Абай философиясындағы адам мәселесі. Абайдың толық адам тұжырымдамасы


Абайдың да дүниетанымындағы негізгі тұжырым, басты құндылық



бет4/4
Дата29.09.2022
өлшемі20,59 Kb.
#151225
1   2   3   4
Байланысты:
Абай философиясындағы адам мәселесі-emirsaba.org
курстық жұмыс, Психология және спорт психология-сы пәні бойынша тест 305топ Емтихан, 20-21ОСКЕ Психиатрия, для самоподготовки (1), магнетизм презент, 5. soozh 2, SOZh adistemelik nuskau, Документ, Òà?ûðûï ?ëåóìåòò³ê æà??ûðó – ?î?àìíû? ?ë-àó?àò ò³ðåã³, Realnye gazy, Презентация1 Толеухан Аружан ЛГ 22-1 (копия), 6 АПТА (копия), Òà?ûðûï ?ëåóìåòò³ê æà??ûðó – ?î?àìíû? ?ë-àó?àò ò³ðåã³ 2, Презентация, №5 Дәріс
Абайдың да дүниетанымындағы негізгі тұжырым, басты құндылық – адам болмысы. Абайдың қара сөздерінен, таусылмас рухани қазынасынан, оның адамның өмір сүру философиясын бес бағытта қарастыранын аңғаратынымыз. Біріншісі,  жеке адамдардың тұрмыс тіршілігі. Екіншісі, әлеуметтік топтардың қоғамдағы алатын орны, мінез-құлқы, менталитеті, психологиясы; Үшіншісі, ұлттың ата-бабалардан мұраланған өзіндік өмір салтын, дәстүрлі мәдениетіне бейімделген мұрат-мақсаттарын болмыстың жаңа сұраныстарына байланысты жаңартып, жаңғырту жолдары. Төртіншісі, адамзат тарихында қалыптасқан моральдық құндылыққа сай келетін үрдістердің өркениетпен сабақтасу жолдары. Бесіншісі, имандылық жолымен Алла болмысын тану. Адамның өз ісәрекетін, сөзін, Иллаһи қағидаларына, пайғамбар хадистеріне, өнегелеріне сай келтіруге ұмтылу.

ТОЛЫҚ АДАМ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

Ойшыл хакімнің ғұмыр бойы шарқ ұрып іздегені, асыл ақиқаты –толық адам. Абай үшін толық адам – рухани жетілген, жан-жақты дамып жеке тұлға болып қалыптасқан, кеміліне келген адам. Ғалым Абайдың толық адам ілімі жайлы танымын тереңінен түсіндіріп, бүгінгі және келешек ұрпаққа рухани азық ретінде мол тағылым қалдырып отыр.

Абайдың толық адам ілімінен ұстаздық, ғылым-білімді игеру, өнерге ұмтылу мәселелері де көрініс табады. Адамзат баласын білім мен ғылымға жетелеудің сан түрлі жолдарын көрсеткен. Білімді алу, меңгерген білімді өмір тәжірибесінде қалай қолданып жүзеге асыру жайлы астарлы терең философиялық қанатты сөздер қалдырған. Абай: «Білімдіден шыққан сөз,талаптыға болсын кез», - деп білімнің терең сырын ұғатын, көкірегі ояу,ынталы шәкірттерді іздейді. Адам болам деген талантты, тәрбиелі жастардың бойынан ізгіліктің дәні мен адамгершіліктің нәрінің көріністерін «Ғылым таппай мақтанба» деген өлеңінде даралап, саралап көрсетіп береді. «Бес нәрседен қашық бол, бес нәрсеге асық бол, адам болам десеңіз», - деп толық адамның кәміл сипатын айқындап берді.

Сонымен, Абай өмірді, адами құндылықты жан-жақты, жүрегінің түбіне терең бойлап зерделеген сыншыл ақын. Адамгершіліктің, әділеттіліктің негізгі моральдық ұстанымдарын өз поэзиясында кең шеңберде көрсетіп отырған. Ғылымға, білімге ұмтылған адамды жоғары бағалап, дүниенің барлық сырын ұғынуда ақылды таразы етіп, ой елегінен өткізген. Осы кең өрісті адами құндылықтарды толық адамның танымымен түсіндерген. Яғни, Абай үшін дүниенің басты құндылығы жәй адам емес, кемеліне келген адам.



Абайдың арманындағы толық адам – біліммен, ғылыммен және дінмен ұштасып дамып, жетілген адам. Адамзат өркениетінде рухани тұрғыда игі қасиеттерді – иман, ғылым, білім, тәрбие, өнер, құқық, тапқырлық,қайраткерлік, жомарттылық, азаматтық, адамгершілік құндылықтарды бойыңа сіңіріп, жетілдірген адам – Абай зерделеп, ұсынған «толық адам» ілімі. Толық адам ілімі – қазақ халқының ұлттық санасын оятып, рухани жаңғыртудағы қазақ халқының рухани жаршысы болып табылады.

Пайдаланылған әдебиеттер


  •  1. Абай Құнанбаев өлеңдер жинағы.Алматы, «Жазушы» 1976.147б.

  • 2. А.Құнанбаев 2т. 162 б.

  • 3. Абай. Қара сөз А. 1993ж. 76. б4. А. Құнанбаев: шығ. Қазақ Ағарту. фил. 10т. Астана 2007ж.380б.

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАҚМЕТ!!!


  • НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАҚМЕТ!!!


http://emirsaba.org

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет