А. С. Иргалиев (қолы) (аты-жөні)


Мақсаты: Тақырып жөнінде білім беру. Дәрістің мазмұны



бет56/145
Дата06.02.2022
өлшемі2,29 Mb.
#38052
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   145
Мақсаты: Тақырып жөнінде білім беру.
Дәрістің мазмұны

  1. В.Вундттың ғылымның дамуындағы еңбегі мен ролі.

  2. Э.Пфлюгер, И.Мюллер т.б. ғылыми теориялары мен зерттеулері.

Вильгельм Вундт (1832-1920) – неміс психологы, физиолог, философ. Тюбингендегі медициналық факультетті бітірген соң Берлинде И.Мюллермен бірге жұмыс жасап жүріп, Гельмгольцтің ассистенті ретінде қызмет атқарады. Лейпцигте философия профессоры болып, Вундт осында әлемдегі бірінші эксперименталды лабораторияны ашады (1879), кейіннен ол институтқа айналады. Физиологиямен айналыса жүріп Вундт психологияны жеке ғылым ретінде дамытатын бағдарламаны жасауға және физиология мен философиядан тәуелсіз етуге кіріседі. Өзінің бірінші «Материалы к теории чувственного восприятия» (1862) деген кітабындағы сезім мүшелері мен қозғалыс әрекетінің фактілеріне сүйене отырып, Вундт эксперименталды психологияны құру идеясын жасап, оның жоспарына «Лекциях о душе человека и животных» мәселесі де енеді. Жоспарға зерттеудің екі бағыты кірді: а) субьектінің өз сезімдерін, түйсіктерін, елестерін бақылау экспериментінің көмегімен сананың жекелігіне талдау жасау; б) «халықтар психологиясын», яғни тіл мәдениетінің, мифтердің, салт‑дәстүрлерінің психологиялық аспектілерін зерттеу.
Осы ойына бағыттала отырып, Вундт алғашқыда психологияны «тікелей тәжірибе негізделген» ғылым деп анықтап, субьектінің санасын зерттеуден бастады. Ол мұны физиологиялық психология деп атады, өйткені субьектінің зерттелген жағдайы көбінесе физиология саласында өңделген арнайы эксперименталды процедуралар арқылы жүргізілді.
Өзінің зерттеулерінде Вундт басқа да жаңа екі бағыттағы білім бөлімдеріндегі жетістіктерді пайдаланды: а) психофизика саласы және б) тәжірибе жасау жолымен стимулдарға субьектінің реакциясы уақытын анықтау арқылы. Осы бағыттарды байланыстыра отырып, Вундт зерттеу обьектісі –адам болып табылатын эксперименттер негізінде (бұрын тек жануарларға жүргізілетін) психологияны жеке ғылым ретінде дамытып шығаруға болады дегенді көрсетеді. Зерттеулері негізінде алынған нәтижелері оның «Основы физиологической психологии» (1873-1874) деген тұңғыш ғылыми кітабында көрсетіледі. Осыдан кейін Вундтты эксперименталды психологияның «АТАСЫ» деп атап кетті.
Вундт бойынша психология ғылымының міндеттері, басқа ғылымдардағы сияқты: а) талдау жолы арқылы сананың алғашқы элементтерін бөліп алу; б) олардың арасында байланыс сипатын құру; в) осы байланыстрадың заңдылықтарын табу. Сананың элементтеріне сезім де жатады (эмоционалды жағдай). Вундттың болжамына сәйкес, әрбір сезім үш өлшемге ие: а) қанағаттану‑қанағаттанбау; б) күштену‑босаңсу, в) қызбалық‑сабырлылық. Қарапайым сезімдер психикалық элементтер тәрізді өзінің сапасы мен қарқыны бойынша кедергі жсауы мүмкін, бірақ оның әрбіреуі осы үш аспектінің барлығында да сипатталуы мүмкін. Бұл болжам көптеген эксперименталдық жұмыстардың негізін дәлелдеді.
Психологияны жеке ғылым ретінде дамыта отырып, Вундт ғылымның жеке заңдылықтары бар екенін және оның зерттейтін құбылыстары ерекше «психикалық себептілікке» бағынышты екендігін дәлелдеді. Осы қорытындысын қолдау үшін ол «энергияның сақталу» заңына сүйенді. Психикалық құбылыстардың болмысын түсіндіретін жеке заңдылықтар болады. Осы заңдылықтарға Вундт мыналарды жатқызады:
‑ психикалық қатынас заңдылығы (жағдайдың элементтердің ішкі өзара қарым‑қатынасына байланыстылығы, мысалы, әуен жеке дбыстық тон қатынасының негізінде пайда болады)
‑ контраст заңдылығы (қарама‑қайшылық байланысты күшейтеді)
‑ мақсаттың гетерогендік заңдылығы (әрекетті орындау кезінде алғашқы мақсатқа сәйкес қарастырылмаған әрекет жасалып, ол мотивке әсер етуі мүмкін)
Вундтың теориялық ілімдері кейіннен сыншылдардың қаруы ретінде болып, ХІХғ. аяғында көптеген психологтар оны терістейді. Ол «сананы психологияның пәні ретінде қарастыра отырып, субьектінің өзі ғана ішкі әлемі туралы интроспекция арқылы хабарлай алады деген еді. Сол арқылы субьективті әдістің бар күшін тұжырымдап отырды. Вундт бойынша ғылымның міндеті осы әдісті қолдау бойынша арнайы эксперименталды құралдарды қолдану деп білді. Алайда сананың сыртқы факторларға тәуеділігі, психиканың бас миы қызметімен байланысы, жеке адамның психикалық өмірінің әлеуметтік қатынастар әлеміне кірігуі – ғылыми анализ сферасынан шеттетілді»
Сонымен қатар, Вундт тұжырымы бойынша адамзат болмысының алғашқы абсолютті күші болып – ерік табылады. Ерікті сана құрылымындағы басты элемент дей отырып, Вундт волюнтаризм бағытында болды. Интроспекционизм вундттық жүйені ерекшелеп отырғанымен, оны көптеген психологтар тарапынан сынға ұшыратты. Бұл әдісті кеңінен қолдану психика туралы білімді байытып, психологияның ғылыми дәрежесін тұрақтандырғанымен, Вундттың теориялық бағыты тығырыққа тіреледі.
Кейіннен эспериментті артқа қалдырып, Вундт философиямен және әртүрлі халықтардың мәдениетінің психикалық аспектілерін зерттеу бағдарламасын құрумен айналысуға бет бұрады. Ол 10 томдық «Психология народов» деп аталатын және этнография, тіл тарихы, антропологиясы туралы материалдарының көлемділігімен ерекшеленетін еңбегін жазады. Оның еңбекқорлығына таңданған басқа зерттеушілер 68 жыл ішінде Вундт 53 735 бетті жазып шығарған дейді.
Вундт іліміне сәйкес, эксперименталды зерттеуге тек қарапайым психикалық процестер (түйсік, қарапайым сезімдер) жатады. Ал психикалық өмірдің күрделі формаларын зерттеу үшін эксперимент жарамсыз деп есептеді. Вундтың бұл тұжырымы кейіннен психолоиядағы басқа да жағдайлармен дамытылды. Бірақ Вундттың осы заманғы шәкірттері ойлау, ерік секілді күрделі психикалық процестерді де эксперимент талдауына жатады дегенді дәлелдеді.
Вундттың көп жылдық зерттеулерінен кейін психологияны жеке ғылым саласы деп атауға болады. Ол тарихта алғаш рет осы ғылымның өте үлкен, маңызды мектебінің негізін салушы ретінде қалады. Осы мектептен білім алған әртүрлі елдің жас зерттеушілері, кейіннен өз лабораториялары мен орталықтарын ашып, онда психология ғылымына қатысты жаңа білім салалары мен принциптері туралы идеяларын таратқан.
Психологияның теориялық мәселелері бойынша дискуссиялар, эксперименталды әдістерді қолдану болашақтағы пайдасы, психологияның пәнін түсіну және т.б. көптеген проблемалар концепциялар мен бағыттардың шығуына әсер етіп, психологияны жаңа ғылыми мәселелермен байыта түсті.
Эксперименталды психология саласындағы практика мен Вундттың ұсынған теориялық бағдарламасы арасында келліссіздік пайда болады. Сондықтан да, егерде Вундттың ғылыми‑ұйымдастырушылық іс‑әрекеті психологияны басқа ғылымдардан бөлек жеке пән ретінде қалыптастыруға себеп болса, онда өзі бірнеше рет түзеткен бағдарламалық‑теориялық құрылымы, уақыт өте сайын сынақтарға шыдамады.
Алайда, тәжірибе психологиялық білімдердің ғылымилық критерийлерін түбегейлі өзгертті. Обьективтілік, қайталаушылық, тексерілгендік психологиялық факттердің сенімділік критерийі болып қалды.
Психологиялық жұмыстардың орталығы болып әртүрлі елдерде пайда болған арнайы лабораториялар табылды. Алғашқыда көзге түскен неміс университеттері болды. Онымен қатарлас, қарқынды зерттеулер Ресей, АҚШ‑та жүргізіліп жатты. Ал, ондан төмендері – Франция, Аглия, Италия және скадинавиялық елдерде жүргізілді. Нақты ғылыми‑зерттеушілік практикада жас ғылымды толық эксперименталды жұмыстармен қаруландыру бағыты насихатталып отырды.
Атап көрсеткендей, ХІХғ. ортасында ғылым өмірінде революциялық жағдайлар болады. Солардың ішіндегі ең бастылары Дарвиннің эволюциялық ілімімен және физика‑химия мектебіндегі жетістіктерімен байланысты болды. Егер, Германия әлемге өмірдің физикалық‑химиялық негіздері туралы ілімді жасап берсе, Англия‑эволюция заңдылығын, Франция‑ағзаның ішкі ортасының тұрақтылығы туралы, ал, Ресей‑мінез‑құлық туралы ғылымның негізін салып берді. Физиология мен психологиядан бөлек осы жаңа ғылымның негізін салушылар ресей ғалымдары – И.М.Сеченов, И.П.Павлов, В.М.Бехтерев, А.А.Ухтомский болды. Олардың өз мектептері, өз шәкірттері болды және әлемдік ғылым саласына қосқан тамаша еңбектері жалпы қолдауға ие болды.
Психологияның жеке ғылым саласы ретінде шығуы көптеген эксперименталды зерттеулердің дамуымен байланысты. Барлық елдерде эксперименталды және қолданбалы зерттеулер бойынша психолгиялық лабораториялар мен институттар ашылды. 1880 ж. қарай жоғары психикалық функциялардың қызметіне байланысты зерттеулер жүгізіле бастады. Бұл зерттеулердің негізін салушылар: Г.Эббингауз, Г.Мюллер және олардың ізбасарларлары болды.
Вюрцбург мектебінің психологтары ХХғ. алғашқы он жылдығында ойлау және ерік мәселесіне байланысты зерттеулерін бастаған болатын. Кейін басқа эксперименталды зерттеулер медицина, педагогика және өндіріс салаларындағы тәжірибелермен байланысып, психологияның қолданбалы салалары пайда болады.
Психологиядағы эксперименттің кеңінен дамуы жаратылыстану ғылымының әсері мен үлгісі бойынша болған еді. Бірақ бұл зерттеулерде адам материалдық әлемдегі заттардан әсер алатын обьективтілік ретінде қарастырылды.
Әр елде эксперименталды зерттеулердің дамуы әртүрлі болды. Соның ішінде Германияда эксперименттің дамуы өте жоғары болды. Мұнда күрделі психикалық процестер – ес, ойлау, ерік және т.б. зерттеулер жүргізілді. Әртүрлі практикалық жұмыстармен өзара байланыса түсуі психологияның алдына жаңа міндеттер қойып, қолданбалы психологияның дамуына әкелді.
Осы сала бойынша белгілі ғалымдардың еңбектерін атауға болады. Олар: Г.Эббингауз ес процесін зерттеп, жеке психологиялық экспериментінің негізінде естің заңдарын ашты. Ол ес процесіне байланысты екі зерттеу әдісін ұсынды: жаттау әдісі мен сақтау әдісі. Сонымен қатар, ес процесін зерттеген ғалым Г.Э.Мюллер болды. Ол өз зерттеуіне байланысты 3 томдық «К анализу памяти и представлений» атты еңбегі шығады. Мюллердің зерттеуінде ес процесіне байланысты ұқсас ассоциациялар әдісі шығады.
Ойлау процесіне байланысты эксперименталды зерттеу жұмыстары Вюрцбург мектебінде орындалған болатын. Мектептің негізін салушы О.Кюльпе ойлауға қатысты жаңа зерттеулерді жүргізген болатын. «Жүйелі эксперименталды өзін‑өзі бақылау» әдісін ұсынды.
Эдуард Пфлюгер (1829-1910) – неміс физиологы. Ол «сенсорлық фукнция» түсінігін енгізді. Өз зерттеуерінде ол алдыңғы ми қабығы жоқ бақаға экперимент жүргізеді. Онда бақаны стол бетіне қойғанда ол өз әрекетіне сәйкес жүреді, ал суға салғанда жүзеді, яғни өзгерген жағдайға байланысты қимылдар жасап отырған. Оны Пфлюгер былай түсіндіреді: «бақада сенсорлық функция бар, яғни ол оған өзгерген орта жағдайына ішкі сигналдар негізінде әрекетінің алмасуына мүмкіндік береді» деді. Кейінне оның тәжірибесі И.М.Сеченов сынды физиологпен дәлелденіп, оның примитивті психика (сенсорлық фукнция) мен сана‑сезім арасындағы айырмашылықты дәлелдегенін көрсетті.
Лондон мектебінің негізін салушы Ч.Э.Спирмен (1863‑1945). Ол математикалық өңдеу әдісін жасады. «Интеллектуалдылықтың екі факторлары» теориясын шығарады. Эксперимент көрсеткендей сол бір сыналушы әртүрлі интеллектуалдық тест кезінде ұқсас жауаптарды береді, яғни осы тесттер бойынша әртүрі тапсырмалар байланысқа түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   145




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет