А. Соловьева, Б. Ибраимова


Селекцияның негізгі әдісі қолдан сұрыптау



Pdf көрінісі
бет252/361
Дата07.02.2022
өлшемі5,3 Mb.
#93076
түріОқулық
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   361
Байланысты:
8 сынып биология окулык.pdf
1-тапсырма (1) (2)
Селекцияның негізгі әдісі қолдан сұрыптау
болған және солай болып 
қала береді. Адам әрқашан жануарлар мен өсімдіктерді көбейту кезінде 
шаруашылықта маңызды сапасы бар түрлерін қалдырып отырған. Бұл 
құбылыс ұзақ уақыт бойы санасыз түрде, ешқандай әдіс қолданбай 
жүргізілген. 
Ежелгі адамдар алғашқы үй жануары итті қолға үйретті. Антро-
пологтардың пікірі бойынша ертедегі адамдар қасқырлардың белгілі бір 
түрін өздеріне жақын ұстау мақсатында тамақтарының қалдықтарын 
үйлерінен алыс емес жерлерге қалдыратын болған. Адамдар не үшін олай 
жасады? Олар кез келген жыртқыштарға, анағұрлым ірі жануарларға да 
қарсылық көрсете алатын жануарлармен жақын өмір сүруге тырысты. 
Алайда ол жануарлар адамдарға қатысты агрессия көрсетпеуі маңызды 
болды. Әйтпесе, адамдар өздеріне қауіп төндірген жан уарларды қырып 
жіберер еді. уақыт өте адамдармен қатар өмір сүруге, олардың қолынан 
тамақ жейтін, қамқорлығын қажет ететін генетикалық бейімділіктері 
бекіген жануарлардың топтары түзілді. Жануарлар се лек циясындағы 
бірінші кезең – 
жануарларды­ қолға­ үйрету
, ал өсімдіктерде олардың 
мәдени­түрлерін
шығару болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   361




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет