Сабақтар
|
Өткізу уақыты
|
Сабақтар
|
Өткізу уақыты
|
Байланыс сағаты 1 (1 дәріс)
|
50 минут
|
ОЖСӨЖ, СӨЖ
|
50+50 мин.
|
Байланыс сағаты 2 (1 практика)
|
50 минут
|
ОЖСӨЖ, СӨЖ
|
50+50 мин.
|
Кредит саны – 2
Өту орны: мысалы № 7 оқу ғимараты, сабақ кестесі бойынша жүргізіледі.
Оқу жоспарынан көшірме:
Курс
|
Семестр
|
Кредит саны
|
Дәрістер
|
Семинарлар
|
ОЖСӨЖ
|
СӨЖ
|
Барлығы
|
Бақылау түрі
|
2
|
ІІІ
|
2
|
15
|
15
|
30
|
30
|
90
|
емтихан
|
Кіріспе
Пән бойынша мәлімет
Пән бойынша мағлұмат: Қазақстан Республикасының нарықтық заман талаптарының қазіргі жағдайында түрлі экономикалық жүйелерде басқару қызметтерін тиімді жүзеге асыру үшін топ немесе жеке қызметтер іс- әрекетінің тиімділігін дамыту үшін жеке тұлға және жалпы социум дамуының психологиялық механизмдерін білу өте қажетті шарттардың бірі болып отыр. Тәжірибе көрсеткендей мамандардың менеджмент, маркетинг және экономика салаларынан алған білімдері жалпы нарықтық жүйе жұмысының және ондағы тиімділік деңгейінің жоғарылауына ықпал ететінін дәлелдеді. Сондықтанда мамандардың менеджмент, маркетингтің тиімді жолдарын білу қажет.
Курс мақсаты: студенттер бойында менеджмент психологиясы туралы жалпы ұғымдарды қалыптастыру. Басқарушы және жұмысшы әлеуметтік фактор ретінде басқару психологиясының негізгі феномендері екендігін көрсетіп, олардың жетістікке жетудегі өзара байланысын анықтау.
Курс міндеті:
-Студенттердің өзін-өзі басқаруына курс мазмұнының себебін тигізу:
-Жетекшінің негізгі қызметтерімен таныстыру;
- Басқарудың тиімді жолдарын қарастыру;
- Өзінің өмірлік жоспарын құрып, соған сай әрекетін ұйымадастыра білуді үйрету;
-Жарнама, менеджмент, бизнестің ерекшеліктерін таныту;
-Өзіне деген сенімділігін қалыптастырудың тиімді жолдарын қарсатыру;
-Аудтория алдында сөйлей алу білігін дамыту;
-Конфликтілік жағдайдың алдын алудың тиімді әдістерімен таныстыру;
- Шешім қабылдау қабілетін дамыту.
Пререквизиттер: Студенттер психологияның жалпы заңдылықтарын, зерттеу әдістерін білуі қажет. Адам даму жасы кезеңдерінен хабардар болып, жеке ерекшеліктерін айыра білуі қажет.Адам физиологиясы, генетика пәндерінен де хабардар болуы шарт.
Постреквизиттер: Басқару іс-әрекетінің психологиялық заңдылықтарын толық меңгеруі, басқару процесінің маңызы мен мазмұнын, қазіргі психологиялық басқару әдістерін, кәсіби-іскерлік сапа межелерін білуі керек.
Оқыту әдістемесі: берілген мәліметтерді талдау, интерпретациялау, пікірталас, тренинг, рольдік ойындар, миға шабуыл, рефлексия, оқыту дәріс,студенттердің білімін бақылау үй тапсырмасн тексеру, тесттерді орындау,ауызша сұрақ түрінде өтеді.
2. Пәнді оқу бағдарламасы
1 апта. 1 кредит сағат
Дәріс №1.
Тақырып: Психологиялық менеджментке кіріспе
Достарыңызбен бөлісу: |