Бабалар сөзі – тәрбие көзі
Кітапхананың оқу залы әдемі безендірілген. Көрнекті жерге Қазақстан Республикасының рәміздері ілінген. Қонақтар, оқырмандар осы залға жайғасуда.
(Композитор Н.Тілендиевтің “Ата толғауы” күйі жаймен ойналып тұрады)
1-жүргізуші: Көп жасаған қария
Ақылы теңіз-дария.
Көп өнеге сөзі бар
Сөзі – соқпақ, өзі нәр.
Ата салты – ардақты,
Әрбір сөзі – салмақты.
Сол сөздерді ұқпасаң
Тістерсің бір күн бармақты.
2-жүргізуші: Бабалар сөзі - кешегі өткен қариялардан, ғұлама ойшылдар мен шешен-билерден, ақын-жыраулар мен сал-серілерден мұра, мирас болып қалған ұлы тәрбие құралы.
Мың жылда бір-ақ көрінетін кометалардай сыры да, сезімі де терең, тұңғиық дана тұлғаларымыз фәни өмірден баз кешіп, бақилық болып жатыр. Әйтсе де, Баубек пен Бауыржан батырлығы, Әлия мен Мәншүк ерлігі, Қаныш пен Әлкей білімі, Мұхтар мен Ғабит, Ғабидендердің үні, Дінмұхаммедтің парасаты – бүгінгі ұрпаққа өнеге. Олардың даналық болжамы, ғибрат аларлық сөздері мен пайымдаулары бүгінде халықпен қайта қауышып, жүрегімізден орын алуда.
Біздің ата-бабаларымыздан бізге жеткен көптеген ұлағатты, ғибрат аларлықтай тамаша тәлім-тәрбие берерліктей өсиет сөздер бар.
“Бабалар сөзі – тәрбие көзі” атты сауалнама-әңгімеміз қарт ата мен жас жігіт арасында болған әңгіме түрінде өтеді. Яғни, қарияның жігітке қойған сауалына жігіттің жауап беруі және қарияның ол пікірді толықтырып өз ойын айтып беруін көрсетеміз.
Достарыңызбен бөлісу: |