А. Соловьева, Б. Ибраимова



Pdf көрінісі
бет251/361
Дата07.02.2022
өлшемі5,3 Mb.
#93076
түріОқулық
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   ...   361
Байланысты:
8 сынып биология окулык.pdf
1-тапсырма (1) (2)
§51. қолдан сұрыптау
Ағзалар селекциясы үшін қолдан сұрыптаудың маңызын сипаттау
Эволюция дегеніміз не? Табиғи сұрыпталу деген не? Қолдан сұрып тауды кім 
жүргізеді?
Селекция, эволюция және сұрыптау. 
Ч. Дар виннің пікірінше, эво-
люцияның басты қозғаушы күші – табиғи сұрыпталу. 
Табиғи­сұрыпталу
белгілі бір табиғи жағдайда тіршілік етуге бейімделген ағзалардың 
тіршілік үшін күресінің нәтижесі. Табиғи сұрыпталудың нәтижесінде 
өзіне пайдалы көптеген бейімделушілік ерекшеліктері бар ағзалардың 


207
белгілі бір түрлері мен даралары тірі қалып, көбейе алады. Ал нашар 
бейімделген түрлер мен ағзалар табиғи сұрыпталудың нәтижесінде 
толығымен тіршілігін жояды. 
Қолдан­ сұрыптаудың
нәтижесінде өсімдіктер мен жануарлардың 
адамға қажет ті белгі-қасиеттері дамиды. Қолдан сұрыптау табиғатта 
емес, адамның қатысуымен жүреді. Оның
­
нә тижесінде жануарлардың 
жаңа қолтұқымдары мен өсім діктердің жаңа іріктемелері алынады. 
Селекция­
– үй жануарларының жаңа қолтұқымдары мен өсімдіктердің 
жаңа іріктемелерін шығару әдістері туралы ғылым саласы. Селекционер 
Н.И. Вавилов: «
Селекция­–­адам­қолымен­жасалатын­эволюция
», – деп 
айтқан. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   ...   361




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет