, білгір, білімді тұлға ретінде қалыптасады дейді.

Екіншіден, Эриксон тұлғаның ата – аналармен өзара қарым – қатынасы туралы жаңа көзқарасты дамытты. Егер Фрейдті бала тұлғасының қалыптасуына ата – ананың ықпалы қызықтырса, Эриксонды баланың эго – сының қалыптасуы қызықтырды. Ол әр түрлі мәдениетке жататын адамдарды бақылау нәтижесінде осы көзқарасын дәлелдеді.

Үшіншіден, Эго индивидиумның бүкіл өмірлік жағдайында дамып отырады, яғни туғаннан бастап, ересек шаққа немесе кәрілікке дейін. Керісінше Фрейд ерте балалық шақтағы мазасыздықтың дамуымен шектеліп қалды, генетальды стадмяның даму мәселесіне көңіл бөлген жоқ.

Төртіншіден, Фрейд пен Эриксонның табиғат және психосексуалдық таластардың шешілуі туралы көзқарастары екі түрлі. Фрейдтің мақсаты танылмайтын психикалық өмірдің тұлғаға әсер етуінің мәнін ашу және балалық шақта алған соққының (травма) ересек шақта психопаталогияға алып келетінін түсіндіру болды. Эриксон керісінше, өмірлік қиындықтарды жеңе білетін адамның өзіндік қабілеттеріне көңіл бөлуді көздеді. Ол өзінің еңбектерінде дамудың әртүрлі кезеңінде көрініп отыратын эго – ның сапаларын басты мәселе етіп қойды.

Эриксонның ойынша тұлғаның дамуы адам өмірінің барлық кезеңдерінде жүріп отырады. Ол психоәлеуметтік дамудың сегіз түрін бөліп, әрқайсысына талдау жасады.



  1. Сәбилік шақ: базальды сенімділік – базальды сенімсіздік

Эриксон бойынша бұл кезеңде тұлғаның қалыптасуында сенімділік сезімі маңызды орын алады. Сәби әлеуметтік ортаны қауіпсіз, тұрақты мекен ретінде қабылдайды. Осы кезеңде сәби «анықтылық сезімін» сезіне бастайды. Эриксонның айтуынша баланың әлемге және басқа адамдарға деген сенімділігінің даму деңгейі сол кездегі алған анасының қамқорлық сапасына байланысты. Сәбиде сенімділік сезімінің қалыптасуы тағамның санына немесе ата – ананың нәзіктігінің көрінуінде емес, ол анасының өз баласына өзін - өзі тану сезімін, тұрақтылық пен ұдайылық сезімдерін бере алу қабілетіне байланысты.

Осы айтылған психоәлеуметтік теориялар «сенімділік - сенімсіздік» дағдарысы бала өмірінің 1-2 ші жылдарында да өз шешімін таба бермейді. Бұл дағдарыстар баланың әртүрлі жас кезеңдерінде де көрініп отырады. Сенімділік дағдарысының тиімді шешілуі бала тұлғасының одан әрі дамуына септігін тигізеді. Баланың өзіне және анасына деген сенімділігінің қалыптасуы баланың фрустрациясын жеңе білуге және кейін өз - өзіне сенімділігін бекітуге көмектеседі.



2. Ерте балалық шақ: ұят сезімі мен күдік

Эриксонның ойынша, бала ата – анасымен өзара әрекетте бола отырып, ата – ана бақылауының әр – түрлі болатынын аңғара бастайды: бір жағынан ол қамқорлық формасы ретінде көрінеді, екінші жағынан шектен шығушылық формасында. Бұл стадия өзбеттілік пен қырсықтық мінездің арасындағы арақатынастың қалыптасуныдағы шешуші кезең болып табылады.



3. Ойын жасы: талаптану және кінәләу сезімі

Талаптану мен кінәләу сезімі арасындағы кикілжің мектеп жасына дейінгі кезеңдегі соңғы психосоциолды кикілжің. Оны Эриксон «ойын жасы» деп атады. Ол Фрейдтің фалткаалық стадиясына сәйкес келеді және баланың 4 жасынан бастап мектепке келгенше жалғасады. Осы кезде баланың әлеуметтік әлемі одан белсендлікке, жаңа тапсырмаларды орындауды.



4.Мектеп жасы: еңбекқорлық – толымсыздық

Төртінші психосоциолды кезең алты жастан бастап 12 жасқа дейінгі аралықты қамтуы және Фрейдтің латентті кезеңмен сәйкес келеді. Осы кезеңде бала мектепте оқып жүріп, белгілі бір мәдени дағдыларды игере бастайды. Оның логикалық ойлауға және өзіндік тәртіпке деген қабілеті артады. Эриксон бойынша, мектепке келген бала белгілі бір мәдениет технологиясын игеріп, еңбекқорлық сезімі дамиды. Еңбекқорлық термині білуге деген ұмтылысты, оның қалай әрекет етуін танып білуін білдіреді. Осы қызығушылық мектеппен, қоршаған адамдармен байланыс арқылы қанағаттандырылып, қалыптасып отырады.



5. жастық шақ: эго – ұқсастық – рольдік араласу

Жастық шақта жеткіншектің бойында көрінетін жағымды сапа – эго – ұқсастық, жағымсыз сапа – рольдік араласу. Эриксон эго – ұқсастық мәнін былай түсіндіреді: бұл психологиялық құрылымдар арасында конфликт қана емес, ішкі эго арасындағы конфликт.

Эриксон бойынша жеткіншектердің теңестіру, ұқсастыру қасиеті ерте балалық шақта қалыптасады. Мысалы: Эриксон жастардың өздерін атақты тұлғаларымен ұқсастыруына көп көңіл бөлді. Оның ойынша мұндай ұқсастырушылық баланы өзінің әлеуметтік ортасынан алшақтатып, тұлғалық қалыптасуын бәсеңдетіп, шектеуі мүмкін.

6. Ерте кәмеллеттік жас: интимділік - оқшаулану

Алтыншы психосоциялды стадия ересектік өмрдің бастамасы болып табылады. Жалпы айтқанда бұл кезең ерте некелесуге деген дайындық және отбасылық өмірдің басталуы. Бұл кезең 20 жастан 25 жас аралықты қамтиды. Осы кезде адам басқа адамдармен интимді қарым – қатынасқа түсуге толық дайын болып келеді. Осы кезде жас адамдар мамандық алуға бағытталады. Эриксонның ойынша бұл кезде адам басқа адамдармен интимді қарым – қатынасқа түсуге толық дайын болып келеді. Осы кезге индивидиумның сексуалды әрекеттері эго – теңдікті іздеу мақсатында жүріп отырды. Керісінше, ерте теңдікке қол жеткізген тұлға кейін тұлғааралық қарым – қатынастарға түсуге дайын болып келеді.

Бұл стадиядағы қауіпті дағдарыстың бірі – оқшаулану. Ол дененің тұлғааралық қарым – қатынастарға түсуден қашу және өзіне артық сын көзбен қарау. Нақты, сенімді тұлғаралық қарым қатынасты орнатуға деген қабілетсіздік тұлғаны жалғыздықты сезінуге, ортадан алшақтауға (соның ішінде әлеуметтік ортадан) апарып соғады. Оларға интимділікпен байланысты қарым – қатынастар қауіпті болып көрінеді, өздерін көрсетуден қашқақтайды, әріптестерімен қарым – қатынаста қызығушылық танытпайды. Оларға бәрінен шетте жүру тән болып келеді.

Бұл дағдарыстан шығудың жолы – махаббат болып келеді. Эриксон махаббатты былай суреттейді: ол адамның басқа адамға өзін сеніп тапсыруы және бұл қарым – қатынасқа тұрақты болып қалуы. Махаббат өзара тиімді қамқорлық, сыйластық, басқа адам алдында өзін жауапты сезіну.



7. Орта кәмелеттік жас: өнімділік – инерттілік (селсоқ)

Жетінші стадия адам өмірінің 26-64 жас аралығын қамтиды. Мұндағы негізгі мәселе өнімділік пен инеррттілік арасындағы таңдау. Өнімділік – адамның келесі ұрпаққа деген уайымы, болашақ ұрпаққа өмір сүруі. Эриксонның ойынша әрбір ересек адам өзінің жауапкершілігін қабылдауы немесе қабылдамауы мүмкін. Өнімділік бұл өзінің балаларына деген қамқорлықтан көрінеді және оларға өмірде дұрыс бағыт таңдау жолын көрсетуге көмектесуден көрінеді. Жастар қоғамын құруға өзінің уақыты мен күшін жұмсайтын адамдардың әрекеттері өнімді болып келеді. Өнімділіктің шығармашылық және өндірістік элементтері ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады (мысалы, техникалық құрылғылар, идеялар, өнер туындылары).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет