24
нарықта басты орынға ие кәсіпорының ӛнімдеріне бағаны реттеу
және т.б. ие. Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу тәртіп
бойынша мемлекет кӛлемінде жҥзеге асырылады.
Кейбір
жағдайларда ол аймақтық та деңгейде жҥргізіледі.
Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу заңдарға сәйкес
жҥзеге асырылады. Заң актілерін шығару, мемлекеттің норма
шығармашылық
қызметті, кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік
реттеудің ӛзіндік бір нысаны болып табылады. Шаруашылық
қызметті жҥргізуге ҧзақ уақытқа тҧрақты тәртіп ережені орната
отырып, мемлекет ерекше
нысанда экономиканы басқарады,
соның аясында кәсіпкерлікті жҥзеге асыруға қажетті заңды жағдай
қалыптастырады. Реттеудің осындай нысанын пайдалану кӛбірек
деңгейде нарықтық экономика шарттарына сәйкес келеді, ал ол ӛз
кезегінде кӛпшілік және жеке мҥдделердің сәйкестену негізінде
кәсіпкерлік қызмет еркіндігін қамтамасыз етуге мҥмкіндік береді.
5.
Заңдылық
қағидасы жалпы салалық болып табылады.
Оның жҥзеге асырылуы қҧқықтық мемлекетті қалыптастырудың
негізі болып табылады. Сондықтан да бҧл қағида кәсіпкерлік
қатынастарын реттеу ҥшін де маңызы зор.
Осыған орай
кәсіпкерлік қызмет заңның талаптарын қатаң сақтау жағдайында
жҥзеге асырылуы тиіс. Мемлекетпен қҧқықтық нормалардың
заңдылығы, кәсіпкерлік қызметті реттеуші мемлекеттік билік
органдары мен жергілікті ӛзін-ӛзі
басқарушы органдардың
қызметінің заңдылыған қамтамасыз етілуі тиіс.
Заңдылық
кәсіпкерлік
қызметі
ҥшін
аса
маңызды
қатынастардың тҧрақтылығы мен беріктілігін қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: