А. Соловьева, Б. Ибраимова


§52. Мәдени өсімдіктер мен үй жануарларының



Pdf көрінісі
бет256/361
Дата07.02.2022
өлшемі5,3 Mb.
#93076
түріОқулық
1   ...   252   253   254   255   256   257   258   259   ...   361
Байланысты:
8 сынып биология окулык.pdf
1-тапсырма (1) (2)
§52. Мәдени өсімдіктер мен үй жануарларының 
 
шығу орталықтары 
Мәдени өсімдіктер мен үй жануарларының 
шығу орталықтарын зерттеу
Өсімдіктер мен жануарлар селекциясының бірінші кезеңі қандай? Н.И. Вавилов 
туралы не білесіңдер?
Селекция ғылымының маңызды бөлігі 
түрлердің­ арғытектері­ ту-
ралы­ілім
. Оның негізін салуға атақты орыс ғалымы, генетик 
Николай 
иванович Вавиловтың 
қосқан үлесі зор. Ол ХХ ғасырдың 20–30-жылда-
рында қызметкерлерімен бірлесіп, дүниежүзінің әр түкпіріне 60-тан астам 
экспедиция жасады. Зерттеу барысында Австралиядан басқа барлық кон-
14–3459


210
тиненттерден мәдени өсімдіктердің арғытектері болып табылатын мате-
риалдар жинады. Жабайы түрлердің барлық мүмкіндігі бар тұқымдық 
материалдарының жиынтығы осы көпжылдық зерттеулердің нәтижесі 
болып табылады. Ол қазір Санкт-Петербургтегі Өсімдік шаруашылығы 
институтында сақтаулы тұр. Институт ұжымы бұл құнды генетикалық 
материалдарды 1942–1943 жылдары ленинград қоршауда қалып, адам-
дар аштан қырылған кезде де сақтап қалған. Қазір топтамада 300 мыңнан 
астам дана сақталған.
Тұқымдардың тіршілік қабілетін сақтау үшін топтамалық мате-
риалдарды үнемі кезектестіріп қайта сеуіп отырған, сол арқылы олар 
өздігінен жаңарып отырады. Бұл материалдар ХХ ғасырдың 60–70-ші 
жылдары жоғары сапалы тұқымдар алу үшін қолданылды. Ол ішінара 
үндістан сияқты Оңтүстік-Шығыс Азияның көптеген елдерінде азық-
түлік проблемасын шешуге мүмкіндік берді. Бүгінгі күнде Ресей мен 
дүниежүзінің басқа да селекционерлері осы құнды материалдарды өз 
жұмыстарында пайдаланады. 
Н.И. Вавилов еңбегінің құндылығы – 
мәдени­өсімдіктердің­барлық­
географиялық­ аймақтарға­ бірдей­ таралмайтынын­ және­ әр­ дақылдың­
өзінің­ шығу­ орталығы­
болатынын анықтауы. Н.И. Вавилов зерттеу 
нәтижесінде қандай да болмасын өсімдік түрінің генетикалық жақын 
формалары көбірек таралған аймақ – сол түрдің шығу орталығы бола-
ды деп тұжырымдады. Жинақталған материалдарды талдай келе ғалым 
мәдени өсімдіктердің жеті түрлі шығу орталығы болатынын анықтады 
(6-кесте).
6-кесте.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   252   253   254   255   256   257   258   259   ...   361




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет