Абай Құнанбайұлы (1845-1904)


Тоқтаров, Р. Абайдың жұмбағы: роман / Рамазан Тоқтаров.– Алматы: Қазақ университеті, 1999.– 750, [2] б



бет18/23
Дата07.10.2023
өлшемі4,92 Mb.
#184053
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
Абай
Отсканированные документы
Тоқтаров, Р. Абайдың жұмбағы: роман / Рамазан Тоқтаров.– Алматы: Қазақ университеті, 1999.– 750, [2] б.  
«Абайдың жұмбағы» – белгілі жазушы Рамазан Токтаровтың оныншы романы. Мұның алдында оның әр жылдарда «Бақыт», «Ертіс мұхитқа құяды», «Терістік шұғыласы», «Тұлпардың сыны», «Жердің үлгісі», «Ғасыр наны», «Сусамыр», «Таңбалы жарғақтың құпиясы» атты көлемді туындылары жарық көрді. Ұлы Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған бқл роман-хамсасында жазушы ақынның туғанынан бастап дүниеден өткеніне дейінгі тұтас бір дәуір панорамасы жасауды мақсат еткен.  

Оқу





Байғалиев, Б. Абай өмірбаяны архив деректерінде/ Бейсенбай Байғалиев; Репрессияға ұшыраған Қазақстан зиялыларының мұрасын зерттейтін «Арыс» қоры.– Алматы: Арыс, 2001.– 134 б.
Әдебиетші, мәдениет тарихын зерттеуші, архивтанушы, көне қазына білгірі марқұм Бейсенбай Байғалиевтің филология ғылымының кандитаты ғылым дәрежесін алу үшінидайындаған диссертациясын кітап ретінде ұсынып отырмыз. Абай Құнанбайұлының өмір жолына байланысты кей көлеңкелі тұстар мен күмәнді сауалдардың ақиқатын ашу-автордың мақсаты. Кітап ғалымдарға, студенттерге, әдебиет тарихына құмар оқырмандарға арналады.  

Оқу





Омаров, Д. Абайтану немесе ұлы ойшылдың руханикемелдену туралы ілімі: жалпы білім беретін мектептің 10-11 сыныптарына арн. оқу құралы / Досым Омаров.– Өңд., түзетілген 2-бас.– Алматы: Мектеп, 2002.– 215, [1] б.  
Бұл оқу құралында ұлы ойшылдың бүкіл болмысқа, дінге, Жоғары Жаратушыға, әлемнің жалпы заңдылықтарына деген өзіндік көзқарасы зерделенеді. Абайдың рухани мұрасының адамдарды, әсіресе жас ұрпақты имандылыққа, адамгершілікке, саналылыққа, яғни салауатты өмір сүруге тәрбиелеудегі баға жетпес маңыздылығына айрықша көңіл аударылады. Кітап мектеп оқушыларына, студенттерге және жалпы көпшілікке арналған.

Оқу





Әуезов, М.О. Абай жолы: роман-эпопея / Мұхтар Омарханұлы Әуезов.– Алматы: Жазушы, 2003.–3 кітап: Абай жолы.– 381, [3] б Роман-эпопея түпнұсқа бойынша түзетіліп, қалпына келтірілген басылымы бойынша жарияланып отыр.
М.Әуезовтің әлемге әйгілі роман-эпопеясы. «Абай жолы» – қазақтың көркем прозасын жоғары деңгейге көтеріп, әлем әдебиетіне биік эстетикалық талғам, көркемдік қуат әкелген үздік туынды. Әуезов өзінің роман-эпопеясында қазақ халқының, оның ұлттық дәстүрін барлық қырынан жан-жақты ашып көрсеткен. Қазақтың дана ұлы Абай образын, шығармалық және қайраткерлік тұлғасын сөз өнерінде өзгеше даралықпен сомдаған. «Абай жолы» роман-эпопеясына шетелдік қаламгерлер Луи Арагон, Н.Тихонов, Б.Матип т.б.жоғары баға береді.



Оқу







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет