А. Соловьева, Б. Ибраимова


ұлпа  немесе жасушааралық сұйықтық



Pdf көрінісі
бет54/227
Дата08.12.2023
өлшемі5,61 Mb.
#195657
түріОқулық
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   227
Байланысты:
8-сынып биология

ұлпа 
немесе жасушааралық сұйықтық
«делдал» рөлін атқарады. Ол барлық 
ұлпалар (сүйек ұлпасынан басқа) мен мүшелерде болады, жасушалар 
арасындағы қуысты толтырады. Сұйықтық түссіз және мөлдір болады. 
Оның мөлшері шамамен 15–20 л. Жасушааралық сұйықтықтың өзі қан 
капиллярларының жұқа қабырғасы арқылы өтетін қан плазмасынан 
түзіледі. Қоректік заттар мен оттек қан капиллярларының қабырғасы 
арқылы өтіп, алдымен жасушааралық сұйықтыққа, сосын ағза жасуша-
ларына түседі. Көмірқышқыл газы мен зиянды заттар жасушааралық 
сұйықтық арқылы өтіп, ағза жасушаларынан қанға өтеді. 
Ұлпа сұйықтығы қан құрамы өзгерген 
кезде дене жа сушаларының химиялық 
құрамының салыстырмалы тұрақ тылығын 
қамтамасыз етеді. Ұлпа сұйықтығы лим-
фа ка пиллярларына сіңіріліп, лимфаға 
айналады. 
Лимфа
(лат. лимфа – ылғал) – сұйық 
дәнекер ұлпасы. Ол мөлдір, бірақ сарғыш 
түсті. лимфа адамның лимфа түйіндері 
арқылы ағатын лимфа тамырларында бола-
ды (43, 44, 46-суреттер). Ол да қан сияқты 
үнемі қозғалыста болады, бірақ лимфа 
едәуір баяу ағады. Себебі, қанның қозғалысы 
жүректің жиырылуы арқылы, ал лимфа 
қаңқа бұлшық еттерінің жиырылуы және 
өкпедегі төмен қысымға байланысты. 
лимфа ұлпа сұйықтығынан түзіледі. 
Өйткені ең ұсақ лимфа капиллярларының 
өзі тесігі бар қапшықпен аяқ та лады. 
Осы капилляр қапшықтары жиырыла-
ды да, жа су шааралық сұйықтық лимфа 
капилляр лары ішіндегі тесік арқылы со-
рылады. Осы кезден бастап ол 
лимфа
деп 
аталады. Тәулігіне 1,5 л лимфа түзіледі. 
43-сурет. 
Ағзадағы лимфа тамырла­
ры мен түйіндерінің орналасуы:
1 – жоғары қуысты вена қан тамыры; 
2 – кеуде қуысындағы лимфа өзегі; 
3 – лимфа түйіндері; 4 – лимфа 
капиллярлары (бағ даршаның бағыты 
лимфаның қозғалысын көрсетеді)
2
4
3
1


73
Құрамы бойынша лимфа қан плазмасына ұқсайды. лимфа 95% 
судан, 0,9% тұздан және 0,1% глюкозадан тұрады, оның мөлшері 
қан плазмасындағыдай болады. Бірақ лимфада нәруыздар едәуір аз – 
3–4%, ал қан плазмасында 7–8% болады. Сондықтан қан плазмасымен 
салыстырғанда лимфа шамалы тұтқыр, едәуір сұйық. 
лимфаның қан сияқты ұю қасиеті бар. лимфа тамырлары зақымдан-
ған кезде ол қоюланып, ағуын тоқтатады. 
лимфаның басты қызметі – жасушааралық сұйық тықты кері қанға 
қайтару. Бірақ ағза жасушаларымен әрекеттескен кезде жасушааралық 
сұйықтыққа әртүрлі биохимиялық қалдықтар – тіршілік әрекетінің 
өнімдері толы болатынын түсіну керек. Сонымен қатар кез кел-
ген зиянды микробтар қанға қарағанда ұлпада тез әрі оңай дамиды. 
Сондықтан лимфаның басты қызметі – сұйықтықты барынша тазартып, 
қанға қайтару. Микробтардан қорғау үшін лимфада лейкоциттердің
лимфоциттердің мөлшері көп. Олар ағзаның иммундық реакциясына 
белсенді қатысады, барлық лейкоциттердің 19–30%-ын құрайды. лим-
фа түйіндері микробқа қарсы сүзгі сияқты жұмыс істейді. Осыған ұқсас 
қыз метті иммундық лимфа жүйесінің басқа да мүшелері: бадамша, 
көкбауыр, аппендикс атқарады (45, 47-суреттер). 
45-сурет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет