Абай қҰнанбайұлының 175 жылдығына арналған «гуманитарлық ЖӘне қОҒамдық Ғылымдар: жетістіктер және мүмкіндіктер»


Материалдар және зерттеу әдістері



Pdf көрінісі
бет166/256
Дата08.02.2022
өлшемі3 Mb.
#120084
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   256
Байланысты:
sbornik-tezisov-07.10.2020g.

Материалдар және зерттеу әдістері. 
Зерттеу тақрыбы бойынша Абай Құнанбаевтың
әдеби шығармалырын оқып талқылап шолу жасадық. Біз Абай Құнанбаевтың өмірі мен 
шығармашылығымен бала кезден таныс болғандықтан, өзіміз
білетін ақпаратты да 
енгіздік. Сонымен қатар интернет желісіндегі ақпаратты толығымен қолдандық. Біз Абай 
Құнанбаевтың әдеби шығармалырын түсінікті етіп жүрекке орнықтырып оқу үшін Семей 
қаласындағы Абай атындағы кітапханада болдық.
Зерттеу нәтижелері. 
Ақын бойындағы ерекше қасиет 
– 
ғылым мен құдірет. Ғылым 
мен құдіретті қосып, «ақыл» деп, мейірім мен жүрек мәселесін қосып,
«рақым», 
үшіншісінде «әділет» деп алады. Осы үшеуі бойынан табылған адам адамгершілігі мол, 
кемел адам деп санаған. Қанағатшыл, рақымшыл, талапшыл, терең ойлайтын адамды 
толық адам деп санаған. Яғни, ақынның кез
-
келген өлеңін, қарасөзін алып қарасақ, 
барлығы да жастарға өнеге ретінде жазылғандай. Абайдың қырық бес қара сөздері, үш 
жүзден аса аудармасы бар, бірақ ақынның өлеңдерінің нақты саны жоқ. Қазіргі таңда Абай 
шығармалары отыз үш тілден аса тілге аударылған. Бұл дегеніміз Абай атамыздың 
шығармалары басқа шет елдерде де жастардың арасында қаншалықты танымал екенінің
белгісі.
Мысалы: Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін
Жоқ
-
барды, ертегіні термек үшін.
Көкірегі сезімді, тілі орамды,
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.
Яғни, осы өлең жолдары арқылы
-
ақ Хакім Абай жастарды тәрбиелеп келеді. 
«Көкірегі сезімді, тілі орамды» әрбір жас осы өлеңнен үлкен тәлім
-
тәрбие алады. 
Ескі ауылда жұрт санасына сіңіп, қалыптасып қалған: «Үлкеннің сөзіне қарсы 
келме», «Көпке топырақ шашпа» , «Жанашыр жақынның сөзін тастама» деген
сияқты жөн
-
жосықтардың ылғи ғылым пайдасына шығара бермейтінін білгендіктен, Абай оқудың 
жолына түсемін деген жастарға ерекше ескерту жасайды: «Білген адамның сөзіне шын 
ықыласыңмен ер, бір іске бекінсең алдымен ақылыңмен беріл, ожданыңмен сен» деп 
нығыздап аладыда: 
Ақсақал айтты, бай айтты,


113 
Кім болса, мейлі, сол айтты
Ақылменен жеңсеңіз,

деген үзілді
-
кесілді кесімін айтады.
Ақын болу кез
-
келген адамның қолынан келе бермейді. Өлеңді жүрекпен түсінетін, 
шымырлап бойға жайылатын тұщымды сөздер болу керек дейді.
Ұлы
ақын өз заманындағы жас ұрапақты имандылыққа, адамгершілікке, ғылым, 
білім үйренуге шақырады. Оны біз «Ғылым таппай мақтанба» атты өлеңінен көре аламыз.
Үш
-
ақ нәрсе адамның қасиеті:
Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек бір кеудеден табылса, онда ол адам толық 
адам. Яғни, жылы жүрек арқылы адам сүю мен ізгілікке барады. Бойында ізгілік 
қалыптасқан жас адамгершілігі бар, нағыз тәрбиелі болмақ.
Ақын шығармашылығында көп айтылатын ғылым
-
білім алдындағы ең бірінші 
тосқауыл 
– 
әрине надандық. Абай жастарды ғылым
-
білімге шақырған алғашқы 
өлеңдеріндегі көзқарасы кейін келе қалай өзгеріп, өрісі қалай кеңісе, соның кері ұғымы, 
надандыққа қатынасы: 
Басында ми жоқ,
Өзінде
ой жоқ
Күлкішіл кердең наданның.
Көп айтса көнді,
Жұрт айтса болды 

Әдеті
надан адамның.
Осындай кекті дерттен қоғамның өздігінен арыла алмайтынын білгендіктен, ақын 
біржола бел шешіп кіріседі.
Сондағы ақынның айтпағы, болашақ иесі 
– 
жастарға арналмақ.
Жастықтың оты қайдасың,
Жүректі түртіп қозғамай?
«Жастықтың оты жалындап», жас жүректе жанып тұрған албырт шақтарын бір 
естеріне салып өтеді.
Қайратпен
кіріп жалынбай,
Ақылмен тауып айласын.
«Мен қалайға салынбай,
Жылы жүзбен жайнасын»,

деп жастарды тағы бір желпіндіріп қойып, әрбір жастың жүрегіне бүгінге дейін 
жатталып қалған « Әсемпаз болма әр неге» атты әйгілі өсиеті ретінде жеткізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   256




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет