Қайым Мұхамедханов Семейдің қоғамдық кітапханасының орыс және әлем әдебиеті классиктері шығармалары, әртүрлі ғылым салаларынан кітап қорының мол болып, «Вестник Европы», «Русский вестник», «Русская мысль», «Исторический вестник»
т.б. ресей мерзімді басылымдарын алып отырған сол замандағы Сібір кітапханаларының ішіндегі ең қоры бай кітапхана болғанын жазады.
Абай грек философы Платонның ой-пікірімен жақсы таныс болған. Ақын мезгілсіз дүние салған сүйікті баласы Әбдірахманның қазасынан кейін жазған

“Бермеген құлға, қайтесің...” деген өлеңінде бұл ажал ақылды Аплатон, Сократты да алған деп, өзін-өзі жұбатады.
...Гросс пен Михаэлис екеуі де Абай ауылында қонақта болып, оны орыс әдебиетімен таныстырды. Солардың ықпалымен Абай Пушкин, Лермонтов, Толстой, Тургенев, Салтыков-Щедрин, Достоевский, Белинский, Добролюбов, Писаревтің творчествосымен танысты...

Ә.Бөкейханов.
Орыс әдебиетін білуге, оны еркін игеруге ұмтылған Абай орыс ақын жазушыларының шығармаларын тек қана өнерпаздықтың, көркемдік шеберліктің үлгісі деп қараған жоқ, айналадағы қоғамдық өмірді терең танып-түсінудің таптырмас құралы деп санады.

З.Ахметов
“...екі ұлттың екі заңғар биігіне қарап отырамын да, таң-тамаша қаламын. Гетені оқысам, Абайды танығандай боламын. Абайды оқысам, Гетені танығандай боламын”.