А. Т. Аширова поәк эксперименттік білім беру бағдарламасы мен Элективті пәндер каталогінің негізінде әзірленді


Гауһар: Сен оны тым арзандатпасаңшы. Нәзила



бет58/77
Дата23.05.2023
өлшемі275,1 Kb.
#177485
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   77
Байланысты:
Кешен каз.т.әдебиет Информатика каз.болими

Гауһар: Сен оны тым арзандатпасаңшы.
Нәзила: О-о (күліп). Міне, туған қарындасын шеттетудің алғашқы нышаны да байқалды. Сонда мен қайтпекпің?
Гаһар: Сенің де жігітің бар ғой...
Үйге Қамажай кіреді. Түрінен шаршағаны білініп тұр. Қолында пакетке салынған кострюлі бар.
Қамажай (столға отырады): Жаңа жатақханаға бардым.
Нәзила: Жай ма?
Қамажай: Теміржанға ет пісіріп апардым.
Нәзила: Немене, ол ауруханада жатыр ма еді соншалықты. Әйелі бар, үйінен ішсін.
Қамажай: Ішеді ғой... Қайда барады. Брақ уақыттары жоқ, асханадан тамақтанып жүр екен. Үйдің тамағын сағынып қалыппын деп қарбытып көп жеді. «Кешір, мамуля», - дейді. Сағынады ғой... қайда барады... Көзі шүңірейіп азып кетіпті. Ауырып қалмаса жарар еді. Кешке жақын барамын деді. Айтатын сөзім бар дейді. Өткен жолғы тірлігіне өкініп жүрген шығар. Тамақ іштіңдер ме?
Нәзила: Бізді қайтесіз. Демалыңызшы, әбден шаршапсыз ғой (Есікті айқара ашып, Омар кіреді. Қолында телеграммасы бар. Қуанышты. Гауһар төмен қарайды.).
Омар: Әпке! Сүйінші!
Қамажай: Ойбай, қалағаныңды ал. Ол не қуаныш?
Омар: Міне, телеграмма. Нәзила, оқып жіберші.
Нәзила: Кәне, әкелші бері.
Қамажай: Иә, оқышы тез.
Нәзила (термелей оқи жөнеледі): Алматы қаласы Абай даңғылы, 107-үй, 17-пәтер. Оспановқа. Қымбатты Омар Искакович! О-о, Искакович дейді. Кіші ғылыми кеңес сіздің жұмысыңызбен танысып шыққан соң оны «қанағаттанарлық» деп тауып, философия ғылымдарының кандидаты деген атақ алу үшін диссертация қорғауға шешім қабылдады. Диссертация осы жылдың 16 маусымында Мәскеу мемлекеттік униврситетінің акт залында өтеді. Сапарың сәтті болсын. Профессор Григорьев».
Нәзила: Ома-ар! Вот молодчина! (Жүгіріп кеп, оның мойнына асыла кетеді). Әпке, сіз неғып отырып қалғансыз, құттықтамайсыз ба? (Қамажай жылап отыр).
Омар: Әпке-ау, сізге не болған? Жылағаныңыз не бұл?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет