А. Т. Аширова поәк эксперименттік білім беру бағдарламасы мен Элективті пәндер каталогінің негізінде әзірленді



бет60/77
Дата23.05.2023
өлшемі275,1 Kb.
#177485
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   77
Байланысты:
Кешен каз.т.әдебиет Информатика каз.болими

Қамажай: Қайда?
Тимур: Ақтауға. Ертең жолға шығамыз. Бір аптадан бері айтуға батылым жетпей келді.
Қамажай: Не дейді? Ақтау? Сонау жердің түбіне... Теміржан-ау, мұның қалай? Бізге ерегесіп әдейі жасағаның ба бұл?
Тимур: Жоқ, мамуля. Бәріміз үшін игі сапар.
Нәзила: Өстім, ер жеттім, енді ешкімнің керегі жоқ. Мен өз басымды аулаққа алып қашамын, қалғандарың маған десең, бірің өліп, бірің қал. Солай ма?
Тимур: Наз, бұл игі сапар ғой...
Нәзила: Иә, өз басың үшін. Сол жақтан, бәлкім, адам боп ораларсың. Біз де өз күнімізді өзіміз көрерміз. Ақша көп. Әпкем айлық алады, мен стипендия алам, Омар диссертациясын қорғайды. Ол жетпесе, әкеміздің ай сайын төлеп тұратын алименті тағы бар.
Омар: Есің дұрыс па?! Нәзила. Тоқтат енді.
Нәзила: О-о. Сен де дауыс көтеретін бопсың ғой.
Омар: Тимур, жолың болсын. Саған өз басым ренжімеймін, қайта ризамын. Бәлкім, сенің шын мәніндегі өмірлік мақсатың сол жақтан күтіп тұрған шығар. Алаңдамай жүре бер.
Тимур: Сен... сен шын айтып тұрсың ба?
Омар: Мен ешқашан жалған сөйлемеймін.
Тимур (Жүгіріп кеп, оны құшақтай алады. Ағалы-қарындасты үшеуі ұйпа-тұйпа боп жерге аунай кетеді.): Рақмет, бауырым. Мен ол жаққа барған бетте аванс алып, сенің банкетіңе жіберемін. Ал, қош сау болыңдар. Мені вокзалда жігіттер күтіп тұр. Мамуля, Ермек қайда?
Қамажай (жыламсырап): Ұйықтап жатыр.
Тимур: (басқа бөлмеге тез кіріп шығып): Ұйқысының қаттысын-ай, бетінен сүйсем де, оянбайды. Ал, мамуля, сен мені кешір. Көп қуантудың орнына көп ренжіткен сияқтымын. Кешір...
Қамажай (қолын жайып, оған ұмтылады): Япыр-ай, өң мен түстей... Теміржан, енді қашан көрісер екенбіз.
Тимур: Демалыс алған сайын келіп тұрамын, мамуля. Бізге де қонаққа келесіңдер. Ал, Наз... (Ол Нәзилаға жақындап, мүдіріп тұрып қалады). Сенімен қалай қоштассам екен?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет