қолдан сұрыптаудың түрлері. Алғашқы кезеңде адамдар өсімдіктер-
дің жаңа іріктемелері мен жануарлардың жаңа қолтұқымдарын алған
кезде алдына ешқандай нақты мақсат қоймады. Қолдан сұрыптаудың бұл
түрі
мақсатсыз(санасыз)қолдан сұрыптау деп аталады. Кейінірек, ша-
мамен ХIХ ғасырдың ортасынан бастап селекционерлер нақты белгісі бар
өсімдіктердің жаңа іріктемелері мен жануарлардың жаңа қолтұқымдарын
алуды алдарына мақсат етіп қойды. Қолдан сұрыптаудың бұл түрі
әдістемеліксұрыптау деп аталады.
Әртүрлі принциптерге сүйене отырып, қолдан сұрып таудың басқа да
түрлерін айтуға болады.