ӘОЖ 82(547.4)
АБАЙДЫҢ ЖАСТАРҒА ӨСИЕТІ
Мавлетова А.Е., Серікқызы А., Тұрсынғазина А.Ә.
Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к. Алина Г.М.
КеАҚ «Семей медицина университеті»
,
Семей қ. Қазақстан Республикасы
Өзектілігі.
Абайдың шығармаларына зер салсақ, оның үнемі елдің алға жылжуына,
өсіп
-
өркендеуіне шын ниетімен тілеулес болғанын, осы идеяны барынша дәріптегенін
байқаймыз. Ал ілгерілеудің негізі білім мен ғылымда екенін анық білеміз. Абай қазақтың
дамылсыз оқып
-
үйренгенін бар жан
-
тәнімен қалады. «Ғылым таппай мақтанба» деп,
білімді игермейінше, биіктердің бағына қоймайтынын айтты. Ол «Біз ғылымды сатып мал
іздемек емеспіз»,
–
деп тұжырымдап, керісінше, ел дәулетті болуы үшін ғылымды игеру
керектігіне назар аударды. Ұлы Абайдың «Пайда ойлама, ар ойла, Талап қыл артық білуге»
деген өнегелі өсиетін де осы тұрғыдан ұғынуымыз қажет.
Бұл тұжырымдар қазір де аса өзекті. Тіпті бұрынғыдан да зор маңызға ие болып
отыр. Себебі ХХІ ғасырдағы ғылымның мақсаты биікке ұмтылу, алысқа құлаш
сермеу
екенін көріп отырмыз.
Жұмыс мақсаты.
Біздің зерттеу мақсатымыз Абай атамыздың әдеби шығармалары
шынымен де жастарға арналған жолдауы ма? Олардың мән
-
мағынасы неде?
Жастар Абай Құнанбаевты қаншалықты таниды және де осы Абайдың
шығармалырының мән
мағынасы өздеріне арналғанын сезіне ме? Абай Құнанбаевтың тек
қазақ жерінде емес шет елдерде де танымалдылығын анықтау. Жастарға өзіміздің әдеби
шолуда ашып нақты айтып беру.
Достарыңызбен бөлісу: |