А. Соловьева, Б. Ибраимова


Негізгі сөздер мен тіркестер



Pdf көрінісі
бет32/35
Дата30.10.2019
өлшемі11,94 Mb.
#50823
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
Байланысты:
Биология 8 сынып. Оқыту әдістемесі


 
Негізгі сөздер мен тіркестер
Биотехнология, гендік инженерия, криоконсервация, фитогормондар  
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:  
Талқылауға арналған тармақтар: 
Қазақстандағы селекцияныың басты мақсаты не?  
Сіз неліктен... екенін айта аласыз ба? 
Неліктен селекцияда криоконсервация маңызды рөл атқарады?  
Жазылым бойынша ұсыныстар: 
Селекцияның қол жеткен табыстарын дәптерге түсіру 
295

 
Алдыңғы оқу 
Тест 
1)    Дүниежүзіндегі мәдени өсімдіктердің шығу тегін зерттеп, мәдени 
орталықтарын ашқан ғалым 
а) И. Мичурин    ә) Н. Вавилов      б) В. Ковалевский        в) Г. Карпеченко 
2) Мәдени өсімдікке жатады 
а) Жуа       ә) Жусан    б) Тары      в) Ебелек 
3) Сұрыптау жолымен қолдан шығарған бір түр дараларының жиынтығы 
а) Іріктеме         ә) Жинаушы кезең       б) Қолтұқым       в) Селекция 
4) Жануарлардың қолдан шығарылған түрі   
а) Іріктеме         ә) Қолтұқым       б) Селекция        в) Жинаушы кезең 
5) Вавилов бойынша орталықтар саны 
а) Алты     ә) Сегіз      б) Жеті       в) Тоғыз 
6) Картоптың отаны 
А) Оңтүстік Америка   ә) Солтүстік Америка  б) Азия      в) Иран 
Жауабы: 1– ә, 2– б, 3 – а, 4 – ә, 5– б, 6 – а 
Жоспар 
 
Жоспарланған 
уақыт 
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған 
жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз) 
Ресурстар 
Басталуы 
 
 
Ұйымдастыру. Психологиялық  ахуал. 
 
Сынып оқушыларына ел арасында кең тараған, кеңінен 
таныс әндердің бір шумағы мен қайырмасы жазылған 
карточкалар таратылып беріледі. Оқушылар осы әндерге 
байланысты «Қазақстандық қолтұқымдар», 
«Қазақстандық іріктемелер» топтарына бөлінеді. Әр топ 
өз атының сабаққа байланысын болжайды.  
 
Ынтымақтастық атмосферасын тудыру: 
 «Сиқырлы қобдиша» жаттығуы.  
Нұсқау: Қатысушылар шеңбер құра отырады. Ортада 
сиқырлы қобдиша тұрады. Сыйлықтар – қағазға жазылған 
адамгершілік қасиеттер.  
Жаттығу шарты: Қобдишадан әр қатысушы кезекпен бір 
сыйлықты таңдап алып, ішінде жазылған сөзді лайықты деп 
санаған адамға сыйлайды. 
 
 
 
 
Ортасы 
І. Оқулықпен жұмыс.  
3.  «Автобус аялдамасы» әдісі  
4.  Алдарыңыздағы  постерлерге  берілген  мәнмәтін  бойынша 
ойтұжырымдарыңызды  жазып,  келесі  топқа  ұзатасыздар, 
енді  сол  топ  бірінші  топтың  тұжырымына  ойын  қосып, 
ұзатады, яғни ой қосу, ой алмасу үдерісі жүреді. 
Дескрипторлар: 
– Мәтінді толық меңгеріп, Қазақстандағы 
селекцияның басты мақсатын айқындайды. 
– Ғалымдардың қол жеткізген табыстарын 
талқылайды. 
ІІ. «Кесте толтыру» 
Оқулық 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
296

 
Қазақстандық ғалымдар 
Қол жеткізген табыстары 
 
 
 
 
Дескрипторлар: 
– Қазақстандық ғалымдардың қол жеткізген табыстарын 
айқындайды. 
– Қазақстандық ғалымдардың қол жеткізген табыстарын 
жүйелейді. 
Сауықтыру минуты 
Біркелкі тыныс алу  
Нұсқау 
Мұрын арқылы тыныс алып, ішіңізден 2-ге дейін санаңыз. 
Тыныс шығарып, қайта 2-ге дейін санаңыз. Осылай 
кезекпен тыныс алыңыз. 
Құрсақпен дем алу  
Нұсқау: Бір қолды кеудеңізге, екінші қолыңызды ішіңізге 
қойыңыз.  Мұрын арқылы терең тыныс алып, кеудеңізді 
түзулетіңіз. Минутына 6–10 рет терең тыныс алыңыз. 
Кезек тыныс алу  
Нұсқау. 
Өзіңізге ыңғайлы отырыңыз. Оң қолдың бас бармағымен 
мұрынның оң танауын жауып, сол жағы арқылы терең 
тыныс алыңыз. Енді сұқ саусақпен сол жақ мұрынды 
жауып, оң жақпен тыныс шығарыңыз. Осылайша кезек-
кезек жаттығуды жалғастырыңыз. 
Рефлексия.  
 
 
Тақырып   
бойынша  
алған  
керекті  
ақпаратты  
чемоданға  
салыңдар 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Аяқталуы 
«Ойтүйіндеу» 
І топ:»Биотехнология табыстары»  эссе 
ІІ топ: «Қазақстан селекциясының болашағы» эссе 
Дескрипторлар: 
 
 
 
 
 
Сабақта керек 
емес болған 
ақпаратты 
қоқыс 
жәшігіне 
салыңдар 
Бүгінгі ақпараттың 
ішінде тағы да 
үйренуім және 
толықтыруым керек 
деп ойлаған 
ақпараттарыңды 
еттартқышқа 
салыңдар 
 
297

 
– Эссе талапқа сай жазылады. 
– Биотехнология табыстарын жүйелейді. 
– Қазақстанның селекциясының болашағына болжай алады. 
Рефлексия. «Досыма хат» 
Досына сабақ туралы 3 сөйлемнен тұратын хат жазады.  
 
 
 
 
 
 
Қосымша  ақпарат. Қазақстан селекционерлерінің қол жеткізген табыстары. Жоғарыда 
аталған әдістерді қолдана отырып, қазақстандық ғалымдар: М.Ә. Ермеков, В.А. Бальмонт, 
Ә.Е. Еламанов, Д.Н. Пак, Б.М. Мусин, Н.З. Ғалиакберов, И.Н. Попов, Қ.Ү. Медеубеков және 
т.б. ауылшаруашылық жануарларының көптеген жаңа тұқымдарын шығарды. Енді солардың 
кейбіреулеріне тоқталайық. В.А.Бальмонттың басшылығымен елімізде алғашқы етті-жүнді 
бағыттағы қой тұқымы –  қазақтың биязы жүнді қойы шығарылды. Ол – жүнді көп беретін 
әрі өсімтал тұқым. 
Ә.Е. Еламанов, Қ.Ү. Медеубеков т.б. ғалымдардың қатысуымен Қазақстанның солтүстік 
аймақтарының суық табиғат жағдайына төзімді, биязы жүнді қойдың жаңа тұқымы –  
 
Солтүстік Қазақстан мериносы шығарылды. Ол Бесқарағай және Сұлукөл қойы деп екі типке 
бөлінеді. Бұлар – еліміздегі жүнді-етті бағыттағы қой тұқымдарының таңдаулыларының бірі. 
Еділбай қойы – халықтың селекция жолымен алынған, қылшық жүнді, құйрықты қазақы қой 
тұқымының түрі. Ет-май өндіру бағытында өсіріледі. 
Б.М. Мусин, Н.З. Ғалиакберов т.б. ғалымдар шығарған сиырдың етті тұқымы – қазақтың 
ақбас сиыры республикамызда көп тараған. 
Д.Н. Пактың басшылығымен Алатау сиыры шығарылды. Сүтті мол беретін ірі қараның жаңа 
тұқымдарының қатарына қазақстандық селекционерлер шығарған еліміздің солтүстік 
аймақтарында өсірілетін – қырдың қызыл сиыры мен оңтүстік аймақтардағы – әулиеата 
сиырлары да жатады. 
Сонымен қатар Қазақстан селекционерлері шығарған жылқы тұқымдары да бар. Олар 
шөлейтті аймаққа бейімделген, етті-сүтті бағыттағы – көшім жылқысы мен желісті – 
Қостанай жылқысы. 
Республикамыздың ғылыми-зерттеу мекемелерінде мал тұқымын асылдандырудың жаңа 
әдістері де ойластырылған. Мысалы, академик Ф.М. Мұханбетқалиевтің басшылығымен 
Эксперименттік биология институтында дүниежүзі бойынша алғаш рет трансплантация 
әдісімен қозы алынды. Оның мәнісі – ұрықтанған жұмыртқа жасушасы басқа аналық ағзаға 
апарып салынады да, содан ұрпақ дамиды. Мысалы, Австралияның биязы жүнді қойының 
ұрығымен біздің жергілікті қойдың аналығын ұрықтандырып, содан қозы алынды. Бұл әдіс 
мал тұқымын асылдандырудың жолдарын жеңілдетеді. 
Саралау – Сіз 
қосымша 
көмек көрсе-
туді қалай 
жоспарлайсыз? 
Сіз қабілеті 
жоғары оқу-
шыларға тап-
сырманы 
күрделендіруді 
қалай 
жоспарлайсыз? 
Қосымша көмек керек оқушылар үшін: 
Терминдермен жұмыс 
Биотехнология 
Гендік инженерия 
Клондау 
Криоконсервация 
 Фитогормондар 
Қабілеті жоғары оқушы: 
Қазақстанда шығарылған қолтұқымдар мен 
іріктемелердің қандай ерекшеліктері бар? 
Пәнаралық 
байланыс 
Қауіпсіздік және 
еңбекті қорғау 
ережелері 
АКТ-мен байланыс 
Құндылықтардағы 
байланыс 
298

 
Рефлексия 
Сабақ / оқу 
мақсаттары шынайы 
ма?  
Бүгін оқушылар не 
білді?  
Сыныптағы ахуал 
қандай болды?  
Мен жоспарлаған 
саралау шаралары 
тиімді болды ма?  
Мен берілген уақыт 
ішінде үлгердім бе? 
Мен өз жоспарыма 
қандай түзетулер 
енгіздім және 
неліктен? 
Рефлексия. «Табыс ағашы» 
Жасыл жапырақ – Түсінікті болды, табысқа жеттім. 
Сары жапырақ –  Сұрақтарым бар, толық табысқа жеткен жоқпын. 
Қызыл жапырақ –  Қиналдым, табысқа жету үшін тағы қайталауым 
керек. 
 
 
Қорытынды бағамдау 
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 
1. Сабақта әртүрлі оқыту стратегиялары, түрлі әдістерді араластырып қолдану 
2. Жеке, жұптық, топтық жұмыстар  
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 
1.  Оқушылардың сабақ барысындағы жұмыстарына талдау жасау, тапсырмалардың 
орындалуын жақсарту үшін не істеу керектігіне мән беру 
2. Оқушылар орындай алмаған тапсырмаларды қайта қарап, өзгеріс енгізу 
Сабақ  барысында  мен  сынып  немесе  жекелеген  оқушылар  туралы  келесі  сабағымды 
жетілдіруге көмектесетін не білдім? 
Жекелеген оқушылардың сабақты қабылдау ерекшеліктерін, әрқайсысының 
бейімділігіне қарай тапсырма дайындау қажеттігін және тапсырмаларды жас 
ерекшеліктеріне қарай жасақтау 
 
САБАҚ:  §54. Экожүйе құрам 
бөліктері. Су және құрлық 
экожүйелері 
Мектеп:  
Күні: 
Мұғалімнің аты-жөні:  
Сынып: 8 
Қатысқандар саны:  
Қатыспағандар саны: 
Сабаққа 
негізделген оқу 
мақсаттары 
8.3.1.1 – экожүйелердің жалпы құрылымының сызбасын жасау; 
8.3.1.2 – су және құрлық экожүйелерін салыстыру; 
8.3.1.3 – популяцияның негізгі қасиеттерін және құрылымдық 
ерекшеліктерін сипаттау. 
 
Барлық оқушылар: 
 
Мәтінді оқып, мазмұнын түсінеді, экожүйеге анықтама береді, 
экожүйе құрылымын біледі. 
Оқушылардың басым бөлігі: 
 
Экожүйеде міндетті түрде болатын түзуші, тұтынушы, 
ыдыратушыларды талдайды, қызметтерін зерделейді. 
 
Қоректік тізбекті құраушыларды анықтайды. 
 
Су және құрлық экожүйелерін зерделейді. 
Кейбір оқушылар: 
 
Экожүйе үшін редуцент, продуцент, консументтердің маңызына баға 
беру 
299

 
Сабақтың 
құндылығы 
Зайырлы қоғам және жоғары руханият. 
Бағалау 
критерийлері: 
–  Экожүйе, бірлестік ұғымының мәнін ашады. Продуценттер, консументтер, 
редуценттерді құрайтын ағзаларды жүйелейді, олардың экожүйедегі 
қызметін нақтылайды. 
–  Қоректік тізбекке мысал келтіре сипаттайды. 
–  Су және құрлық экожүйелерін талдайды. 
–  Экожүйе құраушыларының маңызына баға беру. 
 
Тілдік мақсат 
 
Сабақ барысында пән мазмұнының ұғымдaрын қолдануға қажетті 
айтылым-жазылымға сәйкес жұмыс тілін қалыптаcтыру (мысалы, 
топтық жұмыстар, сұрақты дұрыс қоя білу, жағдайды талдау және 
пікірталас жүргізу үшін қажетті тіркестер) 
 
Негізгі сөздер мен тіркестер: 
Экожүйе, бірлестік, продуценттер, консументтер, редуценттер, сапрофиттер
фильтрация 
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:  
Талқылауға арналған тармақтар: 
Егер де экожүйеде продуценттер болмаса, не болар еді? Топта талқылып 
жауап беріңдер.  
Сіз неліктен... екенін айта аласыз ба? 
Неліктен экожүйеде продуценттер, консументтер, редуценттердің болуы 
міндетті? 
Жазылым бойынша ұсыныстар: 
Терминдердің анықтамасын дәптерге түсіру 
Алдыңғы оқу 
«Артықты алып таста» жаттығуы 
Қазақстандық селекционер ғалымдарды табыңдар. 
А. Н. Илялетдинов 
М.М. Ульянищев 
С.И. Исаев 
Д. Л. Шамис 
М. Х. Шығаева 
Ф. М. Мұхамедғалиев 
И.В. Казаков 
В. П. Кузьмин 
Е.Н. Седов 
Н. Л. Удольская 
Р.А. Оразалиев 
Жоспар 
 
Жоспарланған 
уақыт 
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған 
жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз) 
Ресурстар 
300

 
Басталуы 
 
Ұйымдастыру. Психологиялық  ахуал. 
Топқа бөлу әдісі: «Сап түзеу» 
Сап алфавит бойынша құрылады. Осы құрылған сап 
екіге бөлініп, екі топ болады. Сынып оқушылары  осы 
әдіс арқылы «Экожүйе», «Биоценоз», топтарына 
бөлінеді. Әр топ өздерінің атының сабаққа байланысын 
болжайды.  
 
Ынтымақтастық атмосферасын тудыру: 
«Дәстүрлі емес сәлем»  
Бүгінгі біздің сәлемдесуіміз дәстүрден тыс болмақ. Әдетте 
адамдар бір-бірімен қалай амандасады? Қол алысып, жай 
сөзбен, бір-бірінің беттерінен сүйіп және т.б. Ал біз қазір 
сәлемдесудің басқа жолдарын қарастырайық. Бір-бірлеріне 
иық тигізіп амандасыңдар. Маңдаймен, шынтақпен, 
арқамен, аяқтың ұшымен. 
 
 
 
 
Ортасы 
І. Оқулықпен жұмыс.  
«Ойқозғау» «Экожүйе» сөзіне ассоциация құру 
Мәтінді «Борт күнделігі» әдісімен меңгеру. 
3.  Оқушылар дәптерге екі бағана сызады. 
Белгілі 
ақпарат 
Жаңа 
ақпарат 
 
 
Бірінші бағанға өздері мәтіннен алған белгілі ақпаратты 
жазады, екінші бағанға мәтінді оқып жаңа ақпаратты 
жазып, оны түсіндіруге тырысады. 
Дескрипторлар: 
– Мәтінді толық меңгеріп, экожүйеге сипаттама береді. 
–  Түзушілер, тұтынушылар, ыдыратушылар ұғымдарының 
мәнін ашады. 
– Қоректік тізбекті талдайды, түрлерін анықтайды. 
Сергіту сәті «Картоп егу» 
Оқушылар бір-бірінің арқасына картоп егеді: 
– жер жырту; 
– жерді тегістеу; 
– картоп егетін шұңқыр қазу; 
– картоп түйнегін егу; 
– шұңқырды жабу; 
– терді сүрту. 
 
Рефлексия. «Өз сөзімнің дәлелі» 
1. Сабақта мен жұмыстандым..., себебі.... 
2. Сабақта мен өз жұмысыммен.... 
3. Маған сабақ.... 
4. Сабақ бойы мен.... 
5. Менің көңіл күйім.... 
6. Сабақ материалдары мен үшін.... 
Оқулық 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
301

 
 
ІІ. «Түйінді сөздер» стратегиясы бойынша түйінді 
сөздерден әңгіме құрау. 
Берілетін сөздер: 
Қоян, жоңышқа, бұғы, қасқыр, қаршыға 
Атқонақ, бетеге, қарағай, плаун 
Сиыр, қой, ешкі, жылқы 
Саңырауқұлақ, бактерия 
Экожүйе, экотоп, биоценоз, биогеоценоз 
 
Дескрипторлар: 
– Мәтінде алған білімді пайдаланып, негізгі идеяны 
тұжырымдай алады. 
– Ой-өрісінің кеңдігін көрсете алады, тапсырманы толық 
орындайды. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Аяқталуы 
 
 
ІІІ. «Суреттерді зерделеу» 
Су және құрлық экожүйесін түсіндіріп беріңдер. 
 
 
 
 
 
 
Дескрипторлар: 
– Су және құрлық экожүйелерін сипаттап береді. 
– Экожүйені құрайтын міндетті құрамдарды көрсете алады. 
– Продуценттер, редуценттер, консументтердің экожүйе 
үшін маңызына баға береді.  
Рефлексия. «Бір сөзбен» 
Оқушылар өздеріне берілген 12 сөздің ішінен, өздерінің 
бүгінгі сабақтағы жағдайын сипаттайтындай 3 сөзді таңдап 
айтады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
302

 
• Төзімсіздік. Ашу. Қуаныш. Немқұрайлылық. Қанағаттану. 
Шабыт. Зерігу. Алаңдау. Тыныштық. Сенімділік. 
Сенімсіздік. Рақаттану.  
Қосымша  ақпарат.  Экожүйе жиынтығы 
1.  Абиотикалық компоненттер: 
● Органикалық қосылыстар (нәруыз, көмірсу, липидтер) 
● Бейорганикалық қосылыстар: су және минералды тұздар 
2. Биотикалық компоненттер: 
● Автотрофты ағзалар (продуценттер) 
● Гетеротрофты ағзалар (консументтер және редуценттер) 
Экологиялық пирамиданың негізгі 3 типі бар. 
1.  Сандық пирамида –  ағзалардың жеке сандық көрсеткішін анықтайды. 
2. Биомасса пирамидасы –  белгілі бір көлем мен уақыттағы жалпы құрғақ салмақты 
анықтайды. 
3. Энергиялық пирамида –  энергия ағынының қуатын немесе «өнімділікті»  анықтайды. 
Экожүйе дегеніміз – зат, энергия және ақпараттар алмасу нәтижесінде біртұтас тіршілік ететін 
кез келген өзара әрекеттесуші тірі ағзалар мен қоршаған орта жағдайларының жиынтығы. 
Экожүйе – ағза мен абиотикалық ортада әрқайсысы бір-біріне әсер ететін тірі табиғаттың 
негізгі функционалдық бірлігі. Экожүйенің тіршілік етуі тірі ағзалар жиынтығы мен ортаның 
арасында зат, энергия және ақпарат алмасуымен байланысты. Ағзалар бейорганикалық ортадан 
химиялық элементтер мен олардың қосылыстарының таралуының ерекшеліктері туралы 
ақпарат алады. 
Қоректік байланыстар. Әрбір түр органикалық заттар ыдыраған кезде бөлінетін энергияның бір 
бөлігін ғана пайдаланады. Ал сол түрге қажетсіз, бірақ әлі энергиясы мол органикалық 
заттардың қалған бөлігін басқа ағзалар пайдаланады. Эволюция барысында әрбір 
биогеоценоздарда бастап қоректік заттан өзіне қажетті материалдар мен энергияны алатын 
өзара бір-бірімен тығыз байланыста болатын түрлер тізбегі қалыптасқан. Көптеген (ағза) түр 
дараларының арасындағы мұндай күрделі байланыстарды қоректік тізбектер деп атайды. 
 
Саралау – Сіз 
қосымша 
көмек 
көрсетуді 
қалай 
жоспарлайсыз? 
Сіз қабілеті 
жоғары 
оқушыларға 
тапсырманы 
күрделендіруді 
қалай 
жоспарлайсыз? 
Қосымша көмек керек оқушылар үшін: 
Қоректік тізбектің қарапайым сызбасын сызып 
көрсетіңдер. 
Қабілеті жоғары оқушы: 
Суреттегі пирамиданы түсіндіріп бер. 
 
Пәнаралық 
байланыс 
Қауіпсіздік және 
еңбекті қорғау 
ережелері 
АКТ-мен байланыс 
Құндылықтардағы 
байланыс 
303

 
Рефлексия. 
Сабақ / оқу мақсаттары 
шынайы ма?  
Бүгін оқушылар не 
білді?  
Сыныптағы ахуал 
қандай болды?  
Мен жоспарлаған 
саралау шаралары 
тиімді болды ма?  
Мен берілген уақыт 
ішінде үлгердім бе? 
Мен өз жоспарыма 
қандай түзетулер 
енгіздім және неліктен?  
Рефлексия. «Бекітілді» 
–  Мен көп нәрсе үйрендім. 
–  Бұл маған өмірде керек болады. 
–  Сабақта ойландыратын нәрселер болды. 
–  Сабақта барлық сұрақтарға жауап алдым. 
 
 
Қорытынды бағамдау 
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 
1. Сабақта әртүрлі оқыту стратегиялары, түрлі әдістерді араластырып қолдану 
2. Жеке, жұптық, топтық жұмыстар 
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 
1.  Оқушылардың сабақ барысындағы жұмыстарына талдау жасау, тапсырмалардың 
орындалуын жақсарту үшін не істеу керектігіне мән беру 
2. Оқушылар орындай алмаған тапсырмаларды қайта қарап, өзгеріс енгізу 
Сабақ  барысында  мен  сынып  немесе  жекелеген  оқушылар  туралы  келесі  сабағымды 
жетілдіруге көмектесетін не білдім? 
Жекелеген оқушылардың сабақты қабылдау ерекшеліктерін, әрқайсысының 
бейімділігіне қарай тапсырма дайындау қажеттігін және тапсырмаларды жас 
ерекшеліктеріне қарай жасақтау 
 
САБАҚ:  §55.  Популяция, 
оның экологиялық 
сипаттамасы  
Мектеп:  
Күні: 
Мұғалімнің аты-жөні:  
Сынып: 8 
Қатысқандар саны:  
Қатыспаған-
дар саны: 
Сабаққа 
негізделген оқу 
мақсаттары 
8.3.1.3 – популяцияның негізгі қасиеттерін және құрылымдық 
ерекшеліктерін сипаттау;  
8.3.1.4 – ағзалардың тіршілікке қабілеттілігің әртүрлі тәсілдерін зерттеу;  
8.3.1.5 – жыртқыш-құрбан қарым-қатынасы мысалында популяция санының 
өзгеру себептерін анықтау. 
 
Барлық оқушылар: 
 
Мәтіннің мазмұнын толық түсінеді, популяция ұғымының мәнін 
ашады. 
Оқушылардың басым бөлігі: 
 
Популяцияларды сипаттайды, популяция тығыздығы, өсімі, 
жыныстық құрамы, генофонды сияқты көрсеткіштерін талдайды. 
Кейбір оқушылар: 
 
Популяциялардың өмір сүру стратегияларын  K –  және r жан-жақты 
пайымдайды. 
Сабақтың 
құндылығы 
Зайырлы қоғам және жоғары руханият. 
304

 
Бағалау 
критерийлері: 
–  Популяция, генофонд ұғымын түсінеді. 
– Популяцияны сипаттайды, көрсеткіштерін талдайды. 
– Популяцияның өмір сүру стратегияларын анықтайды, негізгісін табады. 
– Стратегиялардың популяция үшін маңызына баға береді. 
 
Тілдік мақсат 
  Oқушылaрдың тілдік дaғдының төртеуін де түрлі әрекeттерде 
(мысалы, оқылым-тыңдалым, оқылым-жазылым, оқылым-айтылым, 
тыңдалым-жазылым т.б.) әртүрлі мaқсаттарға қол жeткізу үшін 
қолдану 
 
Негізгі сөздер мен тіркестер: 
Популяция, тығыздық, жас құрамы, өнімділік, өмір сүру стратегиялары 
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:  
Талқылауға арналған тармақтар: 
Неге популяцияның құрамы тұрақты болады?  
Сіз неліктен... екенін айта аласыз ба? 
Неліктен популяция эволюцияның бірлігі болып табылады? 
Жазылым бойынша ұсыныстар: 
Популяция көрсеткіштерін дәптерге түсіру. 
Алдыңғы оқу 
«Ортадағы қаламсап» 
1.  Биотоп, биоценоз, биогеоценоз дегеніміз не? 
2. Биотикалық қарым-қатынастар дегеніміз не? 
3. Биоценоз құрылымы неден тұрады? 
4. Биотикалық факторлар дегеніміз не? 
5. Биоценоздың экологиялық құрылымы қандай? 
6. Биоценоздың кеңістік құрылымы қандай?  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет