Өзектілігі:
қазақ халқы үшін де сондай қайталанбас дара тұлға, қазақ елінің
ұлттық мақтанышына айналған, қасиетті қазақ жерінде,ер Түріктің алтын
бесігі,адамзаттың алтын қазығы болған Алтайда, арайлап таң ататын, шұғылалы
Шығыстың топырағында дүниеге келген, ат төбеліндей қазақ жұртын күллі әлемге
танытқан, қара өлеңнін патшасы атанған, ақын, сазгер, ғұлама дана
–
Абай атамыз. Ол
өзінің қайталанбас талантымен қазақ жазба
-
ауыз әдебиетінің негізін салып қана
қоймай, сонымен қатар өзінің қаламгерлік шеберлігінің арқасында барша қазақ жұртын
тәрбиелеп, болашаққа жол бастаған саяси қайраткер, адалдық пен ақиқатты өзінің туы
етіп желбіреткен нағыз халық жанашыры болды. Абай
–
қазақ халқының ұлттық
мақтанышы. Өйткені әлемдік деңгейге сай өз халқының ұлттық санасын оятып, оны
қалыптастырды.
Абай өз халқын өсуге, дамуға жетелейтін
жолды іздеді. Жастардағы надандықты
тәрбие мен оқу
–
білім беру арқылы жоюды қалады. Ол үшін қазақ даласында көптеп
мектептер салуды дұрыс деп санады, тіпті қыз балалардың да мектепке барып, білім
алуын жақтады. Ақын мұның бәрін әрине өзінің поэзиясы арқылы жеткізіп отырды.
Абайдың қай өлеңін, қай қара сөзін алып қарасақ та, астары терең ойынан
адамгершілікке тән асыл қасиеттердің кімді де болсын рухани жағынан байытып,
болашаққа деген құштарлыққа ұмтылдырады, саналыққа тәрбиелейді.
Оның
шығармашылығының түп
-
негізі «Адам бол» деген философиялық тұжырымға дәлме
–
дәл келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |