А. С. Иргалиев Педагогикалық факультеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында бекітілді



бет4/11
Дата22.03.2017
өлшемі2,13 Mb.
#12149
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Әдебиеттер:

1. Рахметова С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы: Өлке 2003.

2. Әбілқаев А. Маманов ы. Қазақ тілін оқыту методикасы. Алматы, 1965.

3.Әбілжанов Д., Маманов Ы. Қазақ тілін оқыту методикасы. Алматы , 1995.

4. Әбдікәрімова Т., Әбдіғалиева Т., Шаймерденов Қ. Қазақ тілін оқыту әдістемесі.
4-дәріс

Тақырыбы: Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту әдістерінің жүйесі

Қарастырылатын мәселелер:


  1. Әдістердің жүйесіндегі танымдық әдістердің орталық орны (анализ, синтез, индукция, дедуікция, экспеимент,модельдеу, бақылау мен салыстыру, жіктеу т.б.).

  2. Дидактикалық әдістер және оларды классификациялау туралы түрлі көзқарастар.

3. Лингвистикалық әдістер және олардың қазақ тілін оқытуда қолданылуы.

4. Қазақ тілін оқыту әдістері.

5. Жекелеген тақырыптардың ерекшеліктерінен туындайтын әдістер.

Оқыту әдістерінің түрі мектептегі окыту жүйесіне байланысты түрлі ксзеңдсрде өзгсрістерге ұшырап отырды. Мысалы, 1932 ж. 25 тамыздағы каулыда оқыту әдістері 4-ке бөліп көрсетілген: 1) ауызша мазмұндау; 2) оқулықты пайдалану; 3) өздігінен жазба жұмыстарын орындау; 4) лабораторияда оқыту әдістері.

Ал белгілі ғалым, дидактик РЛемберг "Дидактические очерки" кітабында мектептегі оқьггу әдістерін 10 түрге бөліп көрсетеді: ауызша мазмұндау, байқау, оқулықпен жүмыс, әңгіме, лабораториялық, мақсатқа жету, жаттығу, оқушының хабарлауы, практикалык жұмыс, көркем өнерді пайдалану.

Ғалымдар Д.Әлімжанов пен Ы.Мамановтың 1965 ж. "Қазак тілін оқыту методикасында" окыту әдістерінің 6 түрін көрсетеді: Байқау, түсіндіру, әңгіме, жаттығу, кітапты пайдалану, грамматикалық талдау. Ал біз оқыту әдістерін негізінен 3-ке топтап көрсеткенді жөн көрдік. 1) балалардың оқу-таным әрекетін үйымдастыру және оны іске асыру әдістері; 2) оқу-таным әрекетіне түрткі (мотивация) жасау, әсер ету әдістері; 3) оқу-таным әрекеттерінің тиімділігін тексеру әдістері.

Бұлардың әрқайсысына бірнеше жекелеген әдіс енеді. Мысалы, 1 топқа сөздік, көрнекілік жөне практикалық әдістер (олар қабылдау мен есте сақтауға негізделеді); индуктивтік, дедуктивтік әдістер (логикалық ойлауға негізделеді), өздігінен орындау, мүғалімнің басшылығымен орындау әдістері (қиялға, ерікке негізделеді). Ал II топқа балалардың кызығу мүддесін туғызу, зейінін жинақтау және оқуда борыш, жауапкершілік туғызу әдістері; III топқа ауызша тексеру, жазуша тексеру, лабораториялық-практикалық тексеру және өзін-өзі тексеру әдістері енеді. Ана тілін оқыту- барысыида бүл әдістердің қайсысының қай кезде тиімді екенін мұғалімнің өзі айқындап алып, іріктеп қолданады.

Әдебиеттер:

1. Рахметова С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы: Өлке 2003.

2. Әбілқаев А. Маманов ы. Қазақ тілін оқыту методикасы. Алматы, 1965.

3.Әбілжанов Д., Маманов Ы. Қазақ тілін оқыту методикасы. Алматы , 1995.

4. Әбдікәрімова Т., Әбдіғалиева Т., Шаймерденов Қ. Қазақ тілін оқыту әдістемесі.

5-дәріс



Тақырыбы:. Сауат ашу және тіл дамыту әдістемесі.

Қарастырылатын мәселелер:

1.Сауат ашу әдістемесінің ғылыми негіздері.

2.Сауат ашу барысындағы оқу мен жазу процесінің психофизиологиялық ерекшеліктері.

3. Қазақ тілін оқытудың басқа түрлері және оларды жүргізу ерекшеліктері: факультативтік сабақ және сабақтан тыс жұмыстар.

«Сауат ашудың негізгі мақсаты — оқу, жазу дағдысының негізін қалау; балаларды тындауға, оқуға, жазуға үйрету, балаларда сөздің дыбыстык, құрылысы туралы түсінік қалыптастыру, әріп таныту, әуелі буындап, сонан соң тұтас сөзді, сөйлемді, мәтінді оқуға үйрету, сауатты жазу негізін қалыптастыру, өз бетінше оқуға, кітапқа қызығушылығын ояту, ауызша диалогтық және монологтық сөйлеуін дамыту».

Қандай пән болмасын оны оқытудың ойдағыдай іске асуы сауат ашу жұмысының нәтижесіне байланысты. Сондықтан бір жылда ма, екі айда ма, үш айда ма әйтеуір оқушы толық сауаттанып шыққанда ғана сауат ашу әдістемесінің мақсатына жеткені деп есептеуге болады.

Сауат ашу әдістемесінің ғылыми негізіне олардың жасалуы тіл білімінің басты бір саласы — фонетика болып табылады.

Адам баласының тілі — дыбыстық тіл. Тіл дыбыстары — әрбір тілдің өмір сүруінің тәсілі. Егер сөздер — дыбыстардың тіркесі ретінде айтылмаса, онда тілдің өзі: 1) қатынас құралы; 2) пікір алысу құралы; 3) танымдық құрал; 4) ойлау құралы болмас еді.

Тілдің дыбыстық жағы оның замандар бойы өмір сүруіне, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыруына мүмкіндік жасады.

Тілдің дыбысталу жағы — сөздер мен грамматикалық тәсілдердің өмір сүруінің формасы болып табылады. "Сөздік пен грамматикалык құрылыс тілдің мазмұнын құрайды да, дыбыстық жағы оның материалдық жамылғышын", оның физикалық формасын құрайды деуге болады.

Тіл дыбыстары сөз ішінде айтылады. Бірақ белгілі дыбыс арнаулы бір сөздің құрамында қолданылуымен шектеліп қалмай, одан белгілі дәрежеде оңашаланып, абстракцияланады. Бұған дәлел — дыбыстардың барлық сөздерде кездесетіндігі.

Тілдегі лексикалық, грамматикалық кұбылыстар тілдің дыбыстық жүйесіндегі фонетикалық күбылыстармен әрдайым байланыста, карым-қатынаста, яғни бір дыбыс тірекесімен айтылады.

Сонымен тілдің барлык жағдайларында және қызметінде көрінетін дыбыстық құрамдары мен тәсілдерін және тілдің дыбысталу түрі мен жазба түрінің арасындағы байланыстарды фонетика зерттейді. Фонетика лексикамен, грамматикамен, морфологиямен, синтаксиспен байланысты болады.

Мектепте дұрыс оқыту, дұрыс жаздыру әдістемесінің көптеген мәселелері фонетикаға негізделеді.

Сауаттылыққа үйрету тілдің жазба түрі мен ауызша түрінің арасындағы айырмашылықтар мен күрделі байланысты бірдей ескерген жағдайда ғана нөтижелі болмақ. Тілдің орфографиясы мен орфоэпиясына қатысты алуан түрлі мәселелерді оқып меңгеру — ең алдымен, тілдің дыбыстық жүйесін, ондағы жеке дыбыстардың табиғаты мен фонетика заңдарын жете білуді кажет етеді.

Бұрын жазуы болмаған халықтардың алфавиті мен графикасын жасау, сондай-ақ бұрыннан жазуы бар халықтардың орфографиясын өңдеп жетілдіру мәселелері фонетикаға негізделе отырып шешіледі. Тілдің орфографиялык нормасы да фонетиканың басты мәселелерінің бірі болып салады.

Шет тілді оқып үйрену де, ең алдымен, сол тілдің дыбыстық жүйесін, ондағы жеке дыбыстардың табиғатын танып білуден басталады. Шет тілді оқытуда ондағы дыбыстардағы ерекшеліктер ана тіліндегі дыбыстармен салыстырыла үйретіледі. Шет тілді оқытуда да фонетика әдістерін колданады. Бұл әдіс шет тілдегі дыбыстар мен сөздердің, сөз тіркестерінің айтылуын үйретіп, саналы түрде меңгерту үшін, шет тілі мен ана тілінің артикуляциясын бір-бірімен салыстырып отыруды басшылыққа алады.

Фонетика ғылым ретінде жалпы және жеке фонетика болып бөлінеді. Жалпы фонетика жалпы тіл білімінің бір саласы ретінде адамдардың сөйлеу аппаратының дыбыстық мүмкіндігін айқындайды, тіл дыбыстарының классификациясын, принциптерін белгілейді.

Қазақ тілінде 38 дыбыс бар. Олар дауысты,дауыссыз болып, екіге бөлінеді. Бұлайша болу дыбыстардың буын құрау кызметіне негізделеді. Қазақ тілінде 13 дауысты дыбыс буын құрайды да, 25 дауыссыз дыбыс буын құрай алмайды. Дауыстылар: а, о, о, о, е, ы, і, ү, ү , е, э, и, у. Дауыссыздар: б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ. "У" дыбысы дауыстыдан кейін келсе, буын құрай алмай, үнді дыбыс болады (бау, тау т.б.); ендеше, "у" бірде дауысты, бірде дауыссыз дыбыс қызметін атқарады.

Дыбыстарды дауыстылар, дауыссыздар деп топтастырғанда балаларға әсіресе олардың акустикалық жақтары мен физиологиялық жақтары баса үйретілуі қажет.

Физиологиялық тұрғыдан алып қарағанда, дауыстыларды айту үстінде ауа: 1) кедергіге ұшырамай, тосқауылсыз, еркін шығады; 2) дыбыстау мүшелеріне күш түспей, лепсіз, бірқалыпты шығады; 3) созып айтуға келеді. Ал дауыссыздарды айтқанда ауа: 1) кедергіге ұшырайды; 2) тосқауылдан өту кезінде дыбыстау мүшелеріне күш түседі де, ауа лап етіп шығады; 3) созып айтуға келмейді.

Дауыстылар мен дауыссыздардың жасалуын Бодуэн де Куртенэ: дауыссыз дыбыста қысым — дыбыстау аппаратының бір ғана мүшесіне түссе, дауыстыда бүкіл дыбыстау аппаратына жайылады да, жалпылама өтеді — деп, айқындаған болатын.

Сөйтіп, тіліміздегі дыбыстарды дұрыс айтып үйрену — сауат ашу кезіндегі ерекше көңіл аударатын жұмыс. Мұнда дауыстылар мен дауыссыздар салыстырмалы түрде айтылады, балалар бұл дыбыстардың қалай айтылатынын әрі аңғарады, әрі өздері айтып үйренеді.

Мұғалім тілдің артқы тандайға қарай жайылуы мен бүктеліңкіреп айтылуынан жуан дауыстылар (а, о, ы, ү), тілдің тандайдың алдыңғы жағына жуықтауынан жіңішке дауыстылар (ә, ө, і, ү, е) шығатынымен таныстырады. Әсіресе айтылуы қиындық келтіретін дыбыстар — дауыссыздар. Тіпті кейбір балалар дыбыстарды мектепке келгенде айта да алмайды (мысалы, "р", "с"). Осыған орай, кейбір дауыссызды айтқанда тілдің ұшы күрек тіспен жымдасып, бірден кілт ажырап кететінін ("д", "т"), кейбіреулері астыңғы еріннің үстіңгі ерінге немесе тіске тиюінен (п, б, м, ф, в), енді біреулері тіл ұшының астыңғы тіске жуысуынан (с, з), ал тілдің артық шенінің жұмсақ таңдайға жуықтасуынан (к, қ, ғ, х), жұтқыншақтың тарылуынан ("һ") дыбысының пайда болатынын байқатып айтқызып балаларды дағдыландырады.

Сауат ашу кезеңінде балалар дыбыстарды айтуға дағдыланумен бірге олардың қалай таңбалатынымен де танысады. Дыбыстардың таңбасын білу, әріптерді үйрену — сауатты болудың алғашқы баспалдағы. Әріптерді білу арқылы жазуды меңгереді.

Сауат ашу кезінде балалар сөздің дыбыс, буын құрамын меңгереді, сөйлеммен танысады. Буындардан қалайша сөз құрауға болатынын біледі, жаңа сөздер үйреніп, сөздік қорларын байытады, практикалық түрде қазақ тілінің нормасына сай сөйлем кұрастырып, оз ойларын айтып беруге дағыдалана бастайды.

Мұғалім балаларға айтылатын дыбыстарды қағаз бетіне түсіру үшін және оларды оқу үшін бұл дыбыстардың белгілі бір графикалық таңбалармен белгіленетіндігін айтады.

Бірінен кейін бірі рет-ретімен орналасқан өріптердің жиынтығы алфавит деп аталады. Қазақ тілінде орыс графикасы арқылы белгіленген 42 әріп бар. Олар: а, ө, б, в, г, ғ, д, е, е, ж, з, и, й, к, қ, л, м, н, ң, і, ы , ү, ү, о, о, п , р, с, т, у, ф, х, һ, ц , ч, ш, щ, э, ю, я, ь (жіңішкелік белгі), ъ (жуандық белгі). Қазақ тілінде бір таңба екі дыбысты белгілейтін жағдайлар да бар: е, я, ю, у, ц, ч, щ.

Дыбыс тіркестерінің, сөздердің дұрыс айтылу ережелері орфоэпия (гр. Созі огіһоз — тура, дұрыс, ероз — сөйлеу) деп аталады.

Қазақ тіліндегі сөздердің айтылуы мен жазылуында аса көп айырмашылык жоқ. Дегенмен сөз ішіндегі және сөз аралығындағы дыбыстардың барлығы бірдей айтылуынша жазылмайды. Үндестік заңына сай, қатар келген екі дыбыс бір-біріне ықпал жасап, өзгеріліп естіледі (түңгі-түнгі, Амангелді- Аманкедді, Жампейіс-Жанпейіс, башшы-басшы, баралмай-бара алмай т.б.).

Оқу-жазуға үйретудің алғашқы кезеңдерінде анық естілетін, созып айтуға келетін және дыбысталуы мен таңбалануы бірдей дыбыстардан құралған сөздер іріктеліп алынады. Балалар сауат ашу кезінде өздері көріп түрған не жазған әріптерінен буын құрай алады. Олар талдау арқылы сөздің қандай буындардан, дыбыстардан құралып тұрғанын ажыратса, жинақтау арқылы дыбыстардан буын, буындардан сөз құрап үйренеді. Дара айтуға және басқа дыбыстармен қосып айтуға ең қолайлы келетін дыбыстар дауыстылар болады, сонан кейін үнді дауыссыздар мен үяң дауыссыздар. Ең қиындары — қатаң дауыссыздар. Сондықтан да оқу-жазуға үйреткенде ең алдымен дауыстылар, сонан соң дауыссыздарды оқытқан орынды болады. Өйткені сауат ашудың ең алғашқы кезінде балалар бірден екі әріпті біріктіріп оқи алмайды. Алғашқы кезде бала бір-екі әріпті қабылдай алады. Үйрене келе, бірте-бірте жалғас тұрған әріпті де қабылдайды. Бірінші әріптен екінші әріпке көшіп, екі әріпті қосып оқи алатын кезде, созып айтуға болатын дыбыстардың берілгені жөн. Сондай-ақ алғашқы кезде оқуға ұсынылған сөздер буын жағынан да жеңіл (ашык, буын) көбінесе жуан дауыстылар мен созып айтылатын дауыссыздардан құралғаны қолайлы.

Балалар жуан буынды оқып үйрене бастаған кезде, жіңішке буындарды оқуға онша қиналмайды.

Сауат ашу кезінде дыбыстар және буын түрлерімен қатар сөздің құрамындағы дыбыстардың аз-көптігінің де әсері болады. Яғни, алғашқы сабақтарда екі-үш дыбысты сөздер үйретілгені дұрыс. Бірақ казақ тілінде екі-үш дыбысты ашық буыннан құрылған сөздер өте аз. Сондықтан бір-екі сабақтан кейін-ақ бірнеше дыбыстан (өткен әріптердің қайталанып келуі арқылы) құрылған сөздер мен түйық буын қатар өтіледі. Екі дыбысты ашық және тұйық буыннан үдету амалымен үш немесе төрт дыбысты сөздер құрастырылып үйретіледі (Шо-ра, ша-на, ал, ал-ма, ар-ша, Са-ра т.б.).

Сөздің ауыспалы, келтіріңкі мағынада қолданылуы бірде метафора арқылы, бірде метонимия арқылы, кейде синекдоха тәсілдсрі аркылы беріліп отырады. Метафора (гр.— теі, орога ауысу) — белгілерінің ұқсастығына қарай, сөз мағынасының ауысуы. Мысалы, орыстың ғылымы, өнері дүниенің кілті (Абай). Метонимия (гр.— теіопушіа атын ауыстыру) — заттың не құбылыстың атауы, екінші затқа не құбылысқа белгіленетіні (өзара іргелес, шектес болуына қарай ауысуы). Мысалы, Жүрегім менің қырық жамау (Абай. Синекдоха (гр.—sупеkdосһа) —бірге жобалап түсіну. Мысалы, Басың нешеу?

Сөзді үйрену барысында балалар мынадай амалдарға дағдыланулары тиіс: 1) сөздің

мағынасын айту; 2) сөзді тағы қандай мағынада қолдануға болатынын айту; 3) осы мағынаны тағы қандай сөздермен білдіруге болатынын айту; 4) сөйлеуде лексикалық құралдарды дұрыс пайдалану; 5) мағына жағынан ұқсас немесе қарама-қарсы сөздердің қолданылуын аңғарту.



Әдебиеттер:

1. Рахметова С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы: Өлке 2003.



  1. Әбілқаев А. Маманов ы. Қазақ тілін оқыту методикасы. Алматы, 1965.

  2. 3.Әбілжанов Д., Маманов Ы. Қазақ тілін оқыту методикасы. Алматы , 1995.

  3. Әбдікәрімова Т., Әбдіғалиева Т., Шаймерденов Қ. Қазақ тілін оқыту әдістемесі.

  4. Зельманова Л.М. Наглядность в преподовании русского языка. М., 1984.

  5. Исабаев Ә. Қазақ тілін оқытудың дидактикалық негіздері . Алматы, 1993.

  6. Сарыбаев Ш. Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері.Алматы 1959.

6- Дәріс



Тақырыбы: Бастауыш мектеп оқушыларының оқу мен жазу дағдыларын қалыптастыру.

Қарастырылатын мәселелер:

1. Оқу мен жазу дағдылары.

2. Сауат ашу кезеңінде оқушылардың үйренетін біліктері мен дағдыларының шеңбері.

Адамның психикасы ақыл, сезім және ерік қызметтерінің түрліше формаларынан корінетіндіктен, оны психофизиологиялық процесс деп атайды. Дүние тануға қажет акыл-ой қызметі үшін түйсік пен қабылдау, ес пен ойлау, сезім мен қиял, зейін мен еріктің үлкен мәні бар. Баланың психикалык, дамуы деген не? Баланың қуануы, шаттануы, қиялдануы, ренжуі, ашулануы, жылауы, сойлеуі — осылардың бәрі баланың әлеуметгік өмір тіршілігіне байланысты ішкі дүниесін, психикасын сипаттайды. Баланың нәзік, әскелең табиғатына жарасымды әдептілік, адамгершілік. естілік т.б.с.с. қасиеттер оның өсетін ортасындағы тәлім-тәрбиенің арқасында және қайшылықтарды жеңу үстінде қалыптасады, өйткені психикалық дамудың өзі баланың ұмтылуы мен оған жету жолындағы мүмкіндіктерінің арасындағы кайшылықтардың салдарынан туады (мысалы, ми қабығында болатын козу мен тежелу, механикалық ес пен логикалық ес, ескі білім мен жаңа білім т.б.).

Балаға қойылатын талап пен сол талапты орындай алу мүмкіншілігі арасында да көптеген қиындықтар, кедергілер мен қайшылықтар кездесетіні белгілі. Бала өзін ересек адам етіп көрсетуге тырысады, олардың копшілігі озін асыра бағалайды, бірак, оның ақыл-ой орісі, білімі немесе тәжірибесінің аздығы оған кедергі болады. Сонымен қатар бала ішкі қайшылықтардан басқа сыртқы қайшылықтарға да кездеседі. Мысалы, әлеуметтік орта баладан мәдениетті, әдепті, сыпайы мінез-күлықты талап етеді, ал олар мүндай мінез-қүлыққа дағыдыланып жетпеген. Осы қайшылықтарды жеңу жолында да оған көптеген қиындықтар кездеседі.

Сонымен психикалық даму дегеніміз, жалпы алғанда, адамның қалыптасуындағы сапалық жөне сандық озгерістер, ал жекелеп алғанда, анатомиялық-физиологиялық есею, нерв жүйесінің жетілуі, білімнің артуы, сезім мен моральдык ұғымдардың пайда болуы, психикалық процестердің қайта құрылуы, дүниеге көзқарастың калыптасуы, белсенділік пен өзінше әрекет етудің көрінісі, белгілі бір мінез-қүлыққа дағдылану.

Адамның психикалық қабілеті сезім мүшелеріне сыртқы дүниенің ықпал етуі арқылы, сезім мүшелерін жатгықтыру аркылы дамиды.

Мектепке алғаш келген бала ежелеп оқиды, оның көру аумағында бір ғана әріп тұрады, көбінесе қайта-қайта бұрын оқыған әрпіне көз жүгіртіп отырады, әрбір әріпке жекелеп көз тоқтатады, "оқу аймағы" тар болады. Осының салдарынан олардың оқығанды түсіну дәрежесі де төмен. Ал өріпті тану дағдысының қалыптасып жетілуімен қабат баланың "көру, оқу аймағы" кеңейіп, ол бірте-бірте буындап оқуға, онан әрі тұтас сөзді оқуға дағдылана бастайды. Мүндай дағдыға ие болу балаға оп-оңайға түспейді, ол көп күш-жігерін жұмсайды, мүнда әсіресе зейіні мен еркі үлкен роль атқарады. Осының барысында зейін мен еріктің төзімділік қасиеті жаттыға түседі.

Сауат ашу кезінде бала бар зейінін жеке әріптерді, буындарды қосып оқуға жұмсайды да, сөздердің арасындағы байланыстарға зер салмайды. Осыған орай, олардың түсініп оқудан гөрі механикалық оқуы басым болады. Ендеше сөзді, сөйлемді оқығанда олардың мағынасын үғындыруға, баса коңіл бөлу қажет.

Сауатты адамдар жазғанда есінде тұтас сөзді ғана емес, сөйлемді ұстайды. Бірақ олар жазғанда еріктің бір толқынынан туған өзара байланысты, жүйелі бір қозғалысты (импульсті) іске асырады. Мысалы, бір сөз жазғанда бір импульс іске асады. Ал жаңа сауаттана бастаған бала бір әріпті жазу үшін оның құрамындағы элементтердің әрқайсысында (таяқша, ілмек т.б.) бір-бір импульс жүмсайды. Мүнда да көптеген ерік күшін жүмсап, үнемі тиянақты зейін қойғанда ғана үзақ уақыт жаттығу жүмыстарының нәтижесінде барып дағды калыптасады: саусак дағдыланады; ерік, зейін, сананы бағыттайды. Сана жазылатын әріптің немесе сөздің, сөйлемнің мазмұнын ұстайды; сөйтіп, бірте-бірте санада тұтас сөз немесе сөйлем сақталады да, оларды жазу тұтас бір акт ретінде орындалады.

Оқу-жазу процестерін талдаудан шығатын негізгі қорытынды: 1) оқушы оқуға, жазуға үйрену барысында меңгеруге тиісті ең басты процестер: сөйлемді сөзге, сөзді буынға, буынды дыбысқа ажырату және керісінше, дыбыстардан буын, буыннан сөз, сөзден сөйлем құрастыру. Егер мұғалім талдау-жинактауға жеткіліксіз көңіл бөлетін болса, бала әрбір әріпті, дыбысты, сөзді жеке жаттайды да, олардың әрқайсысының мәніне көңіл бөлмейді, сондықтан оларды дұрыс байланыстырып оқи да алмайды, жаза да алмайды. Әрбір айтылғанды немесе жазылғанды бір-бірімен салыстырып, талдап-жинақтатып, қайталаттырып үйретсе ғана баланың ойлау процесін дамытуға септігі тиеді. 2) Сауат аша бастаған бала оку-жазуға үйрену барысында коптеген қиындықтарға кездеседі (бір әріпті немесе бір созді жазу үшін нерв жүйесінен бірнеше толқын (импульс) жасалады). Осы кездегі кедергілер мен қиындықтардан баланың нозік табиғатына нүқсан келтірмей, күш-жігерін мүқалтпай алып шығу мүғалімдерге үлкен жауапкершілік жүктейді. Бұл жұмысты талапка сай ұйымдастырып жүргізу үшін, мектепке дейінгі баланың ақыл-ойының, тілінің дамуы, жеке ерекшеліктерінің қалыптасуы жөнінде мүғалім толық сауатгы болуы керек, сонда ғана әдістемелік жағынан қажетті жүмыстарды шеберлікпен ұштастырып, іске асыра алады.

Оқу мен жазу дағдыларын қалыптастыру
Дағды дегеніміз әрекеттің адам бойында орнығуы. Әрекетке ең алғаш кіріскен кезде адам олақ, басы артық көптеген қимыл-қозғалыстар жасайды. Мысалы, жоғарыда керсеткеніміздей, бала оку-жазуға үйрене бастаған кезде қаншама қимыл-қозғалыстар жасайды.

Атақты физик М.Лауэ оқу, білім жөнінде айта келіп: "Білім — бүкіл оқығандарың үмытылып қалғанда, бойында сақталатыны", — дейді. Бұл сақталып қалатын не? Ол — әдет, сенім, бағыт, дағды жөне қабілет — міне, нағыз білім — осылар! "Дағды, — деп көрсетеді психолог С.Л.Рубинштейн, — саналы түрде автоматталған қимыл-әрекет түрінде көрінеді, ал сонан соң әрекеттің автоматталған тәсілі ретінде қызмет атқарады".

Қандай да болмасын дағдыға бала басқалармен қарым-катынас жасау барысында үйренеді. Бала үлкендердің істеген әрекеттерін көріп бақылап, оған еліктейді, кейін оны өзі істей бастайды. Ал оқытуда мүғалім дағдыландыратын әркеттерін әдейі корсетеді, түсіндіреді, балалар оның орындалуын бақылайды. Осы процесс, сыртқы әрекеттің адамның бойына сіңуі, ішкі психикалыққа айналуы — интериоризация деп аталады, яғни сыртқы заттық әрекеттің ақыл-ойға, санаға өтуі. Мұндай процесгі оқытуда баланың ақыл-ой әрекетін қалыптастыру саласында психолог П.Я.Гальперин және оның шәкірттері зерттеді. Бүл зерттеулер бойынша баланың ақыл-ой әрекетін қалыптастыруға болатыны дәледденді. Мұнда дағды мен біліктіліктің калыптасу ұзақтығы да, оның нәтижесі де (беріктігі, саналылығы, жинақтылығы т.б.) ақыл-ой әрекетін қалыптастыру процесін үйымдастыруға байланысты екені көрсетіледі. Ендеше мүнда да басты жауапкершілік мүғалімге жүктеледі. Ал осы ақыл-ой әрекегін ұйымдастыруға қандай талаптар қойылады? Олардың негізгілерін атап өтелік:

1) ақыл-ой әрекетін бағыттаудың толық болуы: яғни қандай да болмасын дағдыны қалыптастырудың өзі балаларға бағыт беру, түсіндіруден басталады. Оқушы осы бағытпен өздігінен орындауға кіріседі; 2) әрекеттің материалдық түрде қалыптасу кезеңі. Оқушы көргенін орындайды, бірақ бұл өлі сырткы, материалдық формада (мысалы, оқушының таяқша салуға кірісуі: басын қисайтып, иығын бүкірейтіп, бүкіл денесін бір жағына қисайтып, шынтағын көтеріп, саусақтарының барлығын бүгіп, бар күшін жұмсауы); 3) әрекеттің сыртқы сөйлеу ретінде корінуі (балалар дауыстап сөйлеп отырады). Бүл кезенде күрделі әрекеттер бөліп-бөліп орындалады (мысалы, сауат ашу барысында бір әріпті жазуға үйрену үшін бірнеше элементтерді бөліп-бөліп жазып жаттығады); 4) әрекетті ішінен сөйлеп отырып орындайды. Яғни дағды мен шеберлікке саналы үйренеді, әрбір қимылды не үшін, не мақсатпен орындайтынын біледі. Бұл сатыда бірқатар артық қимыл-қозғалыстар жойылып, жинақталады; 5) дағды мен біліктіліктің толық қалыптасып бітуі оны басқа ситуацияларда өздіктерінен қолдана алуларынан көрінеді.

Сауат ашу кезеңінде мүғалімдер балаларды оқу-жазу әрекетіне үйретуде осы көрсетілген "сатылы қалыптастыру" жүйесін сақтауға тиіс.
Сауат ашу кезеңінде балалардың жас ерекшеліктеріне қойылатын педагогикалық талаптар

Оқу жұмысын ойдағыдай жүргізу үшін балалардың жас ерекшеліктері мен жеке ерекшеліктерін, олардың зейін, қабылдау, ес, ойлау, қиял ерекшеліктерін, сезім, ерік жақтары мен қабілет, темперамент, мінез сияқты жеке қасиеттерін жақсы білу керек. Бастауыш сынып баласының зейіні тұрақсыз, оның толқуы сабақ үстінде күшті, ал бөліну қасиеті мүлде жоқ десе де болғандай, келемі өте шағын болады. Сондықтан оқудың алғашқы күнінен бастап-ақ балаларды тыңдай білуге оңай тапсырмаларды орындап жүруге үйрету керек. Бүлардың зейіндері заттарды бақылай білу, олармен жүмыс жасау (әріптерден сөз құрау) арқылы тәрбиеленеді. Балалар суреттерді көргенде, әңгіме, ертегі тыңдағанда зейіннің тұрақтылығы арта түседі. Сабақтарда пайдаланылатын ойын элементгері, іс-әрекеттің нәтижелі түрлері, іс-әрекет формаларын жиі өзгерту—балалар зейінін тәрбиелеуге көмектеседі.

1- сынып оқушыларының ес ерекшеліктері: логикалық сөздік байланыстардан гөрі корнекі бейнелердің басым болуы. Сөздік материалды олар механикалық түрде, мағынасына түсінбестен жаттап алады. Мұғалім бұл ерекшелікке де көңіл аударуы тиіс.

Бастауыш сынып оқушыларының қабылдауы мен ойлауында да толып жатқан ерекшеліктер бар: олар ажырата қабылдауды білмейді, тұтас кабылдайды. Осыған орай, мүғалім тапсырма бергенде дәлдеп, бөліктерге бөліп беру немесе заттар мен құбылыстардың құрамымен таныстыру т.б. ескергені жөн. Мысалы, олар алғашқы буын, дыбыс, сөз терминдерін шатастырады; мұғалім бірте-бірте бұл сөздердің әрқайсысының мағынасын ажыратып, мәнін аңғаруға үйретеді. Ажырата қабылдауға салыстыру арқылы да үйретуге болады. Мұнда тек әріптерді, дыбыстарды, буындарды, сөздерді ғана салыстырып қоймай, заттарды, құбылыстарды да салыстыруға болады. Мысалы, тауықты құстар қатарына қосуға бола ма? сұрағы арқылы, егер болса, қандай белгілеріне қарай құс дейміз? Егер болмаса, неліктен құстар қатарына жатпайды? т.б. салыстыруды іске асыруға болады. Оқытудың мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай болуға тиіс. Алайда оқылатын материал үнемі оңай, жеңіл-желпі орындалатындай болуы қажет деген үғым тумаса керек. Оқыту процесінде шамасы жететін қиыншылықтарды өз күштерімен жойып отыруға оқушыларды мәжбүр жасаған жон. Өйткені қиындыққа кездеспейінше, ойлау белсенді қызмет атқара алмайды. Ал, екінші жағынан, шамасы жетпейтін қиындыққа кездессе, ой тежелуге ұшырайды, ерік күші мұқалады. Ендеше, бұдан шығатын қорытынды — сабақтың түсінікті болуы шарт.

Балалар оқып үйренетін "Әліппе" кітабында жекелеген суреттер, сюжетгі суреттер, түрлі түсті бояумен әдемі салынған схемалар, жұмбақтар және жатығулар берілген. Бұл кезде балалар, жоғарыда көрсетілгендей, сөз, дыбыс, буын, сөйлем деген сияқты дерексіз ұғымдармен алғаш рет кездеседі. Бұл ұғымдардың мәнін нақтылап түсіндіру үшін көрнекі құралдардың (схема, сурет, кеспе әліппе, таблицалар т.б.) пайдасы мол. Көрнекіліктерді ойын ретінде пайдалануға болады. Оның барлығы сабақтың нақты мақсатына байланыстырылып беріледі. Мүнда тағы да ескерілетін жай — бірден бірнеше көрнекілік ұсынуға немесе керегі болсын-болмасын, кез келген көрнекілікті (олар тіпті ашық түрлі түспен боялған, әдемі әшекейленген болса да) ұсына берудің қажеті жоқ. Себебі: басы артык, тым көп көрнекілік те балалардың зейінін жинақтау, тұрақтандыру емес, керісінше, аландатып, зиянын тигізуі мүмкін.

Мүғалім балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, қарым-қатынас жасау барысында олардың жауап беру ерекшелігін, белсенділік көрсету қарқынын, жүріп-тұру қалпын, қиналған жерлері мен жіберген қателіктерін есепке ала жұріп, әрқайсысына сұрақ қойғанда баланы жігерлендіретіндей, өз күшін байқай алатындай, анағұрлым бір пайдалы жұмыс болу жағын мұқият іздестіреді.

Сауат ашу кезінде оқушыларды сөз бен сөйлемдерді саналы, дұрыс оқуға дағдыландырумен қатар, әріп элементтері мен жекелеген әріптерді түзу жазып дағдыландыру барысында балаларға табиғат, адамдардың өмір сүруі жөнінде мағлұматтар беріліп, олардың айналадағы заттар мен құбылыстар туралы түсінігі кеңейе түседі.

Педагогиканың талабы бойынша, сауат ашудың бірінші күнінен бастап-ақ оның тәрбиелік мәніне зор көңіл бөлінеді.

Оқыту мен тәрбие, жеке түлағының дамуы — бір-бірінен ажыратуға келмейтін, тұтас бір процесс болғандықтан, оқытудың тәрбиелік мәнінің өзі ақыл-ой тәрбиесіне жатады.

Балалардың эстетикалық талғамын дамыту ертегі, көркем әңгіме, өлең, оқу, сурет, музыка т.б. арқылы іске асырылады.

Баланың бастаған істі аяқтап шығу, көздеген игі мақсатына жету, ұқыптылық, уақытты дұрыс пайдалану т.б. мінез-құлық сапалары да сауат ашу кезеңінде тәрбиелене бастайды.

Сөйтіп, рухани-адамгершілік, достык, ұлттық дәстүрді сақтау, Отанын, халқын шын жүректен сүю, эстетикалық, еңбек тәрбиесі т.б. жұмыстардың негізі сауат ашу кезеңінде-ақ қалана бастайды.



Сауат ашу әдістемесіне қойылатын талаптар

1) Сабақтың мақсаты мен тақырыбы балаларға бірден тұтас айтылмайды: Сабақтың әрбір кезеңінде бөліп-беліп айтылады. Сабақтың соңында бүгінгі сабақта не білгені, не үйренгені туралы оның қорытындысы шығарылады.

2) Тапсырма бөлшектеліп, мазмұны бойынша қысқа-қысқа сөйлеммен (сұрақтармен) беріледі.

3) Сабақтың әрбір кезеңінде (түсіндіру, сұрау, тексеру) бүкіл балалар белсенді болу керек (тыңдау, жеке тапсырма орындау т.б.). "Балалардың жұмыстың көптігінен емес, жұмыссыздықтан шаршайтындығын естен шығармау керек" (К.Д.Ушинский).

4) Сабақта көрнекілік пен дидактикалық материалдар тым өрескел көп болмау керек. Оларды әрбір кезеңнің мақсаты мен міндетіне сай келетіндей, бұрынырақ іріктеп пайдаланған дұрыс.

5) Оқу сабақтарында тақтадан, кеспе әліппеден, таблицадан, Әліппеден т.б. көп оқытуға көңіл бөлінуі қажет. Мұнда тіл дамыту, байланыстыра сөйлеуге үйрету, сын пікір білдіруге үйретіп отырған жөн.

6) Жазу сабақтарында дыбыстық талдауға көңіл бөлінеді. Ұқсас дыбыстарды салыстыру және жазылуы ұқсас әріптердің сызығын салыстыру т.б.


Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет